Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2742 0 пікір 1 Шілде, 2009 сағат 20:51

ШОБ-ті тексеруге тиым салу туралы 1-ші шілдеде аяқталған мораторий алдына қойыған мақсаттарды шешпеді

Алматы. 1 шілде. ҚазТАГ – Ақжол Сәдешов. Шағын және орта бизнесті тексеруге тиым салу туралы 1-ші шілдеде аяқталған мораторий оның алдына қойылған мақсаттарды шешпеді. Сәрсенбі күні ҚазТАГ тілшісіне Кәсіпкерлердің тәуелсіз ассоциациясының (КТА) вице-президенті Тимур Назханов осындай пікір айтты.

«Бизнес күрделі кезеңді бастан кешіріп отыр, сондықтан мораторий қандай да демалыс берді. Бірақ ол проблемаларды шешті деп айтуға болмайды. Себебі тексеріс тәртібін халықаралық стандарттарға сай реттейтін заң әлі қабылнадған жоқ», - деді ол.

«Халықаралық тәжірибеге қарасақ, онда, кейбір елдерде кәсіпорындарды тексере алатын 3-4 меморгандар ғана бар. Ал бізде 28 меморган мен олардың барлық территориялық бөлімшелері тексере алады. Әрбір меморганның өзіндік тексеру тәртібі мен нормасы бар», - дейді КТА вице-президенті. 

Оның пікірінше, тексеретін меморгандардың көптігі, сондай-ақ  ШОБ-ті тексеру ережелері мен процедураларының көптігі жемқорлықтың дамуына қолайлы жағдай жасайды.

«Кәсіпкер оларды меморгандары тексергенде ешқашан өзінің міндеттерін, не істеу керектігін білмейді. Сондықтан ол барлық кезде айыпты болып қалады да, оған айып пұл салады. Демек, бұл жемқорлыққа жақсы негіз. Себебі бизнес әр кез осындай айыппұл төлейтін болса, онда ол ертең-ақ жабылып қалады. Сондықтан ол, тексерушімен айыппұл мөлшерін азайту үшін келісуіне тура келеді», - дейді Т. Назханов.

«Демек, меморгандар осының есебінен күн көреді. Ал бұл – орасан зор шығын. Біздің зерттеуіміз бойынша, мемлекет бір жылда тексеріс жүргізуге 2,6 млрд теңге жұмсайды. Ал бизнес, әр жылы ең аз дегенде 20 млн доллар жоғалтады», - деп атап өтті ол.

Алдын хабарланғандай, шағын және орта кәсіпкерлік нысандарын тексеруге тиым салған мораторий ары қарай ұзартылмайды. Бұл туралы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев сәуір айында Алматы әкімдігіндегі қаланы дамытуға арналған кеңесте мәлім етті. Сол кезде мемлекет басшысы: «Мен 1-ші маусымда мораторийді алып тастаймын. Ол кезге дейін сіздер (Алматы әкімдігі – ҚазТАГ) шағын және орта бизнеске жұмыс істеулері үшін қолайлы болуына дайындалуларыңыз керек», - деп айтқан болатын.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5349