Жұма, 29 Наурыз 2024
Өзгеріс 3956 11 пікір 11 Қаңтар, 2022 сағат 14:03

Биліктің назарына: Бүгінгі қазақ - бұрынғы қазақ емес!

Кеңестік дәуір бізге өз ұлтынан тыс өмір сүретін, орысша ойлап, бұрынғы отаршылар тілінде сөйлейтін төрешілдік (бюрократиялық) аппаратты мұраға қалдырды. Осы мұраның өкілдерінің кесірінен Бұрынғы КОКП (КПСС) рөлін әуелі «Отан», кейін «Нұр Отан» жеке дара жаңа әлеуметтік-саяси жағдайда 30 жыл бойы қазақтанған ел-жұртпен санаспай жүзеге асыра бастады. Бұрынғы орыс тілді өңірлер шегіне жете кедейленген қазақ тілділердің тас керең қоғамдағы меңіреуленген мекеніне айналды.

Төрешілдік аппараттың тізгінін ұстағандар автохонды көпшілікпен санасуды қойып, өздеріне қажет түрлі реформалар арқылы ойларына келгенді істеп, ата-бабамыздан мұраға қалған бүкіл байлықты 30 жыл бойы өзара тең бөлісті. Биліктегілердің бизнесі өзара ауыз жаласып, қарапайым жұрт күнделікті өмірде тұтынатын барлық тауарлардың бағасын ай сайын өсіруді дағдыға айналдырды. Нәтижесінде жіліктің майлы басы болып саналатын барлық бизнес саласы қазақпен пікірі жараспайтын орыс тілді жеке бір топтың басы бүтін меншігіне айналды. Соңғы малын сатып, ірілі-ұсақты қалаға ағылған көпшіліктің мүддесін ойлайтын не саяси партия, не қозғалыс өмірге келген емес. Келмейді де. Себебі партиялар тек сайлау кезінде ғана жалған уәде береді.

Ең бастысы қазақ тілді жалпыұлттық кәсіподақтың құрылмауы барыс жылғы қаңтардағы қақтығысқа ұрындырды. Осындай қақтығыстың орын алуына тек билік емес, сонымен қатар оппозиция да кінәлі. Оппозация 30 жылда Елбасымен терезесі тең саяси тұлғаны өмірге әкеле алмады. Партиялар әлі күнге бірін-бірі жамандап, биліктің әм шетелдік түрлі ұйымдардың бөлген ақшасын қанағат етіп келеді. Билікке сөздерін өткізіп, қазақ тілді жұртты соңынан ертуді мақсат еткен емес.

Алаңға шыққан жұртты басқаратын арнайы ұйымның болмауы, жұрт тек ақпараттық технологияның арқасында бірінен-бірі біліп, намысқа тырысып, балаларының, ұрпағының болашағын ойлап, қалыптасқан жағдайға қатысты өз көзқарасын білдіруі үшін бүкіл Қазақстан бойынша әр аймақта жаппай бір жерге ұйымдасқан түрде жиналуы көп нәрсені ұқтырады. Осыны теріс пиғылда пайдаланғандардың кесірінен қантөгіс орын алды. Үкімет жағдайды шешу үшін өзі құрған комиссия құрамына халық атынан сөз сөйлейтін кімді кіргізерін білмей дағдырды. Өйткені, оларды тақыр кедейленген, бар тапқанын банкідегі қарыздары жалмап жатқан, өз отанынан басқа барар жері жоқ қазақ қамы үшін ел тағдырын ойлайтын бірде-бір ұйымның жоқтығы шын тығырыққа тіреді.

Саяси талап қоймайтын, ел қамы үшін билікпен бүкпесіз ашық диалогқа баратын, қазақ атынан сөйлегенде ұлтымыздың әлеуметтік-экномикалық мүддесін көздейтін қазақ тілді кәсіподақ құрылмай еш шаруа бітпейді.

Барыс жылғы оқиға қазаққа билік пен орыс тілді оппозиция ойдан шығарған 130 ұлттың ішіндегі ең сорлысы, ешкімге керексіз алаш баласы екенін танытты. Қазақ жалпыұлттық кәсіподақ құрмай қалыптасқан жағдайды еш түзей алмайды. Көшеге шыққан жұрт қой бастаған серкесіз босқа сеңделеді. Бүгінгі қазақ бұрынғы қазақ емес, оған сөзін сөйлейтін ұйым мен партия керек. Партияның жұрт сеніміне ие болуына көп уақыт қажет. Ұлттық Кәсіподақ болса, жұртпен күн сайын бірге. Аузынан ақ май аққан биліктегі шәнеуініктерді тек ұлттық қазақ тілді кәсіподақ қана тәубесіне келтіріп, ел жағдайын бір өзі түзей алады.

Билік жұртты жаппай жазаламай, бас көтерген азаматтарды қаралап ағаш атқа мінгізбей, ел атынан сөз сөйлейтін қазақ кәсіподағының құрылуына жағдай жасауға тиіс. Халық пен билік арасындағы алтын көпір – қазақ тілді Жалпыұлттық Кәсіподақ. Барыс қаңтары бізге соны ұқтырды. Қолданыстағы Заңмен 99 қақпан, 999 тұзақ құрылғандықтан жеке Ұлттық Партия құра алмай жүрген қоғам белсенділері бір мүдде, бір идеяға ғана бағынатын, көзқарас пен пікір алауыздығы жоқ кәсіподақ құруды қолға алмай іс бітпейді.

Әбіл-Серік Әліакбар

Abai.kz

11 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2276
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3594