Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3358 0 пікір 30 Шілде, 2012 сағат 08:28

Раушан Дәулетбекова. Тілімізге тағы да қауіп бұлты үйірілді

Білім және ғылым министрлері ауысқан сайын осы саладағы министр мырзалар өзіндік «қол таңбаларын» алып келіп жатады. Күні бүгінгі оқу министрі Бақытжан Жұмағұловтың: «Алдағы жылдың қыркүйек айынан бастап еліміздің барлық мектептерінде бірінші сыныптан бастап балалар ағылшын тілін оқитын болады. 2020 жылға қарай көптеген пәндерді оқыту ағылшын тіліне жүреді деген ойымыз бар. 4-5 жылдан кейін біз кейбір пәндерді, мәселен, биология, химия, физиканы мектептерде ағылшын тілінде оқытатын боламыз», - деп «жаңа инновациясымен» қоғамыздағы тіл, ұрпақ, ұлт мәселесіне немқұрайды қарамайтын ұлтжанды азаматтардың жанына от тастай салды. Осыған байланысты көптеген саяси-қоғамдық орындарда дөңгелек үстел, пікіралмасу іс-шаралары өтіп жатыр.

Қоғам қайраткері, ақын, саясаткер Мұхтар Шаханов, жазушы, дәрігер, профессор Советхан Ғаббасов сынды ұлт зиялылары бұл «жаңалықтың» маңызынан гөрі зиянды жақтарының басымдығын айтып дабыл қағуда. Ол кісілер: «Бала өз ана тілін терең сіңірмей жатып, жат тілді оқыту - үлкен қателік. Ол тіпті баланың психикасына, дұрыс білім алуына айтарлықтай кедергі болады», - деп жар құлақтары жастыққа тимей ғылыми уәждермен елге ой салуда.

Білім және ғылым министрлері ауысқан сайын осы саладағы министр мырзалар өзіндік «қол таңбаларын» алып келіп жатады. Күні бүгінгі оқу министрі Бақытжан Жұмағұловтың: «Алдағы жылдың қыркүйек айынан бастап еліміздің барлық мектептерінде бірінші сыныптан бастап балалар ағылшын тілін оқитын болады. 2020 жылға қарай көптеген пәндерді оқыту ағылшын тіліне жүреді деген ойымыз бар. 4-5 жылдан кейін біз кейбір пәндерді, мәселен, биология, химия, физиканы мектептерде ағылшын тілінде оқытатын боламыз», - деп «жаңа инновациясымен» қоғамыздағы тіл, ұрпақ, ұлт мәселесіне немқұрайды қарамайтын ұлтжанды азаматтардың жанына от тастай салды. Осыған байланысты көптеген саяси-қоғамдық орындарда дөңгелек үстел, пікіралмасу іс-шаралары өтіп жатыр.

Қоғам қайраткері, ақын, саясаткер Мұхтар Шаханов, жазушы, дәрігер, профессор Советхан Ғаббасов сынды ұлт зиялылары бұл «жаңалықтың» маңызынан гөрі зиянды жақтарының басымдығын айтып дабыл қағуда. Ол кісілер: «Бала өз ана тілін терең сіңірмей жатып, жат тілді оқыту - үлкен қателік. Ол тіпті баланың психикасына, дұрыс білім алуына айтарлықтай кедергі болады», - деп жар құлақтары жастыққа тимей ғылыми уәждермен елге ой салуда.

Шіркін, «Бастауыштан бастап барлық пән қазақ жерінде тұратын күллі ұлттар мен ұлыстарға тек қазақ тілінде өтіледі», - деген арман - реформаны 20 жылдан бері күте-күте ұлтжандылардың көзі талған шақта, мынадай «ағылшындандырудың» төтенше жедел жоспарлануы: «Мұртқа өкпелеп жүргенде сақал шықтының» керін баршаға кигізгені жасырын емес. Әрине, көп тіл білу, халықаралық тілдерді мейлінше меңгеру көптік етпес. Бірақ қазақ тілін тұқыртып, өзге тілдің жалауын желбірету ұлттық намысымызға, ар-ұжданымызға, елдігімізге сын емес пе? 40-50 пайызы қазақ балаларымен құралатын орыс тілді мектептердегі қазақ балаларын қазақша сөйлете алмай жатқанда, 1-сыныптан бастап орысша-ағылшынша тіл сындырған балаға өсе келе негізгі пәндерді де ағылшынша оқыта бастасақ, онсыз да бағы жанбай тұрған қазақ тілінің ендігі жерде «түкке тұрғысыз» екенін мәңгүрт ұрпаққа іспен ұғындыру емес пе?

Ұпақты ана тілінен, ұлт тілінен жерітудің, бездірудің бірден-бір шебер ойластырылған амалын «ойлап тапқан» «реформатор» министр мырзаның бұл «тапқырлығына» қайран қалмасқа еш лажың жоқ. Онсыз да орыс мектептеріндегі мемлекеттік қазақ тілінен алған бағаның сертификаттық баллға қосылмауы - қазақ тілінің құнын күллі қоғам алдында төмендету екені ешкімге жасырын емес.

Мысалы, туыстас Түркия мемлекетін алайық. Өз жерінде түрік тіліне бөгде бірде-бір тіл жағаласып, әлімжеттік жасай алмайды. Анығын айтқанда түрік тілінің болашағы бұлыңғыр емес.  Солай бола тұра, түріктің қалталы азаматтары, меценаттары, ұлтжанды азаматтары мемлекет қаржысына бір тиын салмақ салмай, өз қаржыларына «Дүниежүзілік түрік тілінің фестивалін» биыл 10- рет Стамбул-Анкарада өткізді. 147 мемлекеттің өкілдеріне түрік тілінде өлең оқытып, ән салдырып, сөз сөйлетіп, түрікше би билетті. Түркі тілдес халықтардың өкілін санамағанда ағылшын, жапон, корей, негр, малай, вьетнам, фин, швед өкілдерінің фестиваль шарттарын орындап, жүлделі орындарға ие болуының өзі түрік тілін әлемдік аренаға шығарудың бір көрінісі деп тану керек. Әрине бұған әрі қуанасың, әрі  өз тіліңнің күйін ойлап мұңаясың.

Екінші, бір ол елдегі тілге байланысты айта кететін жайт: «Сен Түркияның тұз-дәмін татып, осы елде өмір сүргің келе ме - түрік тілін біл», - деген жазылмаған заңға табаны түрік жеріне тиген кез-келген шетелдік ерікті түрде мойынсұнады. Тілді өзі үшін үйренуге ұмтылады. Қазақтар орыс тілін қалай меңгерсе, түріктер ағылшын тілін солай меңгерген. Алайда, бір  ғажабы екі түріктің өзара ағылшынша сөйлесіп бара жатқанын күндіз шырақ жағып іздесең де таппайсың.

Еңді айналып өз елімізге, өз ана тіліміздің жайына қайта оралсақ. Тіліне, діліне, ұлтына еш қауіп төніп тұрмаған Жапония, Қытай, Корея мемлекеттерінің өзінде баланың басын бастауыш сыныпта бөтен тілмен былғамайды. Жастары 12-13-ке толып, ана тілдері баланың қаны мен жанына әбден сіңген соң ғана бөгде тілге орын беріледі. Мықты мемлекеттердің тілдерін бүйтіп төбемізге отырғыза берсек, көп ұзамай қытай тілі де шүйдемізден орын алатын шығар...

Қазақ мемлекетін мекен ететін 130 ұлттың басын біріктіретін құрал - қазақ тілі болатын дәрежеге жеткізу - жоғары лауазымды азаматтардан бастап күллі иісі қазақтың міндеті мен парызы екенін ұмытсақ, тарих, болашақ бізді кешірмейді. Тағы бір «жаңа реформаға» байланысты ойланатын нәрсе - барлық баланың тілді үйрену қабілеті бірдей емес. Оларды алғашқыда үйретіп, нұсқау беретін ата-аналардың да «ағылшыншалары» біркелкі емес. Содан барып, өз тілін білмейтін, өзге тілді жарытпайтын, ұлттық идеологиядан жұрдай, «Ұлт», «Отан», «Тіл» деген киелі сөздер санасына сәуле түсірмейтін нағыз ұлтсыздар қоғамының қалыптасуы әбден мүмкін.

Бұл «реформа» репетиторға ақшасын аямай төлейтін, болашағын батыстан іздеген қалталы шенеуіктің үрім-бұтағына арналып жасалғаны түсікті. Алпауыт тілдердің тегеуінен тепіреш көрген талай тілмен бірге сол тілдегі ұлттың да жер бетінен жойылып кеткені баршаға мәлім. Сондықтан бұл мәселе халықтық референдумда талқылануы әбден қажет-ақ. Өйткені эксперементке түскелі отырған - халық балалары, ұлттық тіл, ұлттық мүдде.

Ойымызды ҚР Парламеті Мәжілісінің депутаты, «НұрОтан» фракциясының мүшесі, қоғам қайраткері Бақытбек Смағұл мырзаның «Қазақ әдебиеті» газетіне берген сұхбатымен қорытындылауды жөн көрдік:

«Рас, бізде Қазақстанды Отаным деп санайтын 130-дан астам өзге этнос өкілдері өмір сүреді. Егер шынымен, Отаным деп санаса, бұл жердің байырғы халқын, мемлекеттік тілді мойындаулары керек. Біз өзге бірде-бір ұлттың өкіліне қысым, қиянат жасап жатқан жоқпыз. Керісінше, бізде қазақтың ғана есесі кетіп жатқандай болып көрінеді. Егер парламентті заң шығару органы, ал депутатты төрелер дейтін болсақ, сол төбедегі төрелердің төмендегі бұқара халық пен мемлекеттік тілге деген махаббаты оянбайынша осы ұйқыдағы күйімізден арылмақ емеспіз.

Ұйқыдағы адамның өліктен несі артық. Көзді ашатын, оянатын уақыттан кеш қаламыз ба деп қорқамын. Мәселен, армияндар: «98 пайыз армиянбыз, бірақ тіліміз жойылып кете ме деп қауіптенеміз», - дейді. Ал, біз қазақ тілін неге білім тілі, ғылым тілі, өнер мен мәдениет тілі жасай алмай отырып сайрандап жүрміз? Біздің бай тіліміз тек үнемі қозғалыста болғанда ғана өміршең...» деді.

Егер қазақтың ғылым, білім тілі орысшамен қатар ағылшынша болса, онда қазақ тілі бүгінгі күніне де зар болары хақ.

Халықаралық «Түркі Әлемі» газетінің жауапты хатшысы,

журналист - Раушан Аязқызы Дәулетбекова

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1457
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3225
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5279