Сенбі, 23 Қараша 2024
2224 0 пікір 20 Шілде, 2022 сағат 14:35

Біздің заманымыз – дарындар шығармашылығы уақыты

Қазіргі қазақ қоғамы өмір сүріп жатқан шақ – өзгерістер уақыты болып саналады. Бүгінгі Қазақстанның өркендеп дамуы үшін стандартты емес шешімдер қабылдайтын, шығармашылық ойлау қабілетіне ие жеке тұлғалардың қажеттілігі күн озған сайын арта түсуде. Бірақ, өкінішке орай, қазақ мектептерінің басым көпшілігі ескі кеңестік сүрлеуге түсіп алып, өскелең мектеп оқушыларына жеке тұлға ретінде қалыптасуы үшін сапалы білім беруде шығармашылық емес бағдарды ұстанып келеді десек ақиқаттан алшақ кетпейміз. Осы орайда ұстаздардың көпшілігі іздемпаздықты сырып қойып, бір қалыптылық, шаблондық сабақ берушілік жолды берік ұстанушылығы жас балалардың білім алуға деген ынтасын жер қылатындығын сезіп те, көріп те жүрміз. Соның нәтижесінде көпшілік жағдайда дарынды балалар өздерінің жаңалық ашуға деген құлшынысынан айрылып, бірте-бірте шығармашылық қабілеттерін жоғалтып алып жатады.

Бүгінгі таңда кеңестік білім берудің тар қыспағынан құтылған шақта ТМД көлемінде жүргізілген педагогикалық зерттеулер заман талабына сай гуманданған білім беру процесін ұйымдастыра алған және баланың шығармашылық тұлға ретінде жан-жақты дамуына бағдар ұстанған мектептердің тамаша табыстарға қол жеткізе алатынын ашық көрсетіп отыр.  Сондықтан мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін оқу іс-әрекетімен шебер үйлестірген жерде тиянақты білім негізі, дағды мен машық қалыптасып, білім алушы шәкірттердің бойында дербес (индивидуалды) шығармашылық қабілет өзін таныта алатындғын өмір өзі бізге күнен-күнге таныта түсуде. Осындай білім ошақтарындағы шығармашылық алғышартқа ие балалар креативтілікпен ойлап, танымдық белсенділікке иелік етіп, стандартты емес жағдайда алға қойылған міндетті өз бетімен шеше білетін бола бастады.

Бұдан келіп шығатын дүние дәстүрлі білім беру процесіне сан алуан дамытушы сабақтар мен шығармашылық тапсырмалар жүйесін белсенді түрде енгізу мектеп оқушыларының шығармашылық тұлға ретінде дамуына зор ықпалын тигізетіндігін кәміл таныта бастады. Балалардың шығармашылық іс-әрекеттерін дамытуға бағытталған тұлғалық-мотивациялық қадам жады, назар аудара білу, қиял т.б. психикалық қабілеттерді бекемдей қалыптастыратын қазіргі заман ұстазының іске асыруға тиіс басты міндеті саналатындығын осы орайда естен шығармауға тиіспіз.

Сол себепті кейінгі кезде көптеген ересектер (нақтылай айтасақ: педагогтар мен ата-аналар) баланың креативтік қабілетінің дамуына зор ынта мен ерекше мүдделік таныта бастағаны да жасырын емес. Ескіліктен санамызда берік орныққан «шығармашылық» терминін оның синонимдік сыңары «креативтік» ұғым-түсінігі бұтіндей алмастыра алды десек еш қателеспейміз. Сондықтан, мектеп қабырғасынане бастап, оқушыларының креативтік тұлғасын дамыту үшін оқу және оқудан тыс іс-әрекеттерді өзара оңтайлы да, ыңғайлы сипатта ұшастыра білу керекті ең алдыңғы орынға шыға бастады.

Аталған тақырыпқа арналған мақаламызды жазу барысында ТМД көлемінде балалар мен жастар шығармашылығын қалыптастыру мен дамытуға арналған психо-педагогикалық әдебиеттерді басшылыққа ала отырып, мектеп оқушыларының шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруға қатысты төмендегідей тұжырымдау жасатты.

Заманауи білім беру беру процесіне қатысты ой толғаған шақта мектеп пен қоғамды бір-бірінен бөліп жарып қарастыруға еш болмайды. Бұл екеуі бірінсіз бір жоқ, теңіз бен кеме сияқты. Бүгінде еліміздегі мектептерде қазақ қоғамын өзгеріске түсіріп, жарқын болашаққа бастайтын озық ойлы шәкірттер білім алып жатқанын естен еш шығармай ескеруге тиіспіз. Өйткені, олар мектеп қабырғасынан үлкен өмірге жан-жақты дамыған шығармашылық тұлға болып қалыптасып жолдама алатын болады. Дәл осыған қол жеткізу үшін сабақ пен сабақтан тыс іс-әрекеттердің өзара байланыстылығы орнығуы қажеттігі күн тәртібіне қойылып отырған жайы бар.

Тек ұстаз бен шәкірттің бірлескен іс-әрекеті арқылы ғана шығармашылыққа үйрету мүмкін болады. Бұл орайда есте ұстайтын басты қағидат: оған қатысушылар тең құқықты болуға тиісті екендігі.  Өз ісіне шын берілген және кәсіби маман мұғалімі сабақтан тыс уақытта да өз ісіне сүйіспеншілікпен қарап, алдындағы шәкірттерінің шығармашылық қабілетін арттырудың тартымды бағдарламасын жасап, бала болшағының іргетасын қалауға қол жеткізуге батыл қадам жасай алады.

Осы орайда, сабақтан тыс жұмыстар тек білім алушылардың белсенділігіне ғана қатысты емес, сонымен бірге, ұстаздардың шәкірт бойына шығармашылық нәрін сіңіре білген біліктілігіне де байланысты болып келетіндігін тағы бір рет қадап айта кетпекпіз. Бұның бәрінің басты алғышарты сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастыру мен дамытуда педагогтардың түрлі деңгейдегі арнайы дайындықтан өтуінен тұрады.

Сондықтан  «шығармашылық», «шығармашылық қабілет» ұғым-түсініктері қазақ педагогтары тарапынан тыңнан түрен салынып, кең көлемде зертте бастауы да тегін емес. Өйткені, бүгінгі дарынды бала ертеңгі мемлекеттің дамуының берік негізі. Тап мақсатта отандық сан алуан психо-педагогикалық әдебиеттерде шығармашылық тұлғаға қатысты жұрт көңілінен шығатын пайымдаулар жасала бастады. Осы шығармашылық жайлы сөз қозғалған ғылыми педагогикалық әдебиеттерде жасалған пайымдауларда жаңаның пайда болып, оның шәкірт өміріне сіңісуі мектеп өмірінен оып алынып, жан-жақты сөз етіле бастады. Барша отандық ғалымдарымыздың ден қойған бір дүниесі дарынды дамытудың басты кепілі, ол – шығармашылық ойлауға қол жеткізу арқылы мүмкін болатындығы. Сонымен, осылардың бәрін жинақтай келе, түйіндей тұжырымдаған шақтағы қорытынды түйін: шығармашылық ойлау дегеніміз – шығармашылыққа бейім әр баланың бастауышта жинақталған білімнің негізінде жаңа таным-түсініктер мен образдарды өмірге әкелуге білім алудың кезекті сатсында бірте-бірте қол жеткізе алуы болып саналады.

Бұдан шығатыны ең бастысы бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту әрі одан әрі дамыта білуге қол жеткіз болып табылады. Өйткені, бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту дегеніміз – күрделі де, маңызды іс, оның табысты жүзеге асырылуына қажетті жағдай мен тиімді әдістерді қолдану арқылы мүмкін болады. Бұл орайда ұстаз қашанда өз алдында білім алып жатқан балалардың шығармашылық қабілетінің танылуы үшін қашанда қызбалыққа берілмей, баланың қол жеткізген аз-маз табысымен шектеліп қалмай, қашанда салқынқанды әм сабырлы болуға тиістігін баса айтқымыз келеді.

Мектептегі әр ұстаздың бақыты өз шәкірттерінің шығармашылық қабілетін таныта білуінде деп сөзімізді түйіндегіміз келеді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5388