Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3861 0 пікір 24 Сәуір, 2012 сағат 05:49

«Жалған жабыстырмаларға» қатысты Ақылбек ақынның жауабы

www.abai.kz порталында «Ақылбек ақынның жалған жабыстырмалары» деген тақырыппен Астана қаласының тұрғындары:  ҚР дербес зейнеткері - Әуезхан  Жүсіпұлының,  зейнеткер-ұстаз - Егізбай қажы Хамитұлының,  ҚР ІІМ-нің зейнеткері  -Ертай  Қарабаланың бірігіп жазған мақаласы жария көрген болатын. Ұжымдық мақалада айтылған жайтты басынан түсіп баяндап жату артық шығар, интернеттен керектісін тауып алып үйренген көзіқарақты жұрт мына сілтемені басып  http://old.abai.kz/content/akylbek-akynnyn-zhalgan-zhabystyrmalary «... жалған жабыстырмаларды» жамбастап жатып оқи алады. Сондықтан біз сөзді ұзаққа созбай Қостанай облысы әкімінің аппарат басшысына жазған  Қостанай мемлекеттік университетінің ректоры А. Нәметовтың хаты мен  «Нұр-Отан» партиясы Қостанай облыстық филиалында қаралған Жасұлан Шегетаев дегеннің арызына қатысты жауапты және Ақылбек Шаяхметтің қарсы тарапқа қайтарған жауабын жолдап отырмыз.

«Абай-ақпарат»

Қостанай облысы әкімінің аппарат басшысына ректордың хаты

 

Сіздің 04.04.2012 ж. № ЖТ-Ш-316 хатыңызға байланысты айтарымыз:

www.abai.kz порталында «Ақылбек ақынның жалған жабыстырмалары» деген тақырыппен Астана қаласының тұрғындары:  ҚР дербес зейнеткері - Әуезхан  Жүсіпұлының,  зейнеткер-ұстаз - Егізбай қажы Хамитұлының,  ҚР ІІМ-нің зейнеткері  -Ертай  Қарабаланың бірігіп жазған мақаласы жария көрген болатын. Ұжымдық мақалада айтылған жайтты басынан түсіп баяндап жату артық шығар, интернеттен керектісін тауып алып үйренген көзіқарақты жұрт мына сілтемені басып  http://old.abai.kz/content/akylbek-akynnyn-zhalgan-zhabystyrmalary «... жалған жабыстырмаларды» жамбастап жатып оқи алады. Сондықтан біз сөзді ұзаққа созбай Қостанай облысы әкімінің аппарат басшысына жазған  Қостанай мемлекеттік университетінің ректоры А. Нәметовтың хаты мен  «Нұр-Отан» партиясы Қостанай облыстық филиалында қаралған Жасұлан Шегетаев дегеннің арызына қатысты жауапты және Ақылбек Шаяхметтің қарсы тарапқа қайтарған жауабын жолдап отырмыз.

«Абай-ақпарат»

Қостанай облысы әкімінің аппарат басшысына ректордың хаты

 

Сіздің 04.04.2012 ж. № ЖТ-Ш-316 хатыңызға байланысты айтарымыз:

Ақылбек Шаяхмет Қостанай мемлекеттік университетінің Медиа орталығының директоры болып қызмет атқарады, профессор, филология ғылымдарының кандидаты, ҚР мәдениет қайраткері, Қазақстанның құрметті журналисі, Москвадағы Шығармашылық Академиясының корреспондент-мүшесі. Қоғамдық-саяси және білім беру-мәдени өмірге белсене қатысады.

Университеттегі еңбек қызметінде  және ЖОО-да шығып тұратын газет пен журналда Еліміздің Президентінің және «Нұр-Отан» ХДП саясатын, Қазақстан тарихын, жастарға патриоттық және рухани тәрбие беруді тұрақты насихаттап тұрады. Оқу орнында оқитын дәрістері ЖОО -дағы білім беру стандарттарына сәйкес және өз сабақтарын кәсіби деңгейде жүргізеді.

А.Шаяхмет «Нұр-Отан» ХДП мүшесі емес, өзінің шығармашылық қызметінде  конституциялық нормаларды сақтайды. Сөз бостандығын пайдалану  мен өз ойын білдіру құқы бар. Жазушының публицистикалық шығармаларына баға беру және сын айту Қазақстанның кез келген азаматының пікірталас алаңы бола алады және БАҚ бетінде жариялануы мүмкін. Алайда, автор Қазақстан Республикасының конституциялық нормалары мен заңдылықтарын  бұзбаған болса, мемлекеттік жүйелердің талқылауына жатпайды.

А.Шаяхметтің шығармашылық жарияланымдарының  оның еңбек қызметіне және ұжымдағы тәртіпке ешқандай теріс әсері жоқ.

Ректор А.Нәметов

.......................................................................................................................

Арыз иесінің тұрағы да, аты-жөні де өтірік болып шықты

Арқалық қаласының тұрғыны,

«Нұр-Отан» партиясының мүшесі

Жасұлан Шегетаевтың арызы туралы

«Нұр-Отан» партиясының мүшесі Жасұлан Шегетаев Ақылбек Шаяхмет туралы жазған арызында «Нұр-Отан» партиясына автор тіл тигізді деген уәж айтыпты. Арыз иесі ақынсымақ деп өзі де авторға тіл тигізеді. Біз А.Шаяхметті отыз кітабы жарық көрген танымал жазушы ретінде танимыз. «Тайбағар» деген прозалық кітапта «Патриот және идиот» деп аталатын памфлет бар екені рас.Онда:

«Шындық пен өтіріктің арасы төрт-ақ елі.

Сенейін бе, сенбейін бе?!

Көз бен құлақ бастың бір деңгейінде.

Көзбен көргеңді айтпа, құлақпен естігенді айта бер. Құлап жатқанды көрсең, жатқан жері ұнады деп айт, жылап жатқанды көрсең, қуанғаннан жылады деп айт.

Басшыларға ұнасаң - патриотсың, кемшілігін көріп,  сынасаң - идиотсың.

Көргенді көрдім, білгенді білдім деме.

Тыныш өмір сүргің келсе, күңкілдеме» деген сөздердің жазылғаны да рас.

«Тайбағар» Астанадағы «Фолиант» баспасынан автордың өзінің қаражатына шығарылған кітап. Бұл памфлет Алматыдағы «Қазықұрт» баспасынан 2011 жылы Ақпарат және мәдениет Министрлігі мақұлдауымен мемлекеттік тапсырыс арқылы жарық көрген ақынның «Гуси-лебеди летят» деген орыс тіліндегі кітабында да бар. Онда былай жазылған:

«Расстояние между правдой и ложью всего четыре сантиметра.Верить или не верить?! Глаза и уши находятся на одном меридиане Головы.

Если  увидел, закрой глаза. Если услышал, закрой уши.

Если увидишь упавшего, говори, что он просто лежит, если увидишь

плачущего, говори, что он плачет от счастья.

Выступай от имени  правящей власти  - ты человек, будешь говорить от имени Отечества - слов нет. Говоря подругому, понравишься подхалимам -  ты патриот, если будешь критиковать - ты идиот.

Поэтому, ничего не вижу, ничего не слышу.

Самое главное, набрал воды в рот».

Көшбасшы партия мүшелерінің бәрі бірдей періште емес екенін де халық біледі ғой. Оған соңғы Жаңаөзен оқиғасында іс қозғалып жатқан бұрыңғы әкімдердің, кезінде «Нұр-Отан» партиясы мүшелері болғандардың да іс-әрекеті дәлел. Памфлет айтатын ойды мысалдап, тұспалдап жеткізетін әдеби жанр. Арыз иесі айтқандай, «құртамын, жоямын» деген ойды білдірмейді. Сондықтан да жазушы ретінде автордың айтқан ойы біреудің көңілінен шықса да, біреулерге жақпауы да әбден мүмкін.

Гиннестің рекордтар кітабы туралы мақалада Мәжіліс депутаттары сыналады. Ондағы ойға бұрынғы таратылып жіберілген Парламенттегі кейбір депутаттардың тек бас шұлғи беретін жағымпаздығы арқау болған. Автордың айтуына қарағанда, басшыға жағымпаздықтан да қазақтар Гиннес кітабына енуі мүмкін. Президенттің өкілеттігін ұзарту туралы Мәжіліс депутаттары ұсынысынан кейін Президенттің бас тартуының өзі осы жағымпаздықты кері серіпкенін көрсетіп отыр емес пе?! Және бұл ойлар сол кезде уақыт талабына сай жазылған.

Жалпы алғанда, кітаптағы барлық ойлар автордың жеке көзқарасын білдіреді.

Арыз иесі автордың «Ой ұшқындары» деген жалпы атпен берілген бірнеше ой толғамдарына ренішін білдіріпті. Оларды түгел келтірейік:

Бірінші:

«Қалауын тапса, қарды да жандыратын, алтын көрсе, періштені де жолдан тайдыратын қазағымның қолынан бәрі келеді. Қазіргі уақыттағы ең сұлу дегені көргенсіз, ең ақылды дегені парықсыз, ең әдемі ән дегені айқай, ең әдемі жыр дегені шатпақ болып кетті».

Екінші:

«Ай дер ажа, қой дер қожа болмайтын мезгіл жеткен кезде, көткеншектер кері кеткен кезде, екі аяқты бір етікке тығатын, қолынан келген қонышынан басатын, бір адамға екі адам бастық болатын кезде, бастыққа жағынғандар жайылып төсек, жантайып жастық болатын кезде, жақсылық пен жамандық арбасып жатқан кезде, сыбайластар жең ұшынан жалғасып, ағайындар бірін бірі алдасып жатқан кезде бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығару мүмкін емес».

Үшінші:

«Мамандығы бар, адалдығы бар, бірақ арамдығы жоқ кісілер жұмыс таппай сенделеді, орын-таққа жайғасқандар өздерін елі үшін еңіреген ерлермен теңгереді, жандайшаптар мен жағымпаздарға өздері ішкен астаудан жем береді, ішке кіріп, шалып жыққандар өрт кешіп, жалын жұтқандарды, жағадан атып жыққандар су түбіне батып шыққандарды кем көреді, осындай айықпас дерті бар қоғам қалай, қашан жөнделеді?!»

Бұл сөздер қазақты сөгу емес, қазақ арасында ішінара болса да кездесіп қалатын кемшіліктерді көрсету. Ұлы Абайдың өзі қазақтың талай жағымсыз  кемшілігін жіпке тізіп көрсетті емес пе?

Бұл үзінділерде де автор қоғамдағы кемшіліктерді сынайды, нақты адамдардың есімдері аталмайды, арамызда кездесетін сыбайлас жемқорлық секілді дерттен құтылайық деген емеуірінін білдіреді.

Лев Толстой атындағы облыстық кітапхананың кіреберісінде ілінген «Елге сыйла, сыйлы болғын келсе егер» деген ақын сөзінен ойып алынған жол кітапханаға өз кітаптарын тарту еткен авторларға байланысты айтылған. Бұл сөздерді теріп алған кітапхана қызметкерлері, автордың оны орналастыруға еш қатысы жоқ. Аталған кітапханада Абайдың да, Ахмет Байтұрсынов пен Міржақып Дулатовтың да сөздері бар. Тек олар басқа бөлімдерде, басқа стенділерде жазылған.

А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ профессоры, Қазақстанның құрметті журналисі, КР Мәдениет қайраткері, Москвадағы Шығармашылық Академиясының мүше-корреспонденті Ақылбек Шаяхмет университетте он жылдан бері қызмет етіп келеді. Ол басқаратын Медиа-орталық Еліміздің бағдарламасын, «Нұр-Отан» партиясының саясатын, Елбасы жолдауын университет жанынан шығып келе жатқан студенттердің «Білім жарысы» газетінде және «Жас өркен-Қостанай» журналында  тиісінше насихаттап келеді.Біздің оқу орны тарапынан оған артатын кінәміз жоқ. Ал баспа бетінде жарық көрген өз сөздеріне автор есебінде ол өзі жауап береді деген ойдамыз.

Ақылбек Шаяхмет еш партияда жоқ, шығармашылық мамандық иесі есебінде теледидар мен радио арқылы да, БАҚ бетінде де өз ойын ашық айтып жүрген адамдардың бірі.Кітап туралы сындарын арыз иесі автордың өзіне жолдағаны орынды болар еді, өйткені, кітапта айтылған сөздердің оның қазіргі атқарып жүрген қызметіне еш қатысы жоқ.

(Ескертпе: Аталған арыз «Нұр-Отан» партиясы Қостанай облыстық филиалында қаралған. Арыз иесінің тұрағы да, аты-жөні де өтірік болып шыққан).

Порталда жарық көрген мақалаға байланысты аз ғана айтарым:

Қойшығара Салғаринға жиендік жасады деген айыптауға байланысты айтарым: жазушының «Көмбе» кітабында Шындәулет би туралы әңгімелер бар. Бірақ, ол да ел аузынан жазылып алынған. Менің «Тайбағар» кітабымда сол әңгіме айтылады. Және оның халық ақыны Өтеміс Қалабаевтың аузынан жазылып алынғаны көрсетілген. Екі текстің мазмұны ұқсағанымен, мәтіні бөлек. Оның үстіне ол бұдан көп жыл бұрын жарияланған менің «Пирамида» деген кітабымда да басылған.

Хат авторлары тағы бір жерде Міржақып Дулатов Ыбырай Алтынсаринға жиендік жасады дегенді мен айтты деп жала жауып: «Ендеше «Оян,қазақты» алғаш айтқан Міржақып Дулатов емес, Ыбырай Алтынсарин деуге негіз бар. Алтынсариннің шәкірттері бұл ұранды айқайлап айтса, ұлы ағартушы оны сыбырлап айтты. Барлық айырмашылығы осы ғана» [Шаяхмет А. «Ел есіндегі есімдер», Алматы, «Қайнар» баспасы, 2005. -185 б.,], -дейді» - деп жазады.

Біріншіден, «Қайнар» баспасынан менің ешқандай кітабым шыққан жоқ. «Ел есіндегі есімдер» Алматыдағы «Гаухар» баспасынан жарық көрген. Ал «Тұр,қазақ!», «Жатпа,қазақ!», «Ұйықтама, оян, Алашым» деген сөздерді Ғұмар Қараш та, Нұржан Наушабаев та айтқан. Дәл осы ойды ең алдымен «Оренбургский листок» газетінің бетінде  айтқан Ыбырай.

Хат авторлары: «Ақылбекке белгілі ғалымдардың
айтқанын жоққа шығару да түкке тұрмайды. Сөзіміз дәлелді болу үшін еңбек
ардагері, айтыскер ақын, Нұржан ұрпағы Б. Ғазизұлы, әнші-сазгер, нұржантанушы А.Сейдахметов, ақын Х.Мұсабаевтардың «Тауларды аласартпай, даланы асқақтатайық» деген мақаласынан үзінді келтірейік: «Н.Наушабаевтың өмірі мен шығармашылығын жан- жақты зерттеп, алғаш аталы сөз айтқан профессор Бейсенбай Кенжебаев өзінің «Қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы демократ жазушылары» атты көлемді монографиясында: «Нұржан Наушабаев (1859- 1919) бұрынғы Қостанай уезінің Арақарағай болысында туған, өсіп ержеткен жері Қостанай, Торғай жағы.Ол ауқатты кісінің баласы болады. Жасынан діни оқуды көп оқып жетіледі»,-деп деп жазған еді.(Б. Кенжебаев «Қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы демократ жазушылары» Қазақ мемлекет баспасы, 55 бет).Шындығы осы. Нұржанның өзі де дәулетті болған.Қостанай -Торғайды тең жайлаған. Тұрмыстан тапшылық көрмеген. Сән-салтанатпен
жүрген. Сал-серілік құрған сегіз қырлы, бір сырлы болған. Күні бүгінге дейін ел осылай айтады. Арада қырық жыл өткенде Ақылбектің Б.Кенжебаев пікірін неге сүйеніп жоққа шығарғысы келгенін түсінбедік? Неліктен мұндай байлам жасағанын не алғы сөзінде, не түсніктемесінде өзі айтпаған. Үшіншіден, А.Шаяхмет жазғандай «Нұржанның туған шешесі Шал ақынның қызы емес» («Қостанай таңы» 30 сәуір, 2002 ).» - дейді.

Мен (А.Шаяхмет) сол сөз болған «Тайбағар» кітабында былай деп жазғанмын: «Бейсенбай Кенжебаев «Қазақ халқының XX ғасыр басындағы демократ жазушылары» кітабында: «Нұржан ауқатты кісінің баласы болады. Жасынан діни оқуды оқып жетіледі».

Мұхтар Мағауинның деректерінде: «Шал ақын қартайыңқырған шағында Мәлімбай, Мәлике деген екі перзент көрген... Мәликені қалың қыпшақ ішінде Нұрым дегенге ұзатқан екен. Нұрымнан Айтбай, Айтбайдан Наушабай, Наушабайдан белгілі ақын Нұржан Наушабаев туған», - деген жолдар бар.

Бұл деректердің қайсысы анық екенін айту қиын. Дегенмен, Нұржанның нағашы жұрты да осал болмағаны анық.

Нұржанның жырмен жазып шыққан шежіресі де халық жадында. Оған кезінде Сәбит Мұқанов жоғары баға берген. Кейбір үзінділері «Дала қоңырауы» газетінде жарық көрді. Бұл шежіре толық қалпында жариялана қалса, танымдық-тағылымдық мәні зор еңбек екендігі дау туғызбайды. Әлкей Марғұлан: «Нұржан данышпан ақын ғана емес, сонымен бірге қазақ шежіресін жазған ғалым» - деп оның еңбегіне үлкен баға береді.

Нұржан бай да, би де болмаған деген пікірлер де бар».

Көріп отырсыздар, мүнда Нұржан бай болды не кедей болды деген пікір жоқ, пікір айтушылардың сөздеріне жасалған сілтемелер ғана бар.

Жалақорлар: «А.Шаяхметтің бұл қылығын
кітаптары да растайды. Ә. Нұрпейісовке, М.Шахановқа,Д.Исабековке,Т.Молдағалиевке,Д.Досжановқа,Ф.Оңғарсыноға,Н.Оразовқа,Т.Әбдікке, Н.Айтовқа, А.Жағановаға «Жасамыс
жазушылар» деп «кінә тағып, «мықты баспагер емессіңдер» деп ұрсып, алдың жетпістен «соңың алпыстан асып, жетпіске қадам бастындар деп сөгіп,
«зейнеткерлікке шықтыңдар, орындарынды босатындар» дегенді ишарамен жеткізеді. Сөйтіп жасамыс жазушылар басқаратын
«Таңшолпан», «Жалын», «Мәдениет», «Балдырған», «Мәдени мұра»,«Тұмар», «Жаңа Сарыарқаға», «Өркениет», «Қазақстан әйелдері» журналдарын біріктіріп, «Осы редакторлардың басын қосып, редакциялық кеңес құрып, «Зейнеткер» деп аталатын бір журнал шығарса болар еді» («Тайбағар», 597 б.) деген пікір білдіреді. Журналдың көптігінен Ақылбек не зиян көрді екен?!» деген уәж айтыпты. Олай болса, сол мақаланы түгел келтірейік.

Жасамыс жазушылардың жас журналдары

Бұдан біраз бұрын  «Жұлдыз», «Парасат», «Ақиқат» секілді бірнеше журнал жарыққа шығатын. Олардың таралымы да мол, мазмұны да бай болатын. Енді журнал қаптады. Көп болса, ештеңе етпес десек те, жас журналдарды жасамыс жазушылардың «жекешелендіріп»  алғаны қиын екен. Қараңызшы, «Таңшолпанда» - Әбдіжәміл Нұрпейісов, «Жалында» - Мұхтар Шаханов, «Мәдениетте» - Дулат Исабеков, «Балдырғанда» - Тұманбай Молдағалиев, «Мәдени мұрада» - Дүкенбай Досжан, «Тұмарда» -Фариза Оңғарсынова, «Жаңа Сарыарқада» - Нұрғожа Оразов, «Өркениетте» - Төлен Әбдік,   «Қазақстан әйелдерінде» - Алтыншаш Жағанова. Осымен тоқтасақ та болар. Әйтпесе, тағы жалғастыра беруге болады. Жасында қаламгердің бейнетін тартқандар енді бас басына бас редактор болып, жазушылықтың зейнетін көріп отыр.

Аттары аталған ақын-жазушылардың талантына, қаламгерлігіне күмәнданбай-ақ қояйық, бірақ, солардың бәрі бірдей мықты баспагер деп айта алмаймыз. Олардың алды жетпістен асып, сексенді алқымдап қалса, соңы алпыстан асып, жетпіске қадам басқандар. Ендеше осы редакторлардың барлығының басын қосып, редакциялық кеңес құрып, «Зейнеткер» деп аталатын бір журнал шығарса да болар еді».

Қаламгер ретінде бұл арада әңгіме тақырыбы белгілі жазушыларға жала жабу емес, керісінше, оларға айтылған базына екенін түсіну қиын емес шығар.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, алдағы уақытта мұндай тексерілмеген мәліметтерді жариялаудан аулақ болсаңыздар екен дегім келеді.

Сәлеммен, жазушы Ақылбек Шаяхмет

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5320