Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2629 0 пікір 8 Шілде, 2009 сағат 07:35

«ҚазСат-2»-нің «ҚазСат-1»-дің кебін киіп кетпеуіне кепілдік бар ма?

Ғани ҚАСЫМОВ, сенатор:
- Мен бұл мәселеге байланысты кепілдік болатынына сенбеймін. Біздің ғарыш саласындағы жоспарларымыз тек қана Ресеймен байланысты. Көрші елге сеніп тапсырған жұмысымыз үшін 60 млн доллардан астам қаржының желге ұшқаны бәрімізге мәлім. Мұндай мөлшердегі ақшаны ешқандай ел құрбан етпес еді. Бірақ қателіктер кетті екен деп ғарыш саласындағы жұмыстарды тоқтатуға әсте болмайды. Себебі ғарышта бір тірегіміз болмаса, коммуникациямызды дұрыс жолға қоя алмаймыз. Ал коммуникациясыз адамдардың бүгінгі тіршілігін елестету мүмкін емес. Алайда «аузы күйген үрлеп ішеді» демекші, екінші мәрте мұндай қадамға бармас үшін бұрынғы қателіктерді елеп-екшеп барып қана жұмысты әрі қарай жалғастыру қажет деп ойлаймын. «Неге біз ресейліктерге байланып қалдық» деген сұрақ туады. Бізге сонымен қатар Франция, АҚШ, Үндістан сияқты ғарыштық державалармен де тізе қосып жұмыс істеуімізге болады ғой. Таңдау көп болған кезде ғана сапа болады. Қомақты қаржы салып отырғаннан кейін, біз шекесінен шертіп жүріп алуымыз керек. Мен «ҚазСат-2»-нің жұмыстарының басталғанына қарсы емеспін, бізге тіпті «ҚазСат-3», «ҚазСат-4» те қажет. Бірақ Ұлттық ғарышымызға керек дүниені жасап жатқаннан кейін, үлкен жауапкершілік те болуы керек.

Уәлихан ҚАЛИЖАН, Мәжіліс депутаты:
- «ҚазСат» - бұл өте күрделі мәселе. Себебі алғашқы Жер серігіміздің жоғалуына байланысты «халықтың қаржысы далаға кетті» деп біраз шуылдасқанымызбен, ештеңе шықпады. Ал енді жасалып жатқан «ҚазСат-2»-нің құны, бірінші Жер серігімен салыстырғанда, әлдеқайда жоғары және дәл сол ресейлік орталықта іске асып жатыр. «Бұл Жер серігі жоғалып кетпейді, бұрынғы қателіктерді жібермеуге тырысамыз» деп жатыр. Бірақ кім біледі? Бұған менің көзім анық жеткен жоқ. Өйткені оның ешқандай ғылыми сараптамасы жоқ, ғылыми орталықтарда ол туралы талқылаулар жүргізілмеген. Менің ойымша, қазіргідей қаржы дағдарысы кезінде Үкімет көзді жұмып ала салмайтын шығар деп үміттенемін. «Судың да сұрауы бар» демекші, халықтың қаржысына жасалып жатқанын түсіну керек. Ендігі кезекте атына ғана емес, затына да терең мән беретін шығар деп ойлаймын. Жоғалып кеткен Жер серігі бойынша депутаттық сауал жолдағанымызда, Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы: «Мен басшылыққа келмей тұрған кезде шешіліп қойған мәселе», - деп жауап қайтарған еді. Енді «ҚазСат-2»-ге кепілдіктер бар ма, жоқ па - оны күзде агенттік төрағасын шақыртып сұрайтын боламыз.

Айдос САРЫМ, саясаттанушы:
- Ұлттық ғарыш агенттігінің Ресейдің әскери-техникалық кешендерімен ғана жұмыс істеуі күмән туғызады. Менің ойымша, бұл сала бойынша әлемдік деңгейде тендер өткізсе де, артық етпейді. Ғарыштық салада, шын мәнінде, держава болып отырған АҚШ, Иран, Жапония, Бразилия сияқты елдер қаншама? Неге осы мемлекеттердің ғылыми орталықтарымен бірге жұмыс істемеске? «Ресейге ғана байланып қалуымыздың артында жемқорлық жатқан жоқ па» деген күмәнді сұрақтың ұшы шығады. Жер серігін ұшырмастан бұрын «ол телеарна тарату үшін бе, әлде телефон, интернетке қатысты ма» дегендей, алдымен мақсатты айқындап алу қажет. Содан кейін барып «біз мынадай мақсатта Жер серігін ұшырмақпыз, осыған қажетті параметрлермен кім бізге сапалы қызмет көрсете алады» деп тендер өткізуіміз керек. «Кепілдік бар ма» деген сұрағыңызға байланысты айтар болсам, «ҚазСат-1-ді» де ұшыратын кезде уәделер мен кепілдемелер үйіліп-төгіліп берілген. Өкінішке қарай, ешкім жауап бермеді, ешкім жауапқа тартылмады. Сондықтан кепілдік бар деп айта алмаймын.

Әзірлеген Жарқын ТҮСІПБЕКҰЛЫ
"Алаш айнасы" газеті 3 шілде 2009 жыл

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377