Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Дей салдым-ау 4300 16 пікір 31 Тамыз, 2022 сағат 14:35

Горбачев жақсы адам ба, жаман адам ба?

Кеше 92 жасына қараған шағында КСРО-ның ақырғы президенті, меңді бас Михаил Горбачев дүниеден өтіпті. Оның қазасына қатысты орыстың өз ішінде екіұшты пікірлер айтылуда.

Батыс лидерлері бірінің ізін ала екіншілері Горбачевтің қазасына көңіл айтып, жылы сөздерін арнап жатқанда, Ресейлік Z пропогандашылар бар жаманды үйіп-төгіп, қаралауға кірісіп кеткен. Ресей жұрты Горбачевті «советтік империяның құлауына» себепкер деп есептейді.

Рас, Горбачевтің саясаткер ретіндегі тұлғасы кісі қызығарлық емес. Оның ұстаным-саясаты да көп құптарлық болған жоқ. Сол себептен де «Горбачев жақсы адам ба, жаман адам ба?» деген сұрақ қызу талқыға түсіп жатыр. Тізіп айтар минустар аз емес...

Позивтивті пікірлер: Горбачевтің қайта құруын, КСРО-ны демократияландыру әрекетін, Қырғи-қабақ соғыстың аяқталуы мен Берлин қабырғасын құлатуға қосқан үлесін есепке алады.

Негативті пікірлер: Чернобыль апаты кезіндегі әрекетсіздігін, Вильнюс пен Алматыдағы көтерілістер кезіндегі қылмысы мен Қырым аннекциясын мойындауын тілге тиек етеді.

Сонымен Горбачевтің қазасы туралы өзге жұрт не деп жатыр? Қараңыз:

Йенс Столтенберг: «Михаил Горбачевтің тарихи реформалары Совет одағыын ыдыратты. Қырғи-қабақ соғысқа нүкте қойып, НАТО мен Ресей әріптестігіне жол ашты», - депті.

Антониу Гутерриш: «Тарихты өзгерте алған мемлекеттік қайраткер. Қырғи-қабақ соғысты тоқтатуда Горбачевтен асып ешкім үлес қосқан жоқ», - депті.

Урсула фон дер Ляйен: «Горбачевтің Қырғи-қабақ соғысты тоқтатудағы тағдыршешті шешімі Еуропа еркіндігіне жол ашты. Біз мұны ұмытпаймыз», - депті.

Ол туралы теріс пікірдегілер де бар. Мысалы:

Арвидас Анушаускас, Литва Қорғаныс министрі: «Ол қылмыскер! Вильнюстегі, Алматыдағы, Тблиси мен Бакудегі халықтық наразылықтарды жаппай жаныштап, басуға бұйрық берген қылмыскер! Ол қылмысы үшін кешірім сұраған жоқ. Өлген адамның артынан жаман айтпайды десе де, Горбачевтің қылмыскер екені анық! Оның жалғыз пүлісі – Совет одағының капитуляциясына қол қоюы», - депті.

Міне, солай! Ал сіз қалай ойлайсыз? Горбачев жақсы адам ба, жаман адам ба?

Abai.kz

16 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2036