Сарыарқаны жайлаған аштық...
(Жалғасы, алғашқы бөлімі)
Ақпан айында Қазақстанның аштық жайлаған солтүстік өңірінде жағдай тіпті асқынып кетті. Күн суытты. Жер-жерден үрейлі хабарлар келіп жатыр. Аштық пен ажал ара-нын ашып, Қазақстанның солтүстігінен, орталыққа қарай жылжи тарап барады. Оны тоқтатар күш жоқ сияқты.
«Көкшетау уезіндегі 65 болыста ашарықтар саны 150 мың адамға жетті, оның ішінде 130304 адам мүлде аш. Әсіресе қазақ болыстары қатты күйзеліс үстінде»[19]. Аштар қайыңның қабығын, қарағайдың мүгін, тіпті ұн араласқан топырақты талғажау қылуға мәжбүр. «Атбасар уезінде арам өлген малдардың терісін, сүйегін кеміруде»[20]. Іш сүзегі індеті жаппай таралуда, дәрігерлік көмек туралы айтуға да болмайды.
Атбасар уезіндегі Бағаналы болысының қазақтары оңтүстікке, Түркістан өлкесіне ауа көшіп жатқаны туралы мағлұмат та осында. Олар қазіргі әкімшілік бөлісі бойынша Қарағанда облысына қарайтын Ұлытау өңірі, Сарысу өзенінің бойындағы наймандар, тарақты рулары болатын.
«Еңбекші қазақ» газетінің бетінде 1922 жылғы 21-ақпанда басылған мақаласында Ғаббас Тоғжанов былай деп жазды: «Бұрын қазақтың үйінде мамыражай тыныштық болатын, қымыз сапырылып, қазан қайнап, дастарханынан сарыла тұздықты қазы-қарта кетпеуші еді. Табын-табын жылқы, келе-келе түйе, мыңғырған қой мен сиыр даланың сәнін кіргізуші еді… Енді қазір қазақ сорлының азығы шөп-салам, құрт-құмырсқа болды. Олар иттің етін, тышқанды азық қылып отыр…»
Ақмола губерниялық «Мир труда» газеті күн сайын аштыққа ұшыраған халықтың жағдайын айнадағыдай көрсетіп отырды. Тіпті, адам етін жеу көбейіп бара жатқан соң, Орынбордан Петропавлға келген жеделхаттың түрі мынадай:
«Аштыққа ұшыраған аудандарда кісі етін жеу фактілері кездесіп отырғандықтан, оған жол бермеу үшін НКВД мұндай адамдарды сотқа тартпай, әкімшілік жаза бермей-ақ қоюды ұсынады. Кісі етін жейтіндер ақыл-есі дұрыс емес деп танылып, жеке қамалсын, олардың есін осылай жиғызу керек».
1922 жылғы 30-қыркүйектегі мәлімет бойынша Ақмола уезінде ашарық ретінде 128698 , Көкшетау уезінде 20083, Атбасар уезінде 14585 адам тіркелген. Осы мерзімге дейін Ресей жақтан өз бетімен келген 10 мың босқын бұрынғы тұрған жеріне қайтарылды.
Жағдайды осындай шиеленіскеніне қарамастан, деп атап көрсетілді, тағы бір құжатта: «Орталық (Мәскеудегі үкімет билігі.-З.Т.) өзіміздің Ақмола губерниясындағы жергілікті халықтың аштан қырылып жатқанын мойындамай, үнемі қысым көрсетіп келеді. Орталықтың нұсқауы бойынша Орынборға бес мың пұт, Башқұрт Республикасына бір мың пұт астық жөнелтілді.
1922 жылдың алғашқы үш айында шамамен есептегеннің өзінде 440 мыңнан аса адам аштыққа ұшыраған»[21].
* * *
Жоғарыда тәптіштеп көрсеткеніміздей, Мұхтар Әуезовтің орасан қуат жұмсап, мемлекеттік деңгейде қабылданған шешімнің нәтижесінде Орынбордан губернияларға өкілдер шықты. 1922 жылғы мамырдың басында ҚОАК төтенше өкілі ретінде Мұхтар Әуезов Семейге жүріп кетті. Мамырдың 5-күні Ақмола губерниясының орталығы Қызылжарға Қияқов деген қызметкер төтенше өкіл болып келді.
Сол күні аштыққа қарсы күрес жөнінде губерниялық төтенше комиссияның мәжілісі болды. Мәжілісте уездер бойынша қалыптасқан жағдай сараланды. Көкшетау, Атбасар, Петропавл уездерінде, Атбасар мен Ақмола қалалары маңайында орналасқан қазақ ауылдарының қиын жағдайы тұңғыш рет баса көрсетілді. Тұңғыш рет деп отырғанымыз, осы комиссияның архивте сақталған бүкіл іс-қағаздарын қарап шыққанымызда, бұл аймақтың аштық тауқыметін өзгелерден гөрі көп тартып отырғаны бұрын айтылмайтын.
Қабылданған қаулының 5-ші бабында ПОМГОЛ комиссиясының құрамына қазақтардан адам кіргізу туралы Мағжан Жұмабаевтың өзі ұсыныс енгізгені көрінеді. Бұл ұсыныс қабыл алынып, М.Жұмабаев аштыққа қарсы күрес комиссиясы төрағасының орынбасары болып бекітіледі[22].
Мағжан өміріндегі аса бір бедерлі белес, оның қайраткерлігін айғақтайтын кезең, бірақ бұрын зерттеліп, қағазға түспеген осы қызметін уақыт тізбегі түрінде көрсетейік:
Сол күні М.Жұмабаев Қостанай губкомының өкілдері ретінде Любимов пен Клочковты Семей губерниясына іс-сапар-ға жіберу қағазына қол қояды.
Ертеңіне, яғни мамырдың 6-күні Иван Михайлович Бебен мен Георгий Елисеевич Сальниковты Петропавл уезі Вознесен болысы Надежда поселкесінің өкілдері ретінде Ақмола уезіне мал мен астық жинауға жіберіп, мандаттарына қол қояды.
Мамырдың 22-күні Биғозин Ғалымның Атбасар уезіне өкіл болып баратын мандатына қол қояды.
1922 жылғы 9-маусым күні ПОМГОЛ төрағасының орынбасары Жұмабаев губерниялық әскери комиссар Приморскийге қазақтың 100 жетім баласын және мүмкін болғанша орыс бала-ларын қамқорлыққа алуды сұрап, хат жолдайды.
1922 жылғы 11-маусым күні Мағжан «Мир труда» газетіне мақала жазып, қазақ даласындағы аштықтың тұтас ұлтқа қатер төндіріп отырғанын көрсетіп, орыс тілді қауымға ащы шындықты жайып тастайды. Мағжанның ой жүйесінен хабар беретін, қарасөздегі қалам-қайратын көрсететін бұл мақаланы тұтас келтірдік.
Голод в Сары-арке
«Воды Волги покрытая льдом, всем будет путь через нее. Если умрет хан Волги, мудрейший Едиге, умрет все живое на свете», так гласит историческая пословица киргизского народа. Злая воля истории веками хранила эту пословицу в памяти Кир-гизского народа, как будто для того, чтобы лишний раз доказать, что судьба киргизской Желтой Равнины – Сары-Арки на веки связаны с судьбой многоводной Волги.
Родившийся на берегах Волги царь-голод, опустошив ее цветущие долины, давно уже достиг к молчаливой Сары-Арке. Большая часть киргизского народа, население Оренбургской, Букеевской, Актюбинской, Уральской и Кустанайской губерний давно уже изнемогают в неравной борьбе с немым царем-голо-дом. В тех губерниях уже два года киргизы вместо любимой кобылятины, едят мышей и собак, а вместо «белого» кумызу пьют воду вонючих колодцев и луж. Там киргизы белые и бледные, как тени бродят по беспредельной желтой равнине и ловят сусликов, а суслики ловят их. В тех губерниях, уничтожив почти весь скот, заставив людей высоко разборчивых в пище, киргиз ест грязных животных и даже друг друга, беспощадный враг голод безшумно вошел и в нашу губернию.
С осени 1921 года наша Акмолинская губерния сделалась ареной смертного шествия немого царя. С тех пор киргизы нашей губернии на почве голода переживают те же испытанья и страданья, каковым в течение двух лет подвергнуты их братья в верхних губер-ниях Киргизской Республики.
Передо мной лежат оффициальные отношения нескольких Киргизских волисполкомов Петропавловского и Кокчетавского уездов. Именалинский волисполком пишет: «В нашей волости голод начал сильно чувствоваться с ноября 1921 года. Все бедное население волости до осени, сьев весь свой скот, всю зиму поголовно занималось скотокрадством. Небывалый джут прошлой зимы скосил почти весь скот, каковой сократился до 70 процентов. Люди пухнут и умирают. С ноября по май месяц волис-полкомом зарегистрировано 270 случаев голодной смерти…». Сарайгырский волисполком пишет: «С января по май месяц зарегистрировано 72 случая голодной смерти. Голод все возрас-тает. Масса скота погибла от апрельской ледяной бури. Чрезмерно усиливается скотокрадство.
Мугаллим 26-ой киргизской школы товарищ Избасаров о положении аула Байгабул, находящегося в 18-ти верстах от Петропавловска, пишет следующее:
«Аул Байгабыл состоит из 40 кибиток жатаков-бедняков. Джутом прошлой зимы хозяйтсво их окончательно разрушено. За зиму от голодной смерти умерло 17 человек. В хозяйстве в настоящее время не имеет ни одной головы скота. Многие пришли в город и бродят нищими по улицам…»
Из Баимбетской и Айыртавской волостей Кокчетавского уезда сообщают почти тоже самое.
А из Акмолинского и Атбасарского уездов пока никаких сведений не имеется. Только недавно в ташкентской газете «Ак жол» мне удалось видеть сообщение, где две киргизских волости Акмолинского уезда, Чуйского района перекочевали в Аулие-атинский, Чимкентский и Туркестанский уезды Туркестанской Республики.
Я думаю, что эти выписки безусловно могут засвидетельствовать степень бедственного положения киргиз нашей губер-нии. Словом, кроме одной Семипалатинской губернии вся Киргизская Сары-Арка от Каспийского моря до Иртыша находится во власти голода. Разрушаются хозяйства, уничтожается скот и не будет преувелечением, если скажем – вымирает несколько миллионный Киргизский народ.
Однако, многие ли знают об этом? К сожалению, знают не многие и знают непростительно мало. Причина такого незнания кроется в следующем. В прошлом году, как только постигло бедствие Поволжья заволновалась вся Россия. Широкошумная Волга заставила зашуметь всю страну. Ибо, во-первых, Волга – ближе к центру, во-вторых, население Поволжья гораздо культурнее чем киргизы. А, культурный человек, всегда сумеет заставить других услышать свой голос. Напротив, молчаливая Сары-Арка покорно приняв царя — голода, ведет с ним безмолвную борьбу и безмолвно и безропотно умирает в этой неравной борьбе.
Криклив и суетлив человек голода, что он не замечает тихой смерти сына Сары-Арки. Шумлив город культурного человека, что он своим шумом заглушает тихий стон Сары-Арки. Вот одна из причин незнания русского общества об ужасах голода в киргизской степи.
Словом, каких бы то причин не было, но факт остается фактом. На почве голода разрушается киргизские хозяйства и сам народ подвергнут нравственному разложению.
Этими словами я вовсе не хочу сказать, что голод в Сары-Арке сильнее чем на Поволжье. Это было бы совершенно несоответствующим истине преувеличением. Я хочу сказать только следующее: Молчание Сары-Арки вовсе не дает право признать ее спокойной и сытой.
Пора же отказаться от старого взгляда Екатеринских вре-мен на Сары-Арку, как на сказочную Киргиз-кайсацкую орду, как край, «где все обилием дышит», где кумыз льется рекой и где копченое мясо под открытом небом завялено горой.
Пора услышать стон Сары-Арки и понять полное страданий жуткое молчание киргизского народа.
Магжан.
11 июня 1922 года.
Біздің қазақшалығынымыз мынау:
Сарыарқадағы аштық
«Еділ тоңса, кім кешпес? Едіге өлсе, кім келмес? Әзір Еділ тоңбайды, әзір Едіге өлмейді, Еділдің ханы Едіге өлсе күн сөнеді, ай тұтылады».
Тарих тереңінен ұмытылмай келе жатқан осы бір қанатты тіркестер қазақ халқының тағдырында Еділдің қандай орын алатынын, қазақтың Сарыарқасы мен мол сулы Еділ дариясының үзілмес байланысын көрсетеді. Еділ жағасында басталған алапат аштық алып өзеннің алабындағы қалың елді жайпап, Сарыарқаның маң даласына келіп жеткелі де бірталай болды. Қазақтың тұтас өңірі Орынбор мен Бөкейлік, Ақтөбе мен Орал, Қостанай губернияларындағы қазақ ауылдары аранын ашқан аштықпен алысып, діңкесі құрыды. Бұл елдердің бір кезде қазы мен қарта шайнаған қазақтары тышқан аулап, иттің етін азық қылатын жағдайға жетті, сапырылған сары қымыз көзден бір-бір ұшып, құрттап кеткен құдықтың, сасыған шалшықтың борсыған суымен сусындауда.
Өңсіз-түссіз, өңінен қаны қашқан тірі аруақтар шетсіз-шексіз далаға қаңғып кетті, олар саршұнақ аулап, әлі біткен жерде құлап жатыр, сол саршұнақтарға өздері де жем болуда. Тамақты таңдап, талғап ішетін қазақ малдан жұрдай болып, өлексеге таласуда. Бірінің етін бірі жеуден тайынбайды. Аранын ашқан аштық ақырын жылжып, біздің губернияның шебіне кірді.
1921 жылдың күзінен біздің Ақмола губерниясы аштық-тың қанды шеңгеліне ілікті. Екі жылдан бері жоғарыда айтылған губерниялардағы бауырларымыздың басындағы қасірет бізге де келді. Менің алдымда Петропавл және Көкшетау уездеріндегі қазақ болыстарынан келген ресми хабарлар жатыр. Еменәлы болысының төрағасы жазады: «Біздің болыста аштық 1921 жылдың қарашасына қарай тіпті асқынып кетті. Күзге дейін тігерге тұяғы қалмаған халық ұрлыққа бет қойды. Былтырғы алапат жұттан малдың үштен екісі қырылып қалған болатын. Адамдар ісіп-кеуіп өліп жатыр. Қарашаның қысынан мамыр, көктемге дейін 270 адамның аштан өлгенін қағаздадық…»
Сарыайғыр болысынан: «Қаңтардан мамырға дейін 72 адам өлді, аштық күннен-күнге қысып барады. Сәуірдің сары аязында қалған мал қырылды. Ұрлық белең алып кетті».
26-қазақ мектебінің мұғалімі Ізбасаров Петропавлдан 18 шақырым жердегі Байғабыл ауылының жайы туралы былай деп жазыпты: «Байғабылда 40 шақты түндік кедей-жатақ бар еді, былтырғы жұт оларды тұралатып кетті. Бір қыста 17 адам аштан өлді. Малсыз ауылдың адамдары босып қалаға кетті, қаңғып жүріп көшеде өліп жатыр…»
Көкшетау уезінің Бәйімбет және Айыртау болыстарынан да осындай суық хабар алып отырмыз.
Ақмола және Атбасар уездерінен әзір хабар жоқ. Тек таяуда Ташкенттің «Ақ жол» газетінде Ақмола уезі Шу ауданының екі қазақ болысы Түркістан республикасының Әулиеата, Шымкент және Түркістан уездеріне тік көтеріліп ауып келді деген ақпар басылды.
Осы айтылғандардың өзі-ақ қырдағы қазақтардың қайғылы халін көрсетеді. Жалғыз Семей губерниясын қоспағанда Каспий-ден Ертіске дейінгі аралықтағы бүкіл Сарыарқа өңірі аштыққа ұшырап отыр. Мал қырылып, елдің берекесі кетті, бұлай бола берсе, бірнеше миллион қазақ құрып бітер күн де алыс емес. Алайда, осы жағдайды басқа жұрт біле ме? Өкінішке қарай қалың қауым нақты жағдайды білмейді.
Ал, енді осындай қанды қырғынның себебі неде? Былтыр, Еділ бойы ашыққанда бүкіл Ресей дабыл қақты. Кең арналы Еділ бүкіл елді дүр сілкіндірді. Өйткені, Еділ орталыққа жақын, екіншіден, Еділ бойы халқының қазақтардан гөрі көзі ашық, әлбетте, мәдениетті халық басқаларға өз сөзін тыңдата алады. Ал, бұған керісінше, қасіретке мойын ұсынып, үн шығармай жатқан Сарыарқа, сол аштықпен арпалысуда, қауқары біткен соң жеңіліп, тұяқ серіппей жан тапсыруда.
Аштық қабырғаға батқанда адамның есі кетеді, шырқырап жан даусы шығады, осындай кезде басқалар Сарыарқа ұлының ыңырсып қана жан тәсілім бергенін байқамайды. Мәдениетті қала адамы айқай-шу көтеруге бейім, ол өзінің осы шуымен Сарыарқаның әлсіз ғана ыңқылын басып кетеді, естіртпейді. Міне, қазақ даласындағы аштық сұмдығын орыс жұртшылығы білмеуінің бір себебі осында.
Әйтеуір, қандай себеп болса да, нақты жағдай осындай, басқаша емес. Аштықтың ауыртпалығынан ауыл құрып барады, ал қазақ халқы адамдық бейнесінен ада болуда.
Мен бұл сөздерді жазғанда Сарыарқадағы аштық Еділ бойындағыдан да алапат дегім келмейді, деген болсам, ақиқаттан аттаған болар едім. Айтпағым мынау ғана: Сарыарқа дабыл қақ-паса, ол тойғандықтан, немесе жаны жай тапқандықтан емес.
Байлыққа бөккен, қырғыз-қайсақтың берекелі, Екатерина заманындағы, жиделібайсын өлкесі деп қарамайық оған. Сары қымызы өзендей сарқыраған, сүрленген еті тау-тау болып үйіліп жататын Сарыарқа жоқ.
Сарыарқаның жан күйзелісіне құлақ салып, қазақ халқының ауыр ыңырсыған, азалы үнсіздігін түсінетін кез келді.
Мағжан
11-шілде, 1922 жыл
Мағжанның Көкшетауға іссапары. 1922 жылғы 23-маусым күні Аштықпен күрес жөніндегі губерниялық төтенше комиссияның мәжілісінде Мағжан сөйлейді: «Петропавл станциясында 1500 ашарық жүр, олар елдеріне қайтқысы келеді. Осыларды қосқанда таяу арада 5000 адамды қайтару керек. Олардың құжаттарын тексеру жөнінде сөз қозғалмасын».
1922 жылғы 1-шілде. «Аштықпен күрес жөніндегі Ақмола губерниялық төтенше комиссиясы төрағасының орынбасары Мағжан Бекенұлы Жұмабаев аштарға көмек көрсету үшін Петропавл және Көкшетау уездеріне жіберілді.
М.Жұмабаевқа аштарға көмектесу жөнінде жұртшылық арасында үгіт-түсінік жұмыстарын жүргізу үшін қазақ қызметкерлерін, ақсақалдарды пайдалану құқы беріледі.
ҚОАК және ЦЧКГ төтенше өкілі Қияқов».
Сол күні М.Жұмабаев пен Қияқов Петропавлдан Көкшетауға қарай салт атпен шығып кетеді[24]. Қазақ ауылдарын 50 күн бойы аралап, жағдаймен танысып, аштарға көмек көрсету жө-нінде нақты шараларды ұйымдастырады.
Шілденің 14 күні Мағжан Көкшетау уездік атқару комитеті шақырған жиналысқа қатысады. Жанында еріп барған молла Ғалиасқар Айтқожинді Ақсары, Қотыркөл, Шығыс, Жауар, Көк-сеңгір болыстарына жібереді.
1922 жылдың 29-тамызында Қияқов та Петропавлға қайтып келеді.
Бұл сапардағы жұмыстары жөнінде Мағжан Жұмабаев орыс тілінде арнайы есеп-баяндама жасап тапсырған. Бұл – Мағ-жанның осы қызметтегі аты аталатын және Петропавлда жазған соңғы құжат. Ұлы ойшыл ақынның қалам қарымын, мінсіз сауаты мен шексіз ой-өрісін тағы да айғақтайтын өзіндік қолтаңбасы қолымызда.
В Акмолгубчрезкомпомгол
Доклад
1 июля выехал из П-Павловска вместе с тов. Кияковым. На меня было возложено произвести прикрепление в голодающих киргизских районах Кокчетавского и Петропавловского уездов, сбор продовольственных пожертвований в благополучных райо-нах и налаживание работ Кокчетавского укомпомгола.
9 июля приехали в Кокчетав, откуда тов. Кияков отправился в Атбасар и Акмолинск для вышеуказанных работ. 14 июля мною проведено внеочередное пленарное заседание, где между прочим постановили – немедленно приступить к сбору пожертвований среди кирнаселения придерживаясь принципа по одной голове крупскота с каждого администартивного аула и 1/3 сбора препроводить в П-Павловск в распоряжение губпомгола, а 2/3 сбора распределять на местах среди голодающего населения, а так же срочно организовать в Кокчетаве дом для киргизских детей.
16 июля выехал в голодные западные волости Кокчетавского уезда для ознакомления с положением на местах и производства прикрепления. Был в Чунгурчинской, Карачинской, Мезгильской и Айыртавской волостях. Положение населения в выше указанных волостях действительно было катастрофическое. 90% населения питалось ягодами. Был очевидцем многих заболеваний на почве голода. Побыв 10-11 дней в вышеуказанных волостях я употребил все силы на прикрепление, каковое мною произведено довольно удовлетворительно по принципу из 5 дойных коров и кобыл одну голову передавали голодающим семьям на временное пользование т.е. до зимы.
Кстати, необходимо указать, что взымание маслоничного налога крайне обезсилило голодное население. Например, хозяйство из 10 душ, питающееся молоком одной коровы, и оно принуждено было сдать налог, само на целый месяц буквально нищенствовало.
Закончив прикрепление, к концу июля обратно приехал в Кокчетав, откуда вместе с членом укомпомгола, уездным мухтасибом тов. Айтхожиным выехал в восточные благополучные волости.
Был в Кокчетавской и Котуркульской волостях. Население на мой призыв о помощи отзывалось весьма сочувственно. Население двух волостей пожертвовало 70 голов крупного и мелкого скота и 150 штук разных кож.
Я дав полномочие мухтасибу Айтхожину согласно постановления укомпомгола 2/3 всего сбора представить в Кокчетав для распределения между гол.населением западных волостей, а 1/3 немедленно представить в П-Павловск, каковая часть на днях безусловно будет представлена сюда.
Мухтасиб Айтхожин по моему распоряжению поехал дальше в Аксаринскую, Джаварскую и Восточную волости для отправки в Кокчетав и Петропавловск собранный в вышеназванных волостях скот.
На обратном пути в П-Павловск я вместе с уполномоченным губпомгола тов. Жакуповым был в Жамантузской, Турангольской волостях П-Павловского уезда. Население этих волостей полуголодает. Однако, более зажиточная часть населения на мой призыв о помощи отозвалась весьма охотно.
Тайнчинская волость пожертвовала 20 голов крупскота и 20 кож, Жамантузская волость 20 гол. крупскота и 25 кож. Туранская волость 7 г. крупскота и 5 кож.
Мною дано распоряжение тов. Жакупову весь этот сбор распределить между голнаселением по удостоверению волисполкомов и волкомитетов взаимопомощи.
Организация сбора в 4-х волостях Петропавловского уезда закончилась 15 августа.
17 августа прибыл в город Петропавловск[25].
ЗампредАкмолгубчрезкомпомгола
М.Жумабаев.
г. Петропавловск, 20 августа 1922 года.
Құжатты түпнұсқа тілінде ұсына отырып, оның мәтінін қазақшалауды да жөн көрдік.
Баяннама
Шілденің 1-күні Қияқов жолдас екеуіміз Петропавлдан аттанып кеттік. Маған Көкшетау және Петропавл уездеріндегі қазақ ауылдарын аралап, аштыққа ұшыраған қазақтар үшін малы бар аймақтардан азық-түлік жинап, тарату және Көкшетау уездік аштарға көмек комиссиясының жұмысын жолға қою тапсырылған болатын.
Шілденің 9-күні Көкшетауға келдік. Қияқов жолдас сол жерден Атбасар арқылы Ақмолаға жүріп кетті. 14-шілде күні Көкшетауда кезектен тыс жалпы жиналыс өткізіп, жағдайды талқыладық. Қазақ ауылдарынан аштарға арнап жылу жинауға шұғыл кірісу туралы қаулы алынды. Әрбір әкімшілік ауылдан 1 ірі қарадан жинап, жиналған мал мен азық-түліктің үштен-бір бөлігін Петропавлға, губерниялық комиссияның құзырына жі-беруге, қалған үштен-екі бөлігін сол жердегі аштарға үлестіріп беруге ұйғарылды. Сондай-ақ, Көкшетау қаласында жетім қал-ған қазақ балалары үшін арнайы мекеме
ұйымдастыруға келісілді.
16-шілде күні жер-жердегі жағдайлармен танысу үшін және ашарықтарға көмек жасау үшін Шұңғыршы, Қарашы, Мезгіл және Айыртау болыстарына жүріп кеттім. Бұл аталған болыстардағы жағдай, шынында, жан шошырлық екен. Халықтың 90 проценті дала кезіп,жабайы жидек теріп, қоректенуде. Аштықтан дертке ұшыраған көп адамдарды көрдім. Аталған болыстарда 10-11 күндей жүріп, аштарға көмек көрсетуге күш салдым. Бес сиыры мен жылқысы барлардың бір малын алып, малы жоқтарға таратып, уақытша, қысқа дейін сауып, жүрек жалғайтындай жасадым.
Реті келіп тұрғанда, көрсетпесем болмайды, аштыққа ұшыраған отбасыларға салынған май салығы оларды мүлде тұралатып кетіпті. Мысалы, он жаны бар отбасы жалғыз сиырға қарап отырса да, салық түрінде май өткізуге міндеттелген, сөйтіп жаңағы он адам қайыршылыққа ұшыраған.
Аштарға азық үлестіріп, шілденің аяғына қарай Көкшетауға келдім де, уездік комиссияның мүшесі мұхтасип Айтқожин жолдасты ертіп, аштыққа ұшырай қоймаған шығыс өңірге аттанып кеттім. Көкшетау және Қотыркөл болыстарында болдым, жұртшылық аштарға көмек көрсету жөнінде менің сөздеріме қалтқысыз құлақ түрді. Осы екі болыстың халқы жылу ретінде ірілі-уақты жетпіс мал берді, жүз елу дана мал терісін жинады.
Укомпомголдың қаулысына сәйкес, жиналған малдың үштен-екі бөлігін Көкшетауға жеткізіп, аштыққа ұшыраған батыс болыстарға тарату және қалған үштен-бір бөлігін Петропавлға айдап әкелу жөнінде мұхтасип Айтқожинға тапсырма бердім, бұл мал таяуда келіп те қалар. Айтқожин менің жұмсауыммен Ақсары, Жауар және Шығыс болыстарына жүріп кеткен. Сол жақтан мал жинап, Көкшетау мен Петропавлға жібереді.
Петропавлға қайтар жолда губпомгол өкілі Жақыпов жолдаспен бірге Петропавл уезінің Жамантұз және Тереңкөл болыстарында болдым. Бұл болыстардың халқы аштыққа жартылай ұшыраған. Дегенмен, аз-кем малы барлар менің айтқанымды екі етпей, аштарға көмек көрсетуде.
Тайынша болысынан 20 ірі қара мен 20 тері, Жамантұз болысынан 20 ірі қара және 25 тері, Тұран болысынан 7 ірі қара мен 5 тері жиналды. ( Кепкен мал терісі де адамдарға азық болған.Астағфиралла!-З.Т.) Менің нұсқауыммен, Жақыпов жолдас бұл малдардың бәрін болыстық атқару комитетімен келісе отырып, ашарықтарға таратып берді. Петропавл уезіндегі 4 болыста мал жинау 15 тамызда аяқталды.
17-тамыз күні Петропавл қаласына келдім.
Аштарға көмек жөніндегі губерниялық төтенше комиссия төрағасының орынбасары М.Жұмабаев.
Петропавл қаласы, 1922 жылғы 20-тамыз.
Мағжан Жұмабаевтың бұл баяндамасы бір жарым айға жуық мерзім бойы қаралмай жатып, 1922 жылғы 13-қазанда губпомгол комиссиясы мәжілісінің күн тәртібіне енгізілді. Дәлірек айтқанда хаттамада жазылғандай: «Доклад зам. Предгубсовпомгола т. Джумабаева о поездке по Кокчетавскому и Петропавловскому уездам. Одобрено». Бұл жиналысқа Мағжанның өзі қатыспаған.
Тек бір анығы – сол күні аштықпен күрес жөніндегі төтенше комиссия басқаша құрылып, «Аштықтың зардаптарын жою жөніндегі комиссия» болып аталған. Бірақ жаңа комиссияның құрамында Мағжан Жұмабаев жоқ. Соның алдында ғана губерниялық «Мир труда» газетіне Сабыр Шариповтің атынан жарияланған жала мақалаға байланысты өз келешегінен күдер үзіп, қайран ақын Қызылжардан бой тасалап кетіп, Ташкенттегі Әуезовтерге барып қосылған болатын…
Пайдаланылған дебиеттер
1 Солтүстік ҚазақстанОблыстық мемлекеттік мұрағаты — СҚО ММ. 1482-қор, 1-тізім, 75-іс, 63-бет.
2 ЦГАОР. 1943-қор, 1-тізбе, 789-іс, 326-бет.
3Горвиц Б. Г. СКО в 1917-1957гг. С. 52-53.
4 СҚОММ. 53-қор, 3-тізбе, 3-іс, 53-бет.
5Сонда. 889-қор, 2-тізбе, 1-іс, 46-бет.
6 С.Мұқанов. Өмір мектебі. 2-кітап, 344-бет.
7 Сонда, 343-бет.
8Сонда, 343-бет.
9 Сонда, 345-бет.
10Сонда 349-бет.
11Сонда, 352-бет.
12СҚОММ. 53-қор, 3-тізбе, 3-іс, 92-бет.
13Сонда. 41-қор, 1-тізбе, 1-іс, 5-бет.
14Сонда, 22-бет.
15Сонда, 33-бет.
16 Сонда, 1616-қор, 1-іс, 2-тізбе, 2-бет.
17Сонда, 9-бет.
18 Сонда, 1916-қор, 1-іс, 2-тізбе, 41-бет
19 Сонда 55-қор, 3-тізбе, 36-іс, 11-бет.
20 Сонда, 1616-қор, 1-тізбе, 1-іс, 33-бет.
21Сонда.
22Сонда, 29-56-беттер.
23 Сонда 41-қор, 1-тізбе, 10-іс, 20-23 беттер.
24Сонда, 1616-қор, 1-тізбе, 2-іс, 26-бет.
25 Сонда
Зарқын Тайшыбай,
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры, Этномәдени ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі
Abai.kz