Сенбі, 23 Қараша 2024
Көршінің көлеңкесі 2607 6 пікір 22 Қыркүйек, 2022 сағат 11:58

Орыс әлемі Орталық Азияда өз қанатын кеңге жаюда

Біз тек күнделікті өз көзімізбен көріп, құлағымызбен естіп жүрген «орыс тілді басқыншылықты» Орталық Азиядағы өзге елдерде бастан кешіп отыр. Орталық Азияның бизнес тілі – орысша. Ақша жүрген жерде өз тілінде сөйлейтін жергілікті қара халықтың тіліне орын жоқ. Тек от басы ошақ қасында қолданыс табады. Бұл әлемді тіл және ділмен одан ары жаулаған ағылшын, француз, испан, португал, қытай және орыс отаршыларының саусағын ішке бүккен жымысқы әрекеті.

Осы жолда олар отар елдердегі тілдердің өз тілінің көлеңкесінде қалуы үшін қолдан келген жымысқы ащады әрекеттің бәрін істейді.

Орталық Азия елдері өз тәуелсіздігін алғанымен «отаршылдық синдромы» дертінен арылмай отыр. Сонымен қазақ елінде осы дерт қалай орын алып отырғаны жөнінде аз-кем сөз етейік. Ақ және Қызыл Ресей ғылымы мен саясаты бізге орысшаланған ұлттық негіздегі «жазу» мен «сөйлеу» тілін араб және латын әліпбиін кириллицаға көшіру арқылы таңды. Патшалық Ресей кезінде бұратаналарға арналған мектептерде шәкірттерді зорлап шоқындыру мен кириллге негізделген ұлттық жазулар негізінде ана тілінде білім беру жолға қойылды. Бұны кейін асқан зәлімдікпен коммунистер толық жүзеге асырып, ОА мәдени-рухани толық жаулай алды.

Қазақстан мен ОА өзге елдерінде осыдан құтылудың жолы әлі қарастырылмай отыр. Ғылым тілі мен ұлттық сөйлеу тілі орыс ықпалында қала беруде. Бұған кінәлі біздегі қазақ ғылымы мен қоғамдық-саяси күштердің бойын жайлаған «отаршылдық синдромы».

Әуелі мысалға тілінің төрт құбыласы түгел деген Тәжікстанды алайық.
Бұл елде орыс тілі мемлекеттік мәртебеге ие болмаса да заңдар мен үкімет қаулылары орыс және тәжік тілдерінде жарық көріп келеді. Тәжік тілі өз тәуелсіздігінің 31 жылы ішінде орыс тілінің үстемдігін жеңе алмай отыр. Керек десеңіз, ана тілінде сөйлейтін оқыған-тоқыған тәжіктердің белгілі бір тобы соңғы кезде балаларын оқытатын орыс тілді мектеп ашу үшін ел билігіне талап етіп, шағымдар түсіре бастады. Сонымен осы елде орыс тілі өзінің екінші тынысын алуда.

Тәжікстан Ұлттық университетінің оқытушысы Кутбиддин Мухтори орыс тілді «Азаттық» радиосына берген сұхбатында: «наша научная среда до сих пор русскоязычная. Большинство наших научных источников, особенно, в точных науках, на русском языке. Ученые уже привыкли и считают, что на русском языке им все гораздо понятнее. Полагаясь на русский язык, мы невольно в некоторых случаях становимся преградой использованию таджикской терминалогии. Когда научные работы переводятся на русский язык, ученые заявляют, что не нашли таджикского аналога и потому изъясняться им на русском языке гораздо удобнее»,-деген пікір айтады.

Орыс елінің қоршауында қалған қазақтар осы бағытта дер кезінде істеуге тиіс екі мәселені назардан тыс қалдырды.

Біріншісі – кирилл жазуын тәуелсіздік алған бетте 28 әріптік емле мен ережеге көшіруді. Екіншісі – тікелей латын, герк, ағылшын және еуропа тілдерінен сөз қабылдауды. Латынға көшіруде өзбектер әлі бірізге түскен жазуын оңдай алған жоқ. Оған куә таяуда тағы бір рет өз жазуына жасаған реформасы.

ОА елдері тікелей өзге тілден сөз қабылдамауы үшін орыс отаршыл ғалымдары жалған «Халықаралық термин» деген ұғым-түсінікті орталық азия ғалымдарының миына мықтап сіңірді. Әлемдік лингвистикада «Халықаралық термин» деген ұғым жоқ, тек өзге тілден енген «кірме сөз» деген аталым бар. Осы кірме сөздердің сөздігі өз тілін құрметтеген елдерде жыл сайын жергілікті тілдің сөйлеу заңдылығына бейімделіп, орфографиялық және орфоэфиялық жосықта толықтырлып шығып отырады.

Аталған аяр тілдік-ділдік диверсияның кесірінен «халықаралық термин» деген бәлекетті айналып өту үшін қазақ лингвистері түрлі салада бейберекет аударылып қолданылған пуризмге жол беріп алды. Елбасымыз осыны кезінде орынды сынаған болатын. Тіпті «маған нағыз қазақ тілінде жазылған оқулықты көрсетіңіздерші» деген ащы шындықты айтуға дейін барды.
Кірме сөздерге не жатады деген мәселе басы ашық қалып, ғалымдарымыз тарапынан қолға алынып қарастырылмай жатыр. Кірме сөздерге ең бірінші – кәсіби сөздер, одан кейін варваризмдер, арго мен жаргондар жатады.

Мысалы біз неге орыстың подъез, разъез сөздерін аударып әуре боламыз. Орыс тілінен енген кірме сөз ретінде сөйлеу тілімізге бейімдеп, пәдиез және рәзиез деп қолданбаймыз. Осылай қолдансақ, біреу қолымызға кісен алып, аузымызға қақпақ бола ма?!

Сонымен «халықаралық терминнің» ар жағында ұлттық сөйлеу тілінің дербес сөз қабылдауына тосқауыл қоятын арыдан ойластырылған орыстық тілдік-ділдік саясат жатыр. Қазір түрме тілі қолданылып жазылған орыс детективін аудару үшін тәржіма жасаушы аудармашы арнайы ереже жоқтықтан орысша қалай жазылса солай жазып аударма жасауға мәжбүр. Немесе белгілі бір ғылым саласында, айталық медицинадан оқулық жазушы ғалым да латыннан тікелей сөз қабылдайтын ереже жоқтықтан кірме сөздерге қатысты жалған «халықаралық терминнің» жалына жабысады. Қазақ тілінде техникалық терминдермен оқулық шығаруда пән оқытушылары түрлі қиындықтарға ұшырасып, бір оқу орнының оқулығындағы қазақша терминдерді екінші оқу орнының студенттері түсіне алмай басы қатқан кездерде орын алды.

Бұның бәрі өзге тілдік сөз ана тілімдің заңдылығана бейімделіп «қалай айтылса, солай жазылуы керек» дейтін ұлттық тілдегі бірізді ереже жоқтығы бәріне қолбайлау болуда. Енді тілді ғылымда қоданушыларды біруақ жайына қалдырып, кино тіліне тоқталайық.

Кинотанушы Дана Әмірбек:
- Аталмыш заңның біз үшін ең бір маңызды тармақтарының бірі ретінде Қазақстан Республикасының аумағындағы кинозалдарында және көпшілік көретін өзге орындарда прокаты және көрсетілімі жүргізілетін кез келген шетелдік фильмдердің мемлекеттік тілге дубляждалып, субтитрленуі немесе кадрдан тыс аударылып көрсетілуі міндеттелгендігін айтуға болады. Себебі, қазақ экрандарын жаулап алған шетелдік фильмдерді қазақ тіліне дубляждау арқылы отандық актерлерімізді қосымша жұмыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік туады. Алайда, субтитрлер арқылы аударылып көрсетілген жағдайда, фильмнің түпнұсқада, демек, фильмді шығарған мемлекеттің тілінде көрсетілуін қадағалау аса маңызды. Себебі, прокатпен айналысатын компаниялар фильмдердің шетел тілінен орыс тіліне дубляждалған нұсқасын көрсетіп, заңды айналып өту мақсатында субтитрлерлерді ғана қазақ тілінде қосып қоюлары әбден мүмкін. Сондай-ақ, заңда ұлттық фильмдердің прокаты қазақ тілінде және қажет болған жағдайда өзге тілдерде жүзеге асырылуы тиіс екендігі айтылған. Осы тұста «қажет болған жағдайда өзге тілдерде жүзеге асырылуы тиіс» делінген жері алаңдатады. Бұл тұрғыда прокатпен айналысатын мекемелердің «қажет жағдайлары» көбейіп кетпесе жарар еді, - дейді.

Осылайша, мәдениет саласында да қазақ тілінің ахуалы оңып тұрған жоқ.
Сөздің түйіні қазақ ғылымы «халықаралық термин» деген құбыжықтан құтылмай ана тіліміздегі «кірме сөздердің» бағы жанбайды. Әрі бұны жүзеге асыру үшін қазіргі қолданыстағы кирилл жазуына да 28 әріптік реформа жасалуы керек. Ө-О, Ү-Ұ әріптерінен//дыбыстарынан кейін жазылып келе жатқан «ы-і-е» «ө-о-ү-ұ» жазылатын және еріндік септік (мысалы: өзгө, үйгө т.б.), көптік жалғаулары (өзгөлөр, үйлөр т.б.) жаңа ережемен кирилл және латынмен бірізге түскені ләзім. Кәсіби сөздерді тікелей сол терминді өмірге әкелген тілдің негзінде қыбылдауды жолға қою үшін тек бабаларымыз мұраға қалдырған тіл тазалығына деген ыждаһаттан басқа ештеңенің керегі жоқ.
Сонда ғана біз өз ұрпағымызға тек бабаларымыз мұраға қалдырған тілдің барша сұлулығы мен байлығын сақтай отырып аманаттай аламыз. Ол үшін ғылыми және сөйлеу тілінде орын алған «отаршылдық дертінен» айығуымыз қажет.

Ең бірінші шешімін табар дүние сөз соңы терминдік жұрнақтары мен қосар сөздің соңғы сөздері қазақ бұны қалай қолданысқа түсіріп жүр. Сөз соңы жұрнақтары және қосар сөздің соңғы сөздері грек және латын өлі тілдерінің негізінде әр ұлт өз термин жасамында қолданады. Тек қазақ қана қаласа – қотара аудара салады; қаламаса – орыс тіліндегісінше ала салады. Халықаралық термин деген ұғым жоқ. Ондай ұғымды бодан саналы ғалым ғана ауызға алады. Адамзатқа ортақ әр ұлт өзінше жазып, өзінше айтатын термин бар. Бір ұлтқа ғана тән атаумен аталатын адамзатқа ортақ терминнің этнотермині бар. Қазақ тілінде адамзатқа ортақ терминдер негізінен грек-латын (еуропалық), англо-сакстық және араб-парсылық болып келеді. Бұл тілдерде әр ұлт өзінше әуезелейтін адамзатқа ортақ терминдердің басым көпшілігі жасалып отыр. Қазір грек-латын (еуропалық) және араб-парсылық басымдық англо-сакстық термин түзуге өз орындарын босатып беріп жатыр.
Біз англо-сакстық сөздерді орысша аталуынша қолдана салатын болдық, әрі жұрттың ұлтшыл пейлі байыз тапсын деп қазақшалай да саламыз. Бәр мәселе қазақшаға аудару мен орысша айта салуымызда емес. Билік пен ұлт зиялылары тарапынан терминдік отарсыздану процесінің басталмауында. Ол үшін бюджеттен көп ақша жұмсап та керегі жоқ, жаңбырдан кейін қаулаған саңырауқұлақтай қаптаған ғылыми зерттеу орталықтарын ашудың да қажеті жоқ. Бар болғаны ағылшын тіліндегісін қазақша әуезелеу. Бұдан ұтамыз өйткені, баба қанымен сіңген қазақ тілі түгіл, ана тілімен сіңген орыс тілінен жеріген қандастарымызда ұғатындығы...

Әбіл-Серік Әліакбар

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5413