Сейсенбі, 26 Қараша 2024
Одақтастың ойы 3343 18 пікір 1 Шілде, 2022 сағат 15:43

«Тәуелсіздікті сақтағыларың келсе, бізбен бірге болыңдар»

Беларусь президенті Александр Лукашенко бұрынғы КСРО құрамында болған мемлекеттерге доқ көрсетіп: «Посткеңестік мемлекеттер тәуелсіздікті сақтап қалғысы келсе, одақтас мемлекеттер – Беларусь-Ресеймен жақын болуы керек», - деді.

Александр Лукашенко кеше Минскіде Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездескен. Екеуара кездесу кезінде Лукашенко Ресей мен Беларусь қарым-қатынастары туралы егжей-тегжейлі сөйліп, аталған екі мемлекеттің достығына өзгелер «қызыға да қызғана қарайды», деген.

«Біз екі тәуелсіз мемлекетпіз. Біздің ақылымыз жетіп, дәл осындай қарым-қатынас құрылымын жасағанымызға өзгелер қызғана қарайды. Біз осы бағытта жүріп келеміз. Біздің мемлекеттеріміздің арасында дипломатиялық байланыстың орнағанына 30 жыл толды. Бір-бірімізді жұтып қойған жоқпыз. Біз Ресейден тәуелсіз, егеменді мемелкетке не керек, соның барлығын алып отырмыз», - деген.

Ол сондай-ақ, Ресейдің ядролық соғысқа дайын болуы керектігін де ескертіп сөйлеген.

«Ешқандай қойылым болған жоқ. Біз тек жарты қадам жасадық. Олар ұшып, жаттығып жатыр ғой. Не үшін? Кейін ұшаққа ядролық бомбаны тиеп, керек жеріне тастау үшін! Сондықтан біз әлі нақты жауап бермедік. Бізде ядролық қару қоймалары жоқ. Ал олардың 6 мемлекетте сондай қоймалары бар. Сондықтан біз дайын болуымыз керек», - деген.

Abai.kz

18 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1536
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3316
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6021