Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3284 0 пікір 19 Маусым, 2012 сағат 10:08

Түркітанушылардың тұңғыш құрылтайы (тарихи кинохроника)

;hl=ru_RU&rel=0" />;hl=ru_RU&rel=0" type="application/x-shockwave-flash" allowscriptaccess="always" allowfullscreen="true" height="315" width="420">

Коммунистік режимнің түркі халықтарына жасаған қиянаты қисапсыз. Соның бірі -  түбі бір, туыс халықтардың бас көтерер зиялыларын түгелге жуық қырып салды. Сол зиялылармен бірге ХХ ғасырдың басында жаңа заман талабына сай қайта жаңғырып келе жатқан түркі халықтарының тұтастығы да тұншықтырылды. Мәселен, Алаш қайраткерлері сол уақыттағы өзге  түркі елдерінің оқымысты, ағартушылары, саяси қайраткерлерімен тығыз қарым-қатынаста болғаны және Тәуелсіздік жолындағы күрестерде бірлесе қимылдағаны тарихтан мәлім.

Міне, осы бір көнеден келе жатқан бауырластық пен түркі тектес елдердің бостандығы жолындағы күресте дізе қосқан түркі халықтары зиялыларының достығы мен болашақ үшін бірлесе атқарған ірі қызметтерінің бір куәсі -

1926 жылы 26 ақпан пен 6 наурыз күндері Баку қаласында өткен бірінші түркітанушылар құрылтайы. Осы құрылтайдан түсірілген кинохроника сақталыпты. Соны youtube.com cайтынан алып6 назарларыңызға ұсынып отырмыз.

Құрылтай да барлық түркі елдерінен жиналған ғалымдар, сарапшылар түркі тілдерінің латын қарпіне ауыстыру мәселелерін қарастырып, ауқымды шешімдерге келген. Осы құрылтайдың шешімдері үкіметтік дәрежеде қабылданып, артынан барлық түркі республикалары латын қарпіне көшті. Құрылтайға қатысқандардың барлығы сталиндік жүйенің құрбаны болып, 30-шы жылдары атылып кетті.
Осы құрылтайға Қазақстаннан Ахмет Байтұрсын
ұлы, Нәзір Төреқұловтар қатысып, сөз сөйлеген.

Бұл сол кезеңдегі ел ағалары коммунистік режимнің құрсауына қысылып бара жатқан түркі елдерінің жазба тілін латын қарпіне көшіріп, бүтін түркі тектес ұлттардың тіл арқылы берілетін ұлттық жанын сақтап қалуға жасаған жұмыстарының бірі.

Осындай ауқымды істердің тамырын қиған коммунистік режимнің кесірінен біз әлі күнге дейін тіл, діл, тарихи жад, ұлтсыздану, ұлттық психология сияқты күрделі мәселелермен күресіп жатырмыз.

Десе де, кейінгі жылдары түркі тілдес елдер арасындағы саяси, экономикалық, мәдени-рухани байланыстардың қайта жаңғырып, қалыпты жұмыс істей бастағаны көңілге үміт ұялатады. Кеше ғана Қырғызстанда өткен Түркітілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясының отырысы соның бір айғағы. Түбінде түркі халықтарының мемлекеттік дәрежедегі жан-жақты одақтастығы - әлемдегі ірі әрі ықпалды одақтардың бірегейіне айналатыны сөзсіз. Әлбетте, бұл одақтың нығаюына мүдделі емес саяси күштер де жетерлік. Оның астарында әлемді билеген түркі жұртының асыл рухы қайта ояна ма деген қауіп жатқаны тағы рас.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5407