Дүйсенбі, 25 Қараша 2024
Жаңалықтар 3982 0 пікір 27 Шілде, 2009 сағат 09:36

Кеңес ОСПАНОВ: Доңыз тұмауының күшею қаупі бар

Астанада шошқа тұмауының табылуы көпшілікті дүрліктіргені рас. Бұл дерт қазақстандықтарға қаншалықты қауіпті? Індет қалай тарап, одан қалай сақтанамыз? «Айқын» газетінің сауалдарына Республикалық СЭС-тің бас дәрігері, медицина ғылымдарының докторы, академик Кеңес Оспанов жауап береді.

- Шошқа тұмауын біреулер әлемді шарпыған қатерлі дерт санаса, басқалар оның шынайы қаупінен гөрі оны ушықтыру, көпірту, құр әңгіме басым дейді. Сіз не ойлайсыз?

- Біріншіден, шошқа тұмауы - бұрын кездеспеген, жаңадан пайда болған вирус. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша, бұрын ауру тарауы үшін 6 ай керек болса, наурыз айында ғана пайда болған індет 1 жарым айдың ішінде бүкіл дүниежүзін шарлап шықты. Қазірдің өзінде 143 мың адам осы дертті жұқтырса, оның 800 мыңы қайтыс болды. Осының өзі аурудың қауіпті екендігін көрсетпей ме? Оған қоса бұл ауруға қатысты жағдай күз бен қыста өте қиындай түспек.

- Неге?

Себебі ауру бір организмнен екіншісіне өткен сайын әлденіп, вирус күшейіп алады. Күз бен қыста вирустың таралуына мүмкіндік зор.

- Шошқа тұмауы біздің елімізде қаншалықты кең таралуы мүмкін?
- Әзірге аурудың таралу қаупі жоғары емес. Себебі науқастардың бәрі елге келісімен жылдам анықталып, тіркелді. Олар Үкімет бірнеше жыл бұрын алып қойған швейцарлық Тamіflu деген дәріні қабылдап жатыр. Егер ауру жұқтырғандар дәрігерлердің айтқандарын мүлтіксіз орындап, үйлерінде отырып, 7 күнге дейін бәрі жақсы болып кетсе, ауру онша тарай қоймайды. Дегенмен қазіргі заманда жұрт ұшақпен ұшады. Англияда жүрген оқушылар бір тәулік ішінде вирусты Астанаға алып келді ғой. Ауру осылай жылдам тарап жатыр.

- Жаңа дерттің бетін алуға қаншалықты дайынсыздар? Мамандар бар ма? Дәрі-дәрмек жеткілікті ме?

- Бұл аурудың келетінін білгенбіз. Шошқа тұмауы туралы сыбыс алғаш шыққан кезден бастап-ақ мамандарымызды оқыттық. Оларға Ресейден, АҚШ-тан келген мамандар дәріс берді. Сондықтан да біз ауру елге жеткеннен кейін 6-7 сағаттың ішінде оны дереу анықтадық.
- Қалай болғанда да, енді дерт Қазақстанда тіркелді. Ендігі қарекеттеріңіз қандай болмақ?

-       Жан-жаққа тағы хабар тараттық. Себебі шекара - ашық. Індет Ресей жақтан да, Бішкек жақтан да елге еніп кетуі мүмкін. Жолдарда, теміржолдарда, ұшақтарда санитарлық бекеттер бекітілді. Енді сондағы адамдар мұқият болуы тиіс. Бірақ бұл кеселдің белгілері 7 күнге дейін байқалмауы мүмкін. Сол кезде науқас ұшып келсе, оны қызметкерлер аңғармай қалу қаупі бар.
Қазір туристік фирмалармен, ұшақтағы стюардессалармен жұмыс жүргізілуде. Мысалы, стюрадесса ұшақта науқасты байқаса, бірден бізге хабарлап қоюы тиіс. Үкімет тапсырмасы бойынша арнайы жоспар әзірленіп, егер ауру асқынып кетсе, қандай шара жасайтындығымыз, оған қанша қаржы бөліп, дәрі-дәрмек қорын қалай даярлайтындығымыз талқылануда. Қазірдің өзінде бізде вирусты емдейтін 30 мың доза дәрі бар.
- Ал вакцина ше? Тұмаудан қорғану үшін алдын алу шаралары жоқ па?
- Елдің көбі: «Дәрі ішіп, жазыла саламыз» деп салғырт қарайды. Бірақ шошқа тұмауына әлі вакцина шыққан жоқ. Әрине, дүниежүзі ғалымдары ізденіп жатыр. 3-4 айдың ішінде вакцина жайы белгілі болатын шығар. Бірақ ғалымдар оны тауып, оны әлемге таратқанша біраз уақыт өтеді... Болашақта қазақстандық ғалымдардың да ондай дәрмек ойлап табатындығына сенімдімін. Себебі құс тұмауы шыққан кезде оның вакцинасын біздің ғалымдар шығарды емес пе?!
- Дегенмен дәл қазір қарапайым жұрттың қатерлі індеттен қорғану амалдары қандай?
- Күнделікті денсаулықтарын күткен дұрыс. Денешынықтырумен айналысып, жақсы тамақ ішіп, дұрыс демалған жөн. Меніңше, қазір орынсыз шетелге барып, саяхат жасаудың қажеті жоқ. Әсіресе, ауру шығып жатқан елдерге барғанда абай болғандары абзал. Еліміздің бірталай жақсы жерлері, демалыс орындары бар емес пе?!
- Қазір жаз кезі. Қалай болғанда да, шетелде демалатын отандастарымыз жеткілікті. Оларға не айтар едіңіз?
- Баратын елінде қандай ауру барын анықтап алғандары дұрыс. Денсаулықтарын түзеудің орнына ауру «сатып» алса, қалай болады? Егер бір түсініксіз жағдай болса, бірден хабарлассын. Шетелде болып келгендер сырқаттанса, бірден дәрігерге барып, ауруын анықтағаны ләзім. Сонымен, тағы бір ескертетін жайт: кейбір елдерде зертханалық қызмет дамымағандықтан, шошқа тұмауын анықтау мүмкіндіктері шектеулі. Соның салдарынан бұл мемлекеттердегі науқастар есепке алынбауы ықтимал.
- Шошқа тұмауын қандай жолмен жұқтырып алу мүмкін? Оның алғашқы белгілері қандай?
- Ауа арқылы таралады. Тұмау сияқты. Науқастың дене қызуы көтеріледі. Жөтеледі...
- Қазір елімізде бұл дертті жұқтырып алуға бейім қандай топтарды атай алар едіңіз?
- Әзірге ауру жұқтырып келгендердің отбасы мүшелері, бірге оқыған достары. Олардың бәрін қазір қарап, анықтап жатырмыз. Аурумен байланысты адамдар беттерін тұмшалап, бетперде киіп жүр.
- Ауруға шалдыққандардың емделіп, айығып кету мүмкіндігі қандай?
- Бірнеше айдың ішінде әлемде 800-дей науқас осы аурудан көз жұмған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы деректеріне қарағанда, кейбір елдерде емделмеген адамның өзінен-өзі осы аурудан жазылып кету фактісі де тіркелген. Бірақ дүниежүзі дәрігерлері оның күз бен қыста жылдам тарап кетуінен қатты қауіптеніп отыр.

-

Айжан КӨШКЕНОВА

«Айқын» газеті, 25.07.2009

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1524
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3301
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5918