Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2003 0 пікір 17 Сәуір, 2012 сағат 07:59

Бегдесіновтің Түркіменстаннан шығуына тиым салынып отыр

Осы жылдың ақпан айында, яғни, Мемлекеттік Ту күні қарсаңында басқа да сотталушылардың қатарында Бисенғұл Бегдесеновке де кешірілім берілді. Осыған қарамастан Түркіменстандағы қазақ диаспорасының лидеріне тарихи Отанына шығуға тиым салынып отыр.

2012 жылдың 6 наурызындағы Түркіменстанның Бас Прокуратурасының хатында Бегдесеновке елден шығуға уақытша тиым салынудың алынып тасталғанын хабарлаған (көшірмесі қосымшада). Алайда Бегдесенов 25 наурызда Алматы-Ашхабад авиарейсі арқылы ұшып кете алмаған. Әуежай шекара қызметі қызметкерлері Түркіменстан ұлттық қауіпсіздік министерствасының қаулысына байланысты Бегдесеновке елден шығуға тиым салынғанын хабарлаған.

Өткен жылдың желтоқсан айында Б.Бегдесеновті тағы да ҰҚМ тиым салуының негізінде елден шығармай қойған. Бірақ қазір қолдағы Бас Прокуратураның хатына сеніп, Түркіменстаннан еш кедергісіз шыға аламын деп ойлаған. Алайда Түркіменстанның әрбір арнайы қызметтері басқаларының келісімінсіз және қарапайым заң ережелерін бұза отырып, азаматтарды қара тізімге қоса беретінге ұқсайды.

2000 жылдардың басында-ақ, Түркіменстаннан шығарылмайтын азаматтырдың «қара тізімі» пайда болған. Әртүрлі ақпарат көздеріне жүгінсек, Гурбангулы Бердымухамедовтың билікке келісімен «қара тізімдегі» адамдар саны  4000-нан 16 000-ға өскен. Бұл тізімде журналисттер, мемлекеттік қызметкерлер, азаматтық белсенділер сонымен қатар, демалыста Отанына келуге батылдық жасаған қырғызстандық, америкалық, батыс европалық  жоғары оқу орындарының студенттері бар.

Бисенғұл Бегдесенов 2011 жылдың 13 мамырында Ашхабад қаласының Копетдаг аудандық сотының шешімімен алаяқтық жасады және пара берді деген айыптармен 9 жылға шартты түрде сотталған болатын. Халықаралық құқық қорғау ұйымдары және Европарламент депутаттары Бегдесеновті  саяси себептермен қудаланушылар қатарына қосып, Түркіменстан басшылығын белсенділерді қудаламауға шақырған.

Біздегі мәліметтерге сүйенсек, Бисенғұл Бегдесенов тағыда АҚШ елшілігіне және әртүрлі құқық қорғау ұйымдарына арыз айтуды жоспарлап отыр.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5478