Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3638 0 пікір 21 Тамыз, 2012 сағат 09:48

«Нақұрыстар даналығы»

Ыдырыс  ШАХ

Шығыстың ұлы ойшылы  Ыдырыс Шахтың  (1924-1996) «Нақұрыстардың даналығы» кітабынан үзінді.

Елек

Ей, тақуа, әріптергішім! Сен өмір бойы даналардың айтқандары мен жазғандарын ой елегінен өткізумен өміріңді өткізіп келесің. Бірақ, сен білесің бе, сенің елегің бидайдың құнарын емес, кебегін өткізіп жатқанын.                                            Шаб - Парак

Қарыз

Бір адам шәйханада отырып достарына:

-    Мен пәленше деген танысыма бір күміс теңге қарыз берген едім. Бірақ, оны көрген куәм жоқ. Енді қорқып жүрмін бас тарта ма деп, - дейді. Достары бастарын шайқап көңілдерін білдіреді, бірақ ешкім нақты кеңес бермейді. Осы әңгімені  сол жерде естіп отырған білімді сопы басын көтеріп:

- Сен оны осында шақырып жұртқа естіртіп:  - Пәленше менен  жиырма алтын теңге қарыз алып еді  - деп айт дейді.

- Жоқ, мен оған бір ғана күміс теңге бердім ғой - депті әлгі. Сонда сопы:  - Дәл осы сөзді ол да естіртіп айтады. Ал саған керегі куәгерлер емес пе?.

Есею кезеңдері

Мен бір кездері ойлайтынмын  -  ұстазымның айтқандарының бәрі дұрыс деп.

Есейе келе   -  ұстазымның айтқандарының көпшілігі дұрыс емес екендігін түсіне бастадым.

Ыдырыс  ШАХ

Шығыстың ұлы ойшылы  Ыдырыс Шахтың  (1924-1996) «Нақұрыстардың даналығы» кітабынан үзінді.

Елек

Ей, тақуа, әріптергішім! Сен өмір бойы даналардың айтқандары мен жазғандарын ой елегінен өткізумен өміріңді өткізіп келесің. Бірақ, сен білесің бе, сенің елегің бидайдың құнарын емес, кебегін өткізіп жатқанын.                                            Шаб - Парак

Қарыз

Бір адам шәйханада отырып достарына:

-    Мен пәленше деген танысыма бір күміс теңге қарыз берген едім. Бірақ, оны көрген куәм жоқ. Енді қорқып жүрмін бас тарта ма деп, - дейді. Достары бастарын шайқап көңілдерін білдіреді, бірақ ешкім нақты кеңес бермейді. Осы әңгімені  сол жерде естіп отырған білімді сопы басын көтеріп:

- Сен оны осында шақырып жұртқа естіртіп:  - Пәленше менен  жиырма алтын теңге қарыз алып еді  - деп айт дейді.

- Жоқ, мен оған бір ғана күміс теңге бердім ғой - депті әлгі. Сонда сопы:  - Дәл осы сөзді ол да естіртіп айтады. Ал саған керегі куәгерлер емес пе?.

Есею кезеңдері

Мен бір кездері ойлайтынмын  -  ұстазымның айтқандарының бәрі дұрыс деп.

Есейе келе   -  ұстазымның айтқандарының көпшілігі дұрыс емес екендігін түсіне бастадым.

Одан кейін есейе келе  -  ненің дұрыс, ненің бұрыс екендігін түсіне бастадым.

Қазіргі түсіне бастағаным   -  алғашқы екі түсінігімнің екеуінің де бұрыстығына көзім жете бастады.

Ең дұрысы   -  басқаларға осы түсініктерімді жеткізуім керек екен.           Ардебили

ҮШ  ЗАМАННЫҢ    ӘҢГІМЕСІ

V ғасырда болған  әңгіме

- Білесің бе, жібек мата ағашта өспейді екен, оны жібек құрты тоқиды екен.

- Айтасың-ау, сонда не болғаны, маржан тастар жұмыртқадан шығады дегің келе ме? Тыңдама. Нағыз өтірік.

- Жиһанның бізден алыс елдерінде, біз білмейтін ғажайыптары көп дейді ғой...

- Сен сияқты сенгіштердің арқасында осындай адам нанғысыз қиял, ғажаптарды кейбіреулер жұртқа таратып, сендейлердің қатарын көбейтіп жатыр.

 

VIғасырда  болған әңгіме

- Шығыстан бір адам келіпті, өзімен бірге бір құрттарды әкелген көрінеді.

-  Алдаушы болар. Немене, сол құрттармен тіс ауруын емдеймін деп соққан жоқ па?

- Одан да қызық. Ана құрттары жібек тоқиды дейді. Нағыз қылжақбастың әңгімесі. Мына құрттарды елден алып шығу үшін басымды өлімге тігіп келдім дейді. Көптеген елдердің патша сарайларына барып осы құрттарын көрсетіп жүрсе керек.

-         Қу болса керек. Ежелгі бабаларымыздың заманынан бері келе жатқан сенімдерді қайта шығарыпты!

-         Тақсыр, оны не істейміз?

-         Анау сұрқия құрттарын отқа сал да, өзін әбден сабап, сандырақтарынан жұрт алдында бас тартқанша ұрыңдар.  Осы бір жалған атпен келушілер әбден басынып болды. Шығыстан келгендерге өзіміздің кім екенімізді көрсетуіміз керек. Біз  -  Батыстың адамдары, Шығыстың кез келген алаяғына сене беретін, олар сияқты жалба-жұлбалар емеспіз.

 

ХХ ғасырда

-         Сонымен не айтасың? Бізде Батыста ашылмаған, біз әлі білмейтіндей Шығыста ашылған жаңалықты білемін дейсің бе? Бұл әңгімені талай рет естігенбіз, бұдан мың жыл бұрыннан бері айтылып келеді.  Қазіргі  заманда адамзаттың ақыл-ойы бар жаңалыққа ұмтылған, оған жол ашық. Сені де тыңдап көрелік. Ал, кәне көрсете ғой, не ол тағы да   -  бірақ, уақытым аз, он бес минуттан кейін кездесуім бар. Қаласаң, ойларыңды жазып қалдыруға болады. Міне, қағаз.

Сұлтанның  білімді  құлы

Ұлы білімдар сопы Айяз бұрын құл болған екен. Оның білімділігін көрген Махмұт сұлтан Айязды өзіне жақындатып қызметіне алады. Бір күні сұлтан сарайының бір адамы Айязға:

- Сен бұрын дәруіш болған адамсың, кейін тұтқынға түсіп енді көп жылдар бойы Махмұтқа қызмет етіп келесің. Сенің білімдарлығың мен әулиелігіңнің құдіреттілігі сонша, сен  сұлтаннан өзіңе еркіндік сұрасаң сұлтан саған бір сөзге келмей азаттық берген болар еді. Сен неге еріксіздікке көніп жүрсің? - деп сұрақ қояды.

- Егер мен құлдықтан босанған болсам, мен сияқты құл болып жүріп Пір болған адамның үлгісін менен басқа кім көрсетеді? Сосын, егер мен патшаның қасынан кетсем оның маңындағыларға сөзін жеткізе алатын басқа біреу табыла ма? Мені Махмұт сұлтан тыңдаған соң ғана оның қасындағылар мені тыңдап келеді емес пе?! Жарқыным, мына төрткүл дүниені сендер сияқтылар жасадыңдар. Өздерің жасаған темір торлы дүниенің неге құлы боласың деп маған сұрақ қойып отырсыңдар.

 

Тәжірибе

Білімдар сопыға мынадай сұрақты қойыпты:

- Сіз неге жас кезіңізде ғана тәжірибе іздеп дүние кезіп жүрдіңіз?

- Егер мен атағым шыққан кезде дүние кезсем, жұрт маған басқа көзбен қарап, басқаша сөйлескен болар еді. Маған өте қажет тәжірибені  жинап ала алмаған болар едім.

 

Әдебиет

Ибн  Юсуптың айтқаны:

-  Маған оқыған кітаптары жайлы, сол кітаптар жайлы пікірлерін айтып немесе жазған кітаптарын көрсетуге, олар жайлы пікір естуге және тағы басқа жағдайларын айтушы адамдардың көптігі сонша, менің сөз шеберлігім сарқылды. Басымдағы осы жағдайымды айтып бір дәрігерге бардым. Ол жәй дәрігер емес, ақылды кісі еді. Мен оған:

- Маған осы келушілерден қорғайтын бір дәрі берші  -  дедім.  Ол менің қолыма тағы бір кітапты ұстатты. Бұл кітапты барлық оқырмандарға көрсетуге тиіс едім. Кітапты ашып қарасам, ішінде бір ғана сөйлем сөз жазылыпты:  «Осы бір ауыз сөйлемді оқуға кеткен уақытыңды бұдан да пайдалы басқа бір іске, басқа бір әдіспен  жұмсағаның дұрыс болар еді».

 

Кімді  білімге үйрету  қиын?

Ежелгі білімдар сопының айтқаны:

Үш түрлі адамды үйрету ерекше қиын:

- бірнәрсеге қолы жетсе болды, соған масаттанатын адамды;

- бірнәрсеге үйреніп алған соң: «осы кезге дейін қалай білмей келгенмін» деп қамығатындарды;

- қалай үйрендім, қалай тоқыдым, қалай өстім деп өсіп келе жатқанын сезуді ғана ойлап жүріп, ештеңені сезбейтіндерді.

 

Табысқа жету

Бір адам білімдар сопыға келіп:

- Табысқа қалай жетуге болады, үйретші - депті.

Сопы:  - Табыстан да зорға жетуге үйретейін. Мен сені әуелі табысқа жете алмай жүргендерге кеңпейіл болуға үйретемін. Сонда ғана сен өзіңнің табысқа жетуіңе жол ашасың, жолың ашыла беретін болады. Ең бастысы  -  мен сені табысқа жеткендерге кеңпейіл болуды үйретемін. Бұл қасиет бойыңда болмаса қатыгездігің басым болып, өзіңді табысқа жетелейтін іспен айналыса алмай қаласың.

Сенім

«Мен сене аламын», «мен сене алмаймын» деп айтуға асықпа. Әуелі сену  мен сенбеуді айыра алатын  Шебер болып ал.

Бағыныштылар

Ең қисынсыз қанаушылық   -    бағыныштылардың қанауында  болу.          Саади.

Бақытты ету

Егер сіз адамды бақытты еткіңіз келсе немесе бақыттымын деп ойлатқыңыз келсе оған ақша, билік, мақтау, сый-құрмет ұсын.

Егер дана адамды бақытты еткіңіз келсе    -   өзіңді жетілдір!

Адам және  ерлік

Адам  -  нағыз батыр.   Оның  қайда жүрсе де азаттық үшін, шектелген еркіндік үшін күресіп жүргенін көресің. Бірақ, адам сонымен қатар өзін құл ету үшін де аянбай күресіп келеді. Мысалы, азаттық идеясы үшін құлай түсіп күресу  - құлдықтың бір түрі. Мұндайлар азаттық күресінің бұғауына өзі түседі де, сол күрестен басқа қолынан ештеңе келмейді.

Сөз қалдыру

Артыңнан сөз қалдырудың басты шарты  -  ол сөзді бірінші болып айту, дөп тигізіп айту, қызық етіп айтуда емес.  Ең бастысы  -  қажет кезінде айту.

Өсек

Сіз  Ол адамды білмейсіз   -  сондықтан да Ол жайлы жаман айтуыңызға болады.

Сіз  Ол жайлы аз-кем білесіз. Сондықтан да оныңызды мақтан тұтасыз.

Сіз Ол жайлы жақсы білесіз   -  енді жамандауыңызды жалғастыра беруіңізге болады.

Кітап  пен  есек

Есекке қанша ақылды кітаптарды артсаң да оның есек болып қала беретінін білеміз.

Ал бойына кітап артқан, бірақ дегеніне жете алмаған, нәтижесіз ой-пікірлері мен жазба-сызбаларды арқалаған адамды данаға ұқсататынымыз қалай?

Ішінде не  жатыр?

Кейбір адамдар былай деп айтқанда сақ болыңыз: «Маған сіздің көзқарасыңыз ұнамайды, бірақ мен сіздің өз пікіріңізді айтуыңызға мүмкіндік берілуі қажет деп санаймын».

Ондаған жылдар бойы осы пікірді есітіп келемін, бірақ ондай кісінің ішкі ойы былай ма деп түсінемін: «Осылай деп айтқан адамның өз құқы бар екені анық. Күндердің бір күнінде мен оның ой-пікіріне түсіністікпен қарармын. Бірақ, мен бүгін оның көзқарастарына қарсы басқаша күрес тәсілдерін қолданатын боламын, әзірше мен оған қарсы иммунитет жасап аламын»

Осындай адамдарға, оларды жұрт адал көзқарастылар деп бағалайды, жіті көзбен байқап көріңіздерші. Олардың сөзі мен ісіне, ойларына, пікірлеріне зер салыңдаршы.

Мұрат

Ұлы қолбасшы  Ескендір  Зұлқарнай Шығысқа жорық жасар алдында өзіне:  «Мен өлмейтін  Өмір беретін мәңгі суды табамын» деп мұрат қойса керек. Жорығының аяғына таман ұлы қолбасшы бір үңгірден өлмейтін Өмір беретін бұлақ суын тапса керек. Ескендір патша суды ішпек болып еңкейе бергенде үңгірден шыққан белгісіз дыбысты естиді. Патша басын көтеріп қараса қараңғы үңгірдің түкпірінде отырған қарғаны көреді. Қарғаға тіл бітіп:

- Құдай үшін жалбарынамын! Ішпе, тоқта! - дейді.

Патша таң қалып, неге бұл суды ішуге болмайтынын сұрайды.  Сонда  Қарға:

-  Ұлы патшам, маған қарашы! Мен де өлмейтін Өмір беретін осы суды іздедім. Тапқан сәтте осы бұлаққа ұмтылып қанып іштім. Міне, мың жыл болды, бір көзім көрмей қалды, тұмсығым тұқылды, тырнағым мұқалды, қанаттарым түсті. Бір ғана тілегім бар, бірақ ол орындалмайтын тілек:  МЕН ӨЛГІМ  КЕЛЕДІ, БІРАҚ ӨЛЕ АЛМАЙМЫН.

Сонда ұлы қолбасшы түсінген екен:  «Алдыңа мұрат қойсаң оны түсініп қой, көңілің қалаған нәрсені мұрат қоймау керек екен» деп жорығын аяқтапты.

Орысшадан аударған: Сағат Жүсіп, аудармашы,көсемсөзші.

"Абай-ақпарат"

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5340