Сенбі, 23 Қараша 2024
Арылу 3187 4 пікір 3 Тамыз, 2022 сағат 13:22

Солтүстік Қазақстан: Ресейшіл бүлікшілер сотталды

Солтүстік Қазақстанды Ресейге қосуға үндеген ерлі-зайыптыға сот үкімі шықты. Петропавл қаласында әлеуметтік желі арқылы ерлі-зайыпты адамдар Солтүстік Қазақстанды Ресей құрамына кіргізуді насихаттаған.

Олардың үстінен қылмыстық іс ашылып, бес жылға сотталды.

Сот отбасыға Қазақстанның қылмыстық кодексінің 180 бабы 2 тармағы «Телекоммуникация желілерін пайдалана отырып, ҚР бірлігі мен тұтастығын, оның аумағына қол сұғылмаушылық пен бөлінбеушілікті және мемлекеттің ыдырауын насихаттау» бойынша үкім шығарған.

Істің мән-жайына қарағанда, айыпталушы отбасы «Солтүстік Қазақстанның Ресейге тиесілі екені» жайында сөз таластырған және «Солтүстік Қазақстанды Ресейге қосуға үндеген».

Айыпталушылар мәлімдемелерін бүкіл әлем қолданатын танымал қосымша «Чат рулетка» әлеуметтік желісінде жариялаған. Олар сотта өз кінәсін мойындамаған.

«Ерлі-зайыптыларға тағылған кінә іс материалдарымен расталады. Сотталушылар кінәсін қанша мойындамағанымен, ерлі-зайыптылардың кінәсі дәлелденді. Іске қылмыстық құқық бұзушылықтың жасалу барысы жазылған және кешенді сот-психологиялық-филологиялық сараптамасы жүргізілген бейнежазба тіркелді», - делінген Солтүстік Қазақстан облысы сотының баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Ерлі-зайыпты жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтейді.

Айта кетейік, Қазақстанның қылмыс заңнамасына сәйкес сепаратистік әрекетке 5-10 жыл түрмеге жабу қарастырылған.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5341