Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3063 0 пікір 19 Мамыр, 2009 сағат 13:27

Су аз келсе де, көп келсе де қауіпті

Жалпы, облыстық жұмылдыру даярлығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алу және жою жөніндегі басқарманың бастығы Халел МАҚСҰТОВТЫҢ айтуынша, көктемгі тасқын кезінде өңірде 47 елді мекен су басу қаупі төнер аймаққа кіреді екен. Демек, бұларда азық-түлік, киім-кешек, жанар-жағар май мен басқа да материалдық қор және өзге қажеттіліктің бәрі сақадай сай болуы керек.
Осы орайда, «қамданған қапы қалмайды» дегендей, облыстық әкімдік үстіміздегі жылғы 10 ақпанда-ақ көктемгі тасқыннан қорғану үшін сақтық шараларын ұйымдастыру және өткізу туралы тиісті қаулы алған-ды. Соған сәйкес қала мен барлық аудандардағы қорғаныс бөгеттерінің 683 678 текше метрі апатты учаске ретінде анықталды.
Өткен  қыс  кей  жылдармен  салыстырғанда жылы болды дегенмен, қолдағы құжаттар көршілес Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында қар көп екендігін айтады.  Демек,  Мұғалжар  тауынан  Қызылқоға және Жылыой аудандарына мол су келуі күтілуде. Осы орайда сонау 1993 жылы Миялы мен Құлсарыны басып кеткен тасқын зардабы сабақ болуы тиіс.
Жалпы, облыстық жұмылдыру даярлығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алу және жою жөніндегі басқарманың бастығы Халел Мақсұтовтың айтуынша, биыл Қызылқоға ауданы бойынша 20 мың шаршы метр жұмыс көлемі атқарылуы керек.

Жалпы, облыстық жұмылдыру даярлығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алу және жою жөніндегі басқарманың бастығы Халел МАҚСҰТОВТЫҢ айтуынша, көктемгі тасқын кезінде өңірде 47 елді мекен су басу қаупі төнер аймаққа кіреді екен. Демек, бұларда азық-түлік, киім-кешек, жанар-жағар май мен басқа да материалдық қор және өзге қажеттіліктің бәрі сақадай сай болуы керек.
Осы орайда, «қамданған қапы қалмайды» дегендей, облыстық әкімдік үстіміздегі жылғы 10 ақпанда-ақ көктемгі тасқыннан қорғану үшін сақтық шараларын ұйымдастыру және өткізу туралы тиісті қаулы алған-ды. Соған сәйкес қала мен барлық аудандардағы қорғаныс бөгеттерінің 683 678 текше метрі апатты учаске ретінде анықталды.
Өткен  қыс  кей  жылдармен  салыстырғанда жылы болды дегенмен, қолдағы құжаттар көршілес Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында қар көп екендігін айтады.  Демек,  Мұғалжар  тауынан  Қызылқоға және Жылыой аудандарына мол су келуі күтілуде. Осы орайда сонау 1993 жылы Миялы мен Құлсарыны басып кеткен тасқын зардабы сабақ болуы тиіс.
Жалпы, облыстық жұмылдыру даярлығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алу және жою жөніндегі басқарманың бастығы Халел Мақсұтовтың айтуынша, биыл Қызылқоға ауданы бойынша 20 мың шаршы метр жұмыс көлемі атқарылуы керек.
Жылыой ауданында тасқын Қараарна, Жем селолық округтерінің елді мекендеріне қауіп төндіреді. Қазір Құлсары қаласы, Шоқпартоғай және Тұрғызба селоларында 22 785 текше метр жұмыс көлемін атқару қажеттігі айқындалып отыр.
Осы орайда Индер ауданында 26 954 текше метр жұмыс көлемі атқарылуы қажет. Әсіресе, Жарсуат пен Құрылыс селоларына назар аударылмақшы. 
Махамбет ауданында да тасқынға тосқын жасау үшін 190 399 текше метр жұмыс көлемін атқару қажет.
Атырау қаласы бойынша Геолог поселкесі тұсында өзен жағалауын бетондау қажеттігі туындады. Мұнда қатты ағынмен келген су бұрылыстағы жағаны жырып, оның сағасы жыл санап кеңіп келеді. Сонымен қатар, Ақжар селосының маңындағы бөгетті де жөндеу қажет. Қазір оның әр жері құлап қалған. Сондай-ақ, Махамбет-Атырау темір жол көпірінің 323-ші шақырымында орналасқан бөгетті де шұғыл қалпына келтіру керек. Мұның да бұзылған жері бар, оның үстіне өзеннің қала жақ оң қапталы кеңіп кеткен. Жалпы, биыл Атырау қаласында 85 740 текше метр жұмыс көлемін атқару жоспарланды.
Исатай ауданына да Каспий теңізінен келер қатер бар. Әсіресе, Жанбай мен Забурын  елді   мекендеріне  назар  аударған жөн. Өткен жылы теңізден қатты жел соғып, Забурын селосына қауіп төнген болатын. Демек, аудан басшылығы өңірдегі ірі кәсіпорындардың күшімен тасқынға тосқын амалдарын қазір алғандары абзал.
Құрманғазы ауданы бойынша да бірқатар жұмыстар жасалмақ. Мұндағы Қиғаш өзеніне су жоғарыдағы Волжск қоймасынан келеді. Қазір Данай учаскесінде халыққа ауыз су беріп тұрған қондырғы орналасқан жердегі бөгетті бетондау қажеттігі туындады. Өйткені, оны су шайып кету қаупі бар. Жалпы, аудан бойынша 28 500 текше метр жұмыс көлемі атқарылуы керек.
Жалпы, мамандардың айтуынша, биыл Жайыққа су аз келуі де күтілуде. Демек, өзен бойындағы ауылдарда құрғақшылық орын алуы да ықтимал. Жаз ортасында Жайық деңгейі өткен жылғы мөлшерде болмақ. Демек, өзен арқылы суландырылатын каналдарға су шықпай, жүзбелі су сорғылары жағада қайырлап  қалмақ.  Яғни,  оларды  басқа орынға ауыстыру қажеттігі тумақ. Бұл қосымша қаржыны талап етеді.
Осы орайда биыл Қызылқоға ауданына көп су келсе, мол мүмкіндік те туғызылғалы отыр. Қазір  мұнда Миялы суландыру жүйесі жұмыс жасайды. Сол арқылы Миялы, Жанкелдин, Ойыл, Көздіғара, Тасшағыл және Жамбыл ауылдық округтерінің жайылымдары мен шабындықтарын суландыруға болады.
Негізі, о баста бұл құрылыс су аз келген жылдары қолдағы қорды тиімді пайдаланып, мақсатты жұмсауды реттеуге арналған-ды. Сол арқылы өр суымен аудан бойынша 24 мың гектар алқапты қамтуға мүмкіндік туады. Оның үстіне, жоғарыдан құйылатын судың алғашқы легін ұстап қалуға 20 млн. текше метрлік қойма да бар.
Бұдан басқа Ералы торабы – жоғарыдан мол су келгенде Ойыл өзенін тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін жүйе.  Қазір  бұл  торап   көктемгі   тасқынға дайын.
Жылыой ауданында су келген жылдары Қамыскөлді толтырып алуға жағдай жасалады. Бұл тұйық көлді әр жылы тазалап тұрмаса, түбіне түрлі шөгінділер орнығуы да ықтимал. Бұдан бірер жыл бұрын өр суы мол келгенде Қамыскөлдің өзін ғана емес, сонымен қатар оның іргелес жасанды бөлігін де сумен толтырудың сәті түскен-ді. Сонау жылғы тасқыннан соң жағалау да сенімді бекітілген. Қазір аудан басшылары Қамыскөл жағасын демалыс аймағына айналдырып, жайлы жағажай да жасап қойған. Демек, көл суының таза болуы өте қажет.
Жалпы, аудан бойынша Тұрғызба, Қамыскөл және Жаңа Қаратон жайылыс алқаптарын сумен қамту мақсатында Құржем өзенінің бойымен Тұрғызбаға қатынайтын көпірдің шығыс бетіндегі бұрынғы бөгетті қайта салу керек. Мұндай ұсынысты облыстық жұмылдыру даярлығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алу және жою жөніндегі басқарма жасап отыр. Оның мамандарының айтуынша, бұл жаз бойы ағатын Құржемнің суын тиімді пайдалануға мүмкіндік туғызады.
Негізі, ауданда шабындық және көлтабандарын сумен толтыру үшін Құржемнің маңызы зор.  Бұл  жерде  Ақтөбе облысынан келетін өр суы Тасшағыл бөгетіне тіреліп, шаруа қожалықтары және Тұрғызба, Жаңа Қаратон тұрғындары малын суаратын Жайлы көліне, одан әрі Тұрғызба өзегіне құйылады. Қазір ауданда көпірлердің асты тазартылып, жабайы бұталар шабылып, өр суын қабылдауға қажетті дайындықтар жасалды.
Исатай және Махамбет аудандарында Нарын, Бақсай және Атырау қаласында Соколок каналдары бар. Осы каналдардың  да   басы   тазартылып,  оларға балық өтпейтін қондырғылар орнатқан абзал. Яғни, сумен толтыру және бөгеттерді ашу-жабу жұмыстарына жергілікті атқарушы билікпен бірге «Атыраусушар» республикалық-мемлекеттік кәсіпорны да атсалысқаны жөн.
Мамандар облыс территориясы  арқылы өтетін республикалық деңгейдегі жолдарды да су басып кету қаупінен қорғау қажеттігін айтады. Қазір біздегі оның ұзындығы 990 шақырым. Оның бойында 20 көпір мен 110 құбыр бар. Сонымен қатар, 53 көпір және 260 құбырларымен 1762 шақырымдық облыстық деңгейдегі автомобиль жолы да назардан тыс қалмау  керек. Демек,  «Казавтодор» республикалық-мемлекеттік кәсіпорнына жергілікті атқарушы билікпен бірлесіп, бұл бағытта нақты шаралар алған жөн.
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясына қарасты жергілікті құрылымдар да өздеріне тиесілі 58 көпірасты өткелдері мен 145 су өткізгіш құбырларды тазартыпты. Демек, оның бойымен де өр суы еркін өте алады.
Қазір күн жылынып, өзендердегі мұз еріп болды. Каспий теңізінің жағалауында да мұз жоқ. Демек, адамдардың абайсызда суға кетіп қалу қаупі күшейді. Әсіресе, балықшыларды сақтандырған жөн. Яғни, ішкі істер және судан құтқару қызметкерлеріне үлкен жауапкершілік жүктелмек.    
Осы орайда мамандар көктемгі су тасқыны кезінде елді мекендерді тұрақты электр энергиясымен қамтудың аса маңыздылығын да айтады. Демек, «Атырау-Жарық» акционерлік қоғамы мен ЭЧ-4 электр энергиясымен жабдықтау мекемесіне  де  жұмысын  жандандырған жөн.
Қазір облыстық денсаулық сақтау басқармасы арқылы 46 құрама топ жабдықталды. Ауруханалар, дәрігерлік амбулаториялар мен алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталықтары бір айға 100 зардап шегушіге қажетті дәрі-дәрмекпен қамтылды. Құрманғазы, Жылыой, Қызылқоға, Индер мен Махамбет аудандарындағы елді мекендердің дәрігерлік амбулаторияларына да қажетті медициналық құралдар жеткізілді.
Сонымен қатар, қала мен барлық аудандарда төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою бағытында 765 адам мен 355 техникадан тұратын 85 жылжымалы топ құрылды.
Алайда, мамандар арқаны кеңге салып, жайбарақат отыруға да болмайтынын ескертеді.

 

Меңдібай СҮМЕСІНОВ, «Атырау» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435