Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2565 0 пікір 10 Сәуір, 2012 сағат 12:43

Айқын ТӨЛЕПБЕРГЕН: ҚАЗАҚЫ ӘНШІЛЕРДІҢ ТАБЫСЫ КӨП

 

- Жақында сіздің «Таңым» деген әнге клипіңіз шықты. «Әр атқан таңым әкеледі шаттықты, Ілінген көзің тәтті, Созғым келед бұл сәтті, Мәңгі» деп келеді. Сөздері жасанды, қырық жамау секілді көрінбей ме сізге?..

-  Жоқ, олай көрінбейді. Түсінікті, анық, қысқа да нұсқа сияқты. «Таңымды» және оған дейінгі «Пах-пахты» жазған Равиль Кіршібаев деген жігіт. Өзіме өте ұнайды. Ескі сөздерді қолданбайды, жаңаша, қарапайым жазады. Интернеттен «Пах-пах»-тың мәтінін көрдім, ол мүлдем мен айтып жүргеннен бөлек. Мүмкін мен әнді өзімше орындауға тырысқаннан, кей сөздер басқаша естіліп жатқан шығар.

- Мысалы, «Пах-пах»-та «Дәмін сезгім келеді тәніңдегі қатыңның» дейсіз.

- «Тәніңдегі қантыңның».

- Қазақта ондай сөз оралымы жоқ.

- Ең бастысы, мағынасы түсінікті ғой. Бұрын пайдаланбаған шығар. Бірақ маған ұнайды. Мысалы, орыстарда «Белая стрекоза любви» деген ән бар. Бұл да керемет көркем тілмен жеткізіліп тұрған жоқ қой. Сонда да халық тыңдайды.

- Бірақ мұны ешкім дұрыс деп отырған жоқ қой. Орыстың әдеби тілінің қадірін білетін кез келген адам сол әнді естіген сайын жерге қарайды.

- Солай болса, солай шығар. Жас адам жаңашылдық енгізгісі келеді. Ал аға буын оны түсінбейді. Мысалы, «тәніңдегі қантыңның» деген сөз маған ұнайды.

- «Қарсы емессің етуіне» деген сөздер де ұнай ма?

 

- Жақында сіздің «Таңым» деген әнге клипіңіз шықты. «Әр атқан таңым әкеледі шаттықты, Ілінген көзің тәтті, Созғым келед бұл сәтті, Мәңгі» деп келеді. Сөздері жасанды, қырық жамау секілді көрінбей ме сізге?..

-  Жоқ, олай көрінбейді. Түсінікті, анық, қысқа да нұсқа сияқты. «Таңымды» және оған дейінгі «Пах-пахты» жазған Равиль Кіршібаев деген жігіт. Өзіме өте ұнайды. Ескі сөздерді қолданбайды, жаңаша, қарапайым жазады. Интернеттен «Пах-пах»-тың мәтінін көрдім, ол мүлдем мен айтып жүргеннен бөлек. Мүмкін мен әнді өзімше орындауға тырысқаннан, кей сөздер басқаша естіліп жатқан шығар.

- Мысалы, «Пах-пах»-та «Дәмін сезгім келеді тәніңдегі қатыңның» дейсіз.

- «Тәніңдегі қантыңның».

- Қазақта ондай сөз оралымы жоқ.

- Ең бастысы, мағынасы түсінікті ғой. Бұрын пайдаланбаған шығар. Бірақ маған ұнайды. Мысалы, орыстарда «Белая стрекоза любви» деген ән бар. Бұл да керемет көркем тілмен жеткізіліп тұрған жоқ қой. Сонда да халық тыңдайды.

- Бірақ мұны ешкім дұрыс деп отырған жоқ қой. Орыстың әдеби тілінің қадірін білетін кез келген адам сол әнді естіген сайын жерге қарайды.

- Солай болса, солай шығар. Жас адам жаңашылдық енгізгісі келеді. Ал аға буын оны түсінбейді. Мысалы, «тәніңдегі қантыңның» деген сөз маған ұнайды.

- «Қарсы емессің етуіне» деген сөздер де ұнай ма?

- «Етуіне емес, ерітуіне» - мендей жігіттің сені ерітуіне қарсы емессің. Осыны айта-айта шаршадым.

- Жаңа әніңізде қазақ және орыс тілінде аралас сөздер пайдаланыпсыз. Қазақы тыңдарманға да, орысша тыңдайтын тыңдарманға да бірдей ұнауға тырысып жүрген әншісіз делік. Сол себепті аралас мәтін пайдаландыңыз ба?

- Сөзіңіздің жаны бар. Негізінде соңғы әндерімнің көбі қазақша болды. Қазақ тілі «модный» болғанын қалаймын. Қазақстан халқының 50 пайызы қазақтар, сол қазақтардың тең жартысы қазақша білмейді.

- Олай емес, қазақтардың тең жартысы қазақ тілін білмейді деп айта алмайсыз, және Қазақстан халқының 50 емес, 65 пайызы қазақ.

- Жақсы, қазақтардың тең жартысы біле тұра ана тілінде сөйлемейді. Бұл сөзіммен келісетін шығарсыз. Мысалы, менің достарымның арасында, қалалық болсын, болмасын, қазақша сөйлейтін бір адам жоқ. Біліп тұрса да, сөйлемейді. Ауылдан келген балаларға қараңызшы: «қазақпын, қазақпын» дейді де, орысша сөйлеп кетеді. Мен үйде қазақша сөйлесемін. Баламды да қазақша тәрбиелеймін, бұйырса. Қаланың балалары дәстүрлі әнді бәрібір тыңдамайды. Олардың бетін бері бұру керек. Яғни, біз олар тыңдайтын музыканы қазақ тілінде беруіміз керек. Сол үшін мен қазақша айтып жүрмін.

- Қазақша сөйлейтін тыңдарманды есепке алмайсыз ба?

- Мен ондай тыңдарманды да қамтығым келеді. Өйткені біздің эстрадамыз екі: қазақы және қазақстандық бағытта дамып жатыр. Қазақстандық бағытта, яғни орыс тілінде ән салатындардан гөрі елімізде қазақы әншілердің танымалдылығы да, табысы да басым. Бұл өте дұрыс.

- Осындай «коммерциялық» ниетпен продюсеріңіз қазақшаға көшу керектігін айтқан шығар?

- Жоқ, «коммерциялық ниет» деп айтпас едім. «Ді-тіш, ді-тіш» деген музыка болса, оны қазақы тыңдарман бәрібір қабылдамайды. Ал продюсерімді мен, керісінше, қазақша ән жазуға ұзақ көндірдім. Солтүстік өңірлерге гастрольге барсаң, ол түгілі осы Алматының өзінде менен «Неге «Как дела?» сияқты тағы бір орысша ән жазбайсыз?» деп сұрайды. Бұл тыңдарманның да сұранысын қанағаттандыруым керек.

- Ал қазақша ән айтқаныңыз үшін алғыс айтатын адам бар ма?

- Әрине, бар. Бірақ мен «маған рахмет айтыңдар» деп міндетсініп отырған жоқпын ғой. Мен қазақпын. Қалада өскеніммен, жаз айларын ауылда өткізетінмін. Сондықтан күрек, қи деген «ұғымдар» маған жат емес. (Күледі). Біздің үйде 35 пәтер болса, сол 35 пәтердің 2-уінде ғана қазақтар тұрды, басқасының бәрі кәрістер, орыстар, еврейлер, украиндар... болды. Соның өзінде әкем сатирик, журналист, ұлтжанды азамат болған соң, үйде қазақша сөйлесетінбіз.

- Ата-анаңыз сіз орындайтын әндерді тыңдай ма?

- «Пах-пах»-ты тыңдамайтын шығар, бірақ репертуарымда қазақ тіліндегі лирикалық әндер де бар. Бала кезімнен үйде гитарамен ән салдым, менің даусыма олар әбден үйренген.

- Сіз жылы жүзді жігітсіз ғой, рингтен көру қызық болды. «Чемпион» жобасында бокспен қанша уақыт айналыстыңыз?

- Бір-ақ ай дайындалдық. Оған дейін былғары қолғап ұстап та көрмеппін. Рингке бірінші, екінші шығуым бокс емес, төбелеске жақын болды. (Күледі). Бірте-бірте үйреністік қой деймін. Ал жобаға қатысқан әріптестеріміздің 30 пайызы бұрын боксқа қатысқандар. Сіз мені жылы жүзді деп жатырсыз, жүзім ондай болғанмен, намысқой жігітпін. Кез келген жерде өзім үшін, сөзім үшін, достарым үшін, Отаным үшін жауап беретін адаммын. Өнер адамдарының көбі: «Бұларың дұрыс емес, сендер өнердің адамысыңдар» деп жатты. Бірақ мен ең алдымен ер жігітпін, одан кейін ғана әншімін. «Осындай жобаға қатысасың ба?» деп сұрағанда қорқып тұрғандай, қалайша «Жоқ» дейсің? Сондықтан бірден келістім.

- Әріптестеріңізден кімге жанкүйер болдыңыз?

- Дастанға. «Екі жұлдыздың» екінші айналымынан кейін өте жақсы дос болып кеттік. Екеуміз түйдей құрдаспыз, жұлдызымыз да бір (суқұйғыш), музыкаға деген көзқарасымыз да ұқсайтын болып шықты. «Чемпионға» бірге дайындалып жүрдік, оның ұтатынын білдім, сосын екеуміз екі салмақ дәрежесінде шығайық деп шештік.

- Қайырымдылық шарасына қатысып, қуыршақ жасаған едіңіз ғой?

- Иә, ол әлі сатылған жоқ. Қайырымдылық жасайтын адам ештеңе алмай-ақ қаржысын аударады ғой, ұйымдастырушылардікі сондай адамдарға бір кішкентай естелік қалсын деген ой.

- Сіздің мамандығыңыз инженер-полиграфист. Жеке кәсіпкерлікпен айналыспайсыз ба?

- Үлкен бизнес деуге келмес, бірақ өз ісім бар. Негізі мен ақшаның бағасын білетін адаммын, біздің балалық шағымыз еліміз үшін қиын кезеңге келді. Жастайымнан еңбекке кетәрі емеспін, студент кезімде, алғашқы курстарда, есеп шығарып, қалталы студенттерге диплом жазып беретінмін. Кейін мейрамханада ән айтқанымды білесіздер. Ал кәсіпкерлікпен шындап айналысу үшін көп уақыт керек. Қазірше уақытымды шығармашылыққа арнағанды жөн санаймын. Келер жылы сахнада жүргеніме он жыл толады, сол кезде ме, болмаса биыл ма, шығармашылық кешімді өткізсем деймін. Қазір актерлік шеберліктен сабақ алып жүрмін.

- Эрик Тастембековтің командасындағы Иван Бреусов те, Мақпал Исабекова да Ресей нарығына талпынды. Сіздің бойыңыздан ондай талпыныс байқамаған сияқтымыз...

- Мен Ресейге талпынбаймын, өйткені Қазақстанда ғана керек екенімді білемін. Шет елге шыққанның өзінде Ресейден гөрі Қытайға барсақ, жолымыз ашылар. Өйткені түр-келбетіміз жағынан да Ресей сахнасына жараспаймыз. Олар бізден тек үлкен ақша күтеді. Қазақтың өнерлі баласын демеп жіберейік деген ниет жоқ оларда. Клип түсіріп, ротация жасағанның өзінде нарықта қалып қоюың екіталай. Ондай талпыныстарды «Орда» да, Мақпал да жасады. Менің ойымша, біз қазір қазақстандық деңгейді көтеруді ойлауымыз керек. Соңғы кезде шоу-бизнесте оң өзгерістер бар, бізді Қырғызстан да таниды, басқа мемлекеттердегі қазақтар да тыңдайды, яғни, аудиториямызды кеңейтіп жатырмыз.

- «Балам бар» деп айтып қалдыңыз...

- Ұлым бар, есімі Аңсар. Одан өзге ештеңе айтқым келмейді.

- Неге жеке өміріңізді құпияда ұстағыңыз келеді?

- Құпияда ұстаған сайын қызық болатын сияқты.

- Көз тиеді деп қорықпайсыз ба?

- Кішкентай кезімде «көз тигіш» бала болғанмын. Томпақ, көзім үлкен бала болдым. Жалпы, ондай ырымдарға сенбесең, көз тимейді деп ойлаймын.

- Әңгімеңізге рахмет.

Сұхбаттасқан - Әсия Бағдәулетқызы

«Халық сөзі» газеті

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434