Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3205 0 пікір 6 Қыркүйек, 2012 сағат 05:57

Хаттар: Біз және үй тапсырмасы немесе Ана құрсағынан Аллаға дейін...

Өміржан Әбдіхалық:
Өте оңай әрі азапты жол. Бұл жолдың мен білетін бірнеше атауы бар. Өмір, жалған, ғұмыр. Мұның бәрі адамдардың қойған аты. Шын мәнінде қалай аталатыны бір Аллаға аян. Осы Өмір мен саналы жан иесі туралы ойлай бастасам, менің көз алдыма бір әйелдің бейнесі келеді. Ол менің қызметтесім. Сол әйел күнде таңертең жұмысқа келген бойда айнаға қарап, әйелге тән қасиетпен таранады, боянады. Өзінің сұлу екеніне(әрине өз ұғымында) көз жеткізеді. Сонда ол әйел үйінде өзіне қарауға уақыт таппайды. Адам дәл осы әйелге ұқсайды. Басты дүниеге қол тимейді. Ақталу. 

Өміржан Әбдіхалық:
Өте оңай әрі азапты жол. Бұл жолдың мен білетін бірнеше атауы бар. Өмір, жалған, ғұмыр. Мұның бәрі адамдардың қойған аты. Шын мәнінде қалай аталатыны бір Аллаға аян. Осы Өмір мен саналы жан иесі туралы ойлай бастасам, менің көз алдыма бір әйелдің бейнесі келеді. Ол менің қызметтесім. Сол әйел күнде таңертең жұмысқа келген бойда айнаға қарап, әйелге тән қасиетпен таранады, боянады. Өзінің сұлу екеніне(әрине өз ұғымында) көз жеткізеді. Сонда ол әйел үйінде өзіне қарауға уақыт таппайды. Адам дәл осы әйелге ұқсайды. Басты дүниеге қол тимейді. Ақталу. 
Мен қарапайым пенделер сияқты ойлаймын. Қарапайым пенде не ойлайды екен дейсіз ғой. Барлық жаратылыс туралы. Бұл еріккендік емесе. Жай ғана қызығушымыз. Мен ойлаймын адам о бастан жерлік емес. Жерді өз үйіндей сезіне алмайды. Адам ұғымындағы жақсылықтың барлығына кенеліп тұрса да адам жаны бір нәрсені қажет етіп тұрады. Ол қажеттілік жанның өз туған жеріне, яғни мәңгілікке деген сағынышы. Ал сол жанды жайлы мекенінен айырған не дейсіз ғой? Бар болғаны бір әйелдің қателігі. Адам ұрпағының жер азабын тартуына алып келді. Сонда адамның өз қабырғасы өзіне қастандық жасады. Бұл қастандыққа Ұлы жаратушы зор қамқорлық жасады. Өзінің сүйікті туындысы Адам үшін жерді және адамға қажеттінің барлығын жасады. Адамға не қажет екендігін оның Ұлы Иесінен артық ешкім білмейді. Атымның сыры өзіме мәлім дегендей. 
Барлығына кеңдік көрсеткен Ұлы Жаратушы адамға өте жеңіл және өзіне жақындататын тапсырмалар жиынтығын берді. Адам жердегі ғұмырын тапсырма орындаудан емес, Сайтанға қызмет көрсетуден бастады. Біз өркениет деп өзімсінген дүние отпен бастау алды. Одан кейінгісі өлгендерге, бүгінгісі бізге мәлім. 
Сонда Өмір - үй тапсырмалар жиынтығы да, адам оқушы. Қалғаны оқушының сана мүмкіндігі мен жаратушының ықпалды күші. 
Адам өзін қинаған және жауабын таба алмайтын дүниенің барлығын Аллаһ пен Өмірге итермелейді. Және өзі ойлап тапқан дүниеге өлердей сенеді. 
Адам күрделі болмыс иесі деп жатамыз. Шындығында адамға деген көзқарас күрделі. Біз оның күрделі екеніне сенеміз. Сосын солай көрінеді. Әйтпесе барлығы анық. Түсінікті. Қарапайым. Бәлкім мұның бәрі езуіңізге күлкі үйіретін шығар.

27.11. 06.

Мақсат Мәліков:
Сіз езуге үйрілетін күлкі жайында айтасың, ал мен шынымды жеткізсем, жылағым келіп отыр. Өкініштісі, не үшін екендігін өзім де білмеймін. Бәлкім, Жаратушыдан Жаралушыға дейінгі аралықтың сұрықсыз келбетін санамызға соншалықты сіңіргеннен шығар... ойымның бір ұшы осыған келіп тіреледі. Дегенмен, кім біліпті, өзің айтқандай: «адамға деген көзқарас күрделі» болып тұрған да; қабырғаң сатқындық жасағанда; Ана құрсағынан Аллаға дейінгі тірлігің сайтанға қызмет көрсетуден әрі аспағанда, қалай ойлайсың, бір нәрсені кесіп- пішу қиын ғой. Және біз түптеп келгенде өзің үшін емес, тек көзқарас үшін өмір сүреміз. Жақсы киім киіп, әдемі сөйлеуіміз, жылы шыраймен жасаған қарым- қатынасымыз, қызметіміз, жиып- терген атақ- даңқымыз, бәрі- бәрі «тоғышар көзқарас» үшін ғана. Сондықтан біз көзқарастан өлердей қорқамыз. Бірақ көзқарастың ешқашан да нақтылықты, ақиқатты білдірмейтіндігін ұғынғымыз келмейді. Көзқарас бізді көрден құтқарып қала алмайды, алайда, көзқарас салған таңбамен ана жаққа аттанамыз. Біз ана құрсағынан мына жалғанға тәніміз бен санамыз тыр жалаңаш қалпымен келгенмен, тәнімізге кебін киіп кетеміз. Неге? Не үшін қажет? Бәлкім бойымыздағы бар былықты жасырғымыз келетін шығар, түсініксіз. Міне, көзқарастың құдіреттілігі осы. Ал осыған жауап беріп көрелік, көзқарас несімен құдіретті. Өзің тілге тиек еткендей, біз қарапайым пендеміз. Бірақ, сенің қателігің қарапайым пенде барлық жаратылыс туралы ештеңе де ойламайды. Бас қатарып жатудың өзін артық санайды. Пенделер ойынның барар жері қарын ғана, әрі кетсе келесі өмір жайында аздап ойлаған болады. Онда да өз жанының қажеттілігі мен санасының еркіндігі тұрғысынан емес, өлімнен қорыққаны үшін. Басқасының барлығы көзқарастың шырмауына түскен. Ал әйтеуір соған сенуге тиіссің деген санамызда саңылау бар ұл Жаратушы, бізге қамқорлық жасаған емес. Ең болмағанда оның бойында өзі ойнайтын қуыршағына деген сәби көңілдің ақ ниеті табылса ғой шіркін. Жоқ, табылмайды. Жаратушы ием пенделерін атам заманда жек көріп кеткен, яғни, қабырғаң қастандық жасаған сәттен бастап. Жазамыз сол кезде кесілген, жерге қуылу арқылы. Сондықтан да, белгілі бір жазушының белгілі шығармасындағы кейпікердің «Бір тозақтан алып, бір тозаққа салғанда не түседі» дегеннің кері келеді. Әділетсіздіктің өзі Жаратушы мен Жаралушы деген сөзден шығады. Біреуі екіншісіне бағынышты. Ойлап көрші, басымыз Алланың добы, тәніміз бен жанымыз көзқарастың жетегінде, сонда біз кімбіз. Қорқыныштысы біздің бойымыздағы биологиялық инстинктің өзі жойылып барады. Біз нашар оқушының дәптеріміз. Дегенмен содан жанымызды арашалап алуға деген көзсіз жанкештігіліміз, пенделік қырымыздың тағы бір парағын ашып береді ғой. Сенісің бе, сен алға тартқан үй тапсырмасы мені баяғыда ақ жалықтырған. Әттең, осының бәрін Ана құрсағында жатып ақ түйсінгенде ғой...

12.12.06. сағат 14:26. 

Өміржан Әбдіхалық:
Аса құрметті сапарласым! Өзім сайранжайға балайтын сізге ұнамаған секілді. Әуелі кешірім, Заудағалам өз оймызға өзіміз қарсы шығып жатсақ кешірсін. 
Егер Ұлы жаратушы сізді ұмыт қалдырған болса сіз қолына пышақ ұстаған сәбидік күйін кешер едіңіз. Мойындаңызшы, бір әйелдің жасаған қателігі тіпті де жаман емес қой. Бір қарағанда. Әрине, Ана құрсағынан Аллаға дейінгі аралықты кесіп- пішуде оңай емес. Бұл жолды жүріп өтуде жеңіл тимейді. 
Сіз айтып отырған көзқарас адамның әрі досы әрі қасы. Көзқарас сенің «меніңді» дәлелдесе, сол көзқарас өзің туралы өзіңді жоғалтады. 
Көзқарас - адамға ғана тән. Құдайда көзқарас жоқ. Құдай бұйырушы һәм жаратушы. Сіз жылағыңыз келсе Құдай сіз үшін қатты қапалы. Құдай сізді емес, сіздің асқазанмен ғана өлшенетін, мумия жағып сақтауға тырысатын сасық денеңізді күйретіп жүрген өзі жартқан жанды рухты аяйды. 
Жалпы өмір сүру дегеніміз белгі қойылған жерден жолды кесіп өту емес. Құран өмірде бағдаршамдық рол атқарушы. Ал сіз бар болғаны мәшинасыз. Барар жеріңіз белгілі, бірақ қай көшемен баратыныңыз белгісіз. Бағдаршамдар алдында таңертең кешке басталатын көліктердің ... адамдардың жастық өлшемі. Сол мәшинаның ішіндегі көңіл- күйіңіз өмір сүруіңіз. Адамның бар проблемасы оның санасы. Бұл сана жүйеленбеген. Адам іс- әрекетінің әр түрлі сипатта болуы жалпы адамға тән барлық дүние, нәрсе сол жүйесіздіктен. Сана толық жүйеленуі мүмкін емес. Адам болу дегеніңіздің өзі осы сананың белгілі бір бөлшегін жүйелеу. 
Өмір сынағына жіберілетін сіз емес, жан. Сіз бар болғаны жанды жасырып тұрған тұтас денесіз. Адамның жасаған барлық төңкерісі шын мәнінде өте аянышты, күлкілі нәрсе. 

Мақсат Мәліков:
Сізден тағы да үш бу сәлемін арқалаған жауап хат келіпті. Көрдім, оқыдым, санамның жеткен жеріне дейін саралап көрген болдым. Бірақ мен бір нәрсеге қатты таң қаламын, неге осы біздің айтқандарымыздың ақыры Аллаға келіп тіреле береді. Бәлкім Жаратушы өзінің сәтсіз туындысын(адамдарға қатыстысын айтамындағы) жанына өте жақын санағанмен, өзінен соншалықты алыс та ұстайтындығын түсінбейтіндігімізден немесе түсінгіміз келмейтіндігінен шығар. Сен тағы да бір әйелдің қателігін алға тартасың және Ұлы жаратушының қаперінен тыс қалуды сонымен салыстырып, өзіңнің түсінігіңдегі ой қортындысын сыртқа шығарғың келеді. Дұрыс та шығар пікірің, дегенмен бір әйелдің қателігін кешірмеген Жаратушы, сол әйелдің айтқанына көнген пендесі мен Ана құрсағынан өзіне дейінгі аралықта көзқарастың боданы болған һәм күнәға белшесінен батқан жұмыр бастының әрекетін кешіре қояды деп ойлайсың ба? Жоқ, логикалық тұрғыдан да мүмкін емес. Яғни, ешқашан кешірмейді. Қазіргі адамзат сол кешірімсіз күнәнің айқын айғағы ғана. Сонда деймін ау, бағдаршамның алдында таңертеңнен кешке дейін тұратын сәттің сипатын келтіретін өмірің, тырбанған тірлігің, тіптен Жаратқанға жазықсыз кейіпке еніп жалбарынуың, бәрі- бәрі бекер емес пе. Бірде газет бетінен Амангелді(Кеңшілікұлы) ағамның «Қазақты Құдай да сүймейді» деген сөздерін оқығаным бар. Сонда мен жеріне жеткізіп айту керек деп ойлаған едім. Яғни, Құдай адам баласын сүймейді. Білесің бе, адам баласы әлі күнге дейін өз санасының қалауымен әрекет жасап көрген жоқ. Сенің түйсігіңдегі «көзқарас» «меніңді» дәлдемейді, керісінше құртуға даяр тұрады. 
Сірә біздің бұл айтқандарымыз «қараңғы жерде жоқ қара мысықты іздегеннің» керін келтірмесін десек, ақырындап жерге түссек деймін. Бәрі- бәрі пенделік түйсігіміздің қалыбынан шығып жатқаннан кейін, сол дұрыс деп ойлаймын. Әңгіме барысы Ана құрсағынан Аллаға дейінгі арлықта басталған еді ғой, яғни «А» қаласынан «Б» қаласына дейінгі аралық. Біз осы, ешқандай траектория мен жолсыз ақ, «А» қаласынан «Б» қаласынан топ етіп түсе қалғандаймыз. Осыны сәл ойланайық... Қоғамыңда не жаңалық? 
(Жалғасы бар)

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5357