Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2931 0 пікір 14 Шілде, 2009 сағат 19:42

Түркістанда адамдардың ҚҚБ жұқтыру ошағы дәрігерлердің бірі болуы мүмкін екені жоққа шығарылмай отыр

Шымкент. 14 шілде. ҚазТАГ – Түркістанда адамдардың қырым қанды безгегін жұқтыруының ошағы дәрігерлердің бірі болуы мүмкін екені жоққа шығарылмай отыр, деп хабарлады Оңтүстік Қазақстан облысының прокуроры Марат Ахметжанов.

Сонымен қатар, М. Ахметжанов «осы оқиға бойынша Түркістан қаласының прокуратурасы 11 шілдеде ҚР ҚК  267 б. 2 б. -  адамдардың жаппай ауруына, адам өліміне әкелген санитарлық –эпидемиологиялық ережелерді бұзу» бойынша қылмыстық іс қозғағанын мәлім етті.

Облыс прокурорының айтуынша, «тергеу ауру ошағы бала туған әйел емес, аурухана қызметкерлерінің бірі болуы мүмкін деген дәрігерлердің болжамын жоққа шығармайды». М. Ахметжанов ҚҚК бас көтеруінің себептерін анықтауға көмектесетін сот-медициналық сараптама жүргізілетінін хабарлады.

Ал Түркістан қалалық орталық ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімінде 12 шілдеде перзентхананың неонатолог дәрігері ( жаңа туған сәбилердің аурулары бойынша маман), 36 жастағы Шынар Бақбергенова қайтыс болды. Бұл туралы сейсенбі күні ТЖД хабарлады.

Ол 10 шілдеде 13 сағат 30 минутта гемморагиялық синдроммен күрделене түскен өткір респираторлық вирустық инфекцияның (ӨРВИ) ауыр түрі, мұрнынан қан кету диагнозымен ауруханаға жатқызылды. Кейін оған «қырым қанды безгегі» диагнозы қойылды. Ш. Бақбергенова - 29 маусымда ауруханаға түскен жүкті әйелге көмек көрсеткен дәрігерлердің бірі.

Бұрын хабарланғандай, ана мен оның жаңа туған сәбиі шілде айының басында қайтыс болды. Кейін  9 шілдеде Шымкентте сырқатқа операция жасған қан тамырлары хирургиясының дәрігері З. Қабдиев көз жұмды. 10 шілде күні сағат 10.30-да Түркістан ОҚА жұқпалы аурулар бөліміне әйелді операциялған қалалық аурухананың хирургиялық бөлімінің меңгерушісі С. Өскенбаев түсті. Емдеу шараларына қарамастан, С. Өскенбаев 11 шілде күні сағат 00.10-да жұқпалы аурулар бөлімінде көз жұмды. 

10 шілдеде сағат 20:30-да инфекциялық бөлімге «орта ауырлықтағы ӨРВИ» диагнозымен Түркістан қаласында акушер-гинеколог дәрігер болып жұмыс істейтін 25 жасар Нұрбол Өтепбергенов түсті. Ол да науқас әйелді бірнеше рет қараған. 11-ші шілдеде сағат 00:40-та инфекциялық бөлімге перзентхана медбикесі, босанған анаға күтім жасаған – 34 жасар Айжан Қалыбекова түсті. ТЖД мәліметтері бойынша, Н. Өтепбергенов жағдайы жақсарған соң ауруханадан шығарылған, ал А. Қабылбекова 14-ші шілдеде шығарылды.

«ҚҚБ» диагнозы Старый Икан ауылының тұрғыны Мамадазим Әлімұратұлына да қойылды. Түркістан маңындағы ауылдың тұрғыны Түркістан ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне түсті.

Одан басқа, ТЖД хабарлауынша Оранғай аулынан өте ауыр халде Түркістанның инфекциялық ауруханасына ҚҚБ болуы мүмкін деген күдікпен 1951 жылғы С. Өскенбаев жатқызылды. 11-ші шілдеде С.Өскенбаев қайтыс болды.

Құқық қорғау органдары қалыптасқан жағдайда тұрғындарды тыныштандыруға әрекет жасап жатыр.

Сейсенбі күні, 14-ші шілдеде, ОҚО прокуроры Марат Ахметжанов «үрейленуге еш негіз жоқ, кеселді ауыздықтау шаралары қарастырылып жатыр» деп мәлімдеді.

«Сонымен қатар облыс халқына бұл безгектің тасымалдаушысы үй жануарлары мен кене екенін айта отырып, егер олар табиғатқа шыққан болса өздерінің денесін мұқият тексерулері керектігін ескертеміз. Егер кене шаққан жағдай болса, дәрігерлік мекемге қаралу керек», - дейді прокурор.

Алдын хабарланғандай, Оңтүстік Қазақстан облысында адамдардың қырым қанды безгегінен (ҚҚБ) қайтыс болу себептерін тексеру үшін денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевтің басшылығымен комиссия құрылды. Министр бүгін сол аймаққа кетті. Зерттеу нәтижелері бәлкім бүгін кешке жарияланып та қалар.

Конго-Қырым қанды безгегі (кейде оны ортаазиялық безгек деп те атайды) – вирустық табиғи-ошақталған кесел. Оның қоздырғыштары кененің шағуы арқылы беріледі. Таралған жерлері - Ресейдің оңтүстігі мен, Болгария, Югославия,Орта Азия, Пәкістан, Қытай, Африканың кейбір елдері. Ең алғаш бұл кеселдің вирусы 1945 жылы Қырымда анықталды. Одан кейін 1956 жылы Конгода осындай кесел анықталып, оның да вирусы қырымдағыдай болған соң, бұл кесел содан бері Конго-Қырыс геморрогиялық безгек деп аталады.

Кеселдің инкубациялық мерзімі 14 күнге дейін барады, бірақ көбінде 3-5 күн. Өтуі өте тез. Бірінші кезеңде адамның ыстығы цельсия бойынша 39-40 градустан асып, басы аурып, денесі түршігіп, кейде қалшылдап, беті мен адамның шырышты қабыршықтары қызарады. Адамның дірмәні құрып, бұлшық еттері аурып, буындары қақсап, жүрегі айнып, құсады. 2-4 күннен кейін кеселдің геморрагиялық кезеңі басталады. Науқастың жағдайы күрт нашарлап, шырышты қабыршақтары мен терілерінің кейбір жерлері қанталап, бөртіп, қызыл дақтанып кетеді. Аданмың мұрнынан, тістерінің қызыл еттерінен, кене шаққан жерлердең қан ағады. Іші өтіп, бауыры аурады, сары аурудың белгілерін береді. Бұл кеселден адамдардың өлуі 2-ден 50 %-ға дейін болады.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377