Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2932 0 пікір 19 Қазан, 2012 сағат 09:54

Алдады. Арбады. Ақыры сотталды

Алдау, арбау арқылы қалтаны қампайту - «Алға» радикалды тобының белсенділеріне тән қылық. Топтың басшысы Владимир Козлов бас бостандығынан айырылды. Ендігі жерде Козлов жазасын өтейді, ал «алғалықтарды» желпіндіріп, дем берген Мұхтар Әбілязов шетелде шайқап жүр. Ғаламтордағы қауым екеуге қатысты пікірін бүкпесіз жеткізуде. Шеті мен шегі көрінбейтін ғаламтор әлемінде дамыл жоқ. Бірақ Козлов пен Әбілязовтың құлағына халықтың үндеуі жетер ме?! Козловтың қитұрқы әрекеттері сот отырысында әшкере болды. Ашық та әділ өткен сот отырысы елдің назарында еді. Халықаралық сарапшылар мен отандық мамандардың басын қосқан отырыс барысында Владимир Коз­ловтың шынайы бет-бейнесі айқын­далды. Әбілязовтың «қуыр­шағына» айналып, 2011 жылдың желтоқсанында Жаңа­өзендегі наразы мұнайшылардың бас көтеруіне себепкер болған да Козлов. Ең қызығы, «алғалықтардың» «әкесіне» айналған Владимир Козлов ресми түрде жұмыссыз адамдардың санатына жата­ды. Бірақ Владимир мырза 500 мың АҚШ долларын заң­дастырып алған. Мұн­дай ақшаны Коз­ловқа жіберіп «жарылқайтын» - Мұх­тар Әбілязов. Кезінде жаза басып, түрмеге тоғытылып, сонан соң ақталып шығып, БТА-банкінің басшылық орнына қайта жайғасқан Әбілязов банкке сенім артқан елдің 7 миллиард теңгесін жымқырып кеткені белгілі. Қазір бұрнағы банкир, бүгінгі ұры Мұхтар Лондонның төрінде шалқып жүр.

Алдау, арбау арқылы қалтаны қампайту - «Алға» радикалды тобының белсенділеріне тән қылық. Топтың басшысы Владимир Козлов бас бостандығынан айырылды. Ендігі жерде Козлов жазасын өтейді, ал «алғалықтарды» желпіндіріп, дем берген Мұхтар Әбілязов шетелде шайқап жүр. Ғаламтордағы қауым екеуге қатысты пікірін бүкпесіз жеткізуде. Шеті мен шегі көрінбейтін ғаламтор әлемінде дамыл жоқ. Бірақ Козлов пен Әбілязовтың құлағына халықтың үндеуі жетер ме?! Козловтың қитұрқы әрекеттері сот отырысында әшкере болды. Ашық та әділ өткен сот отырысы елдің назарында еді. Халықаралық сарапшылар мен отандық мамандардың басын қосқан отырыс барысында Владимир Коз­ловтың шынайы бет-бейнесі айқын­далды. Әбілязовтың «қуыр­шағына» айналып, 2011 жылдың желтоқсанында Жаңа­өзендегі наразы мұнайшылардың бас көтеруіне себепкер болған да Козлов. Ең қызығы, «алғалықтардың» «әкесіне» айналған Владимир Козлов ресми түрде жұмыссыз адамдардың санатына жата­ды. Бірақ Владимир мырза 500 мың АҚШ долларын заң­дастырып алған. Мұн­дай ақшаны Коз­ловқа жіберіп «жарылқайтын» - Мұх­тар Әбілязов. Кезінде жаза басып, түрмеге тоғытылып, сонан соң ақталып шығып, БТА-банкінің басшылық орнына қайта жайғасқан Әбілязов банкке сенім артқан елдің 7 миллиард теңгесін жымқырып кеткені белгілі. Қазір бұрнағы банкир, бүгінгі ұры Мұхтар Лондонның төрінде шалқып жүр. Ал ашынған халық ғаламтор арқылы Әбілязовтан ақшасын кері қайтаруды сұрайды. Бірақ Мұхтарға халықтың зарлы үні жете қоймас. «www.zonakz.net/blogs/user/mybestfriend/» сілтемесін терсеңіз, Әбілязовтың қы­руар қаржысы туралы былай делінген «Сарапшылардың айтуынша, БТА-банкінің Директорлар кеңесінің төр­ағасы қызметінде отырған кезінде Әбілязов банктен 10 млрд дол­-лар жымқырған. Тергеу амалдары оның қымбат бағалы 20 үй, 9 әкімшілік ғима­рат, Алматы облысында 171 жер телімі, 967 пәтері, аса жайлы бірнеше жеке­меншік ұшағы, гараждары, бағасы бір­неше пәтермен бірдей тұратын қым­бат ав­токөліктері, жалпы құны миллиард­тап саналатын бағалы қағаздары ба­­рын анықтады. Тіпті, БТА-банкінің ақша­сы­на Әбілязов тұтас бір авиафлот сатып алып, оны қалай болса солай пайдалан­ған. Әйелі шетелге барып қайтқысы келе ме, есік алдында автокөлігі секілді, ұшаққа мінеді де жүре береді. Бала-ша­ғасы Ка­риб аралдарына барғысы келе
ме, олар­дың өз тілдерінде айтқанда «по­жа­луис­та!» Қазақ «семіздікті қой ғана көтере­ді» дейді. Әбілязов елде жүріп семіздікті көтере алмады. Әйтпесе оған не жетпеді деген сауал әр азаматтың санасында қылаң береді». Халықтың ақшасын сыпырып алып, Ұлыбри­та­нияға тайып тұрған банкирдің ар­қасында күн көріп жүрген «Алға» пар­тиясының белсен­ділерінің де қал­тасы тесік емес. Мұхтар Әбілязовтың Қа­зақстандағы көзі һәм құлағына айнал­ған топтың есебі түгел. «Тек 2006-2007-жылдары Мұх­тар Әбiлязовқа жақын жүретін үш адам: Владимир Козлов -
63 250 000 теңге, Мұратбек Кетебаев - 438 020 000 тең­ге, Бауыржан Кетебаев - 61 600 000 тең­­ге заңдастырған. Жиын­­­тығы 562 мил­лион 870 мың тең­ге. Бұл фактіні Алматы қаласының са­лық ко­ми­теті растап бере алады. Сонда, мұн­шама қар­жы бұл үшеуіне қайдан келді? Әри­не, Мұхтар Әбілязовтан» дейді автор.
Расында, жұмыссыз жүріп, халықты бос ұранмен алдап, арбаған өзін сая­саткермін деп жариялайтын азамат­тар­дың қылығын кешіру мүмкін емес. Владимир Козловтың халықты алдауға машықтанғаны соншалық, кез келген бүлікті оңай ұйымдастыра алады. Тек Лондонның төрінен керекті қаражат бөлінсе болды. «Владимир Козлов мұ­найлы өңір Маңғыстауды жақсы біле­тіндердің бірі. 1990-жылдары сол өңірде жеке телекомпания ашып, таныс-та­мырды көбейтіп алған. Ал Жаңаөзендегі мұнайшылар жалақы туралы талап қойған кезде өңірге қайта-қайта барып жүріп, бейбіт талаптың бетін басқа жаққа бұруға жан сала кірісті. Өз мақсатына аймақтан азаматтарды тартты. Мұнай­шылардың ұялы бай­ланысы үшін ақша төлеу, ас беріп, жұртты жинау арқылы өздерінің негізгі идея­ларын бұқара арасына таратуға ты­рыс­ты. Ақша мен билікке олардың шексіз құмарлығы кім-кімнің де тағдыр тала­йына енжар қарауға үйреткен» делін­ген «www.zonakz.net» сайтында. Сот отырысында Талғат Сақтағанов Коз­ловпен Варшаваға Еу­ропарламент де­путаттарымен кездесу­ге барғанын, сол жерде ашынған халық­тың «жарыл­қаушысы» Жаңа­өзендегі қақтығыс жайында жақ ашпағанын айтқан еді.
Сонымен, ақша үшін ары мен абы­ройын сатуға әзір «алғалықтардың» ізі кесілді. Халықты дүрліктіріп, жымыс­­қы ісін жүзеге асырған Әбілязов енді кім­­ге иек артар екен? «yvision.kz» порталын­да mark_ruby есімді тұтынушы «Муха (Мұхтар Әбілязов) соңғы 4 жылда Қа­зақстандағы тұрақтылық пен тыныш­тыққа нұқсан келтірудің құралы ретін­де ұстап отырған «Алғасын» (оған Қазақ­станды жамырай жамандасып, әлемде Әбілязовтан әулие адам жоқ етіп көр­сетуге тырысатын өзінің ақпарат құ­ралдары кірмейді) қолдау үшін
10 мил­лион доллар жұмсады деген дерек бар...» дейді. Ендігі жерде Мұхтар Әбі­лязовтың қыруар қаржысы кімге және қандай қитұрқы әрекетке жұмсалар екен?! «Ниеті бұзыққа күн де қараңғы, түн де қараңғы». Оларды тыңдасаң Қазақстаннан жиіркенішті, қазіргі би­ліктен қорқынышты ештеңе жоқ се­кілді. Қазақ «ештеңе істемеген адам ғана қа­телеспейді» деген. Мем­лекет жемқор­лармен шамасы келген­ше күресуде. Жемқорлардың жайыны да, шабағы да ұсталып, сотталып жатыр. Келеңсіздік­пен күресті жалпы ел болып жалғасты­­ра берсек, алдымен адалдық­ты адамдар­­дың санасына нық ор­нық­тырып, өзімізді тәрбиелей білсек, ондай келең­сіздіктер біржола тамыр үзбе­генмен, біртіндеп азаяр» деп аяқтайды пікірін mark_ruby атты ғаламтор тұты­нушысы. Біз де осы пікірмен толық­тай келісеміз. Жымысқы әрекетімен ел­дің тыныш­тығын бұзған, ақша үшін «Алға» деп жалған ұрандайтын, көк қағаз үшін Отанын сатып, біреудің жарылқауын күтіп, байлығы тасыған адамның «қуыр­­шағына» айналған алдамшы сая­саткерлерден аулақ бо­лайық...

Ә.БАҚЫТ

"Айқын" газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377