Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3995 0 пікір 23 Қаңтар, 2013 сағат 09:57

Аят Жырғалаң. Туысқаннан айырмашы, туған ел!

«Елге ел қосылса - құт, елден ел айырылса - жұт» халық даналығы. Біз тәуелсіз күнде неге жұтқа тап болдық?.

Көші-қон саласы  кейінгі кездері күнде бір бұйрық, күнде бір тармақ қосылған құжаттардың кесірінен тоқтады. Тоқтады демей не дейік, ең соңғы нүктені қазір Қытай елшілігі қойып отыр. Айталық, басынан бақайына дейін тек қағаз сөйлеткен бүгінгі қоғам тұсауды, қазақ санын тежеуді кезінде Қазақ еліндегі жан санын қазақты шақырумен көбейтсе, дәл бүгінгі күні соның кері жағдайы.

Бұл мәселе айтылу мен жазылудан кенде емес те, бірақ, жаңғырық шықпай налып жүр ек,  соңғы жағдай тіпті жүректі жылатты, көңілді құлатты.

Әуел баста 2010 жылы тамызда Қазақстан азаматтығын алу үшін бұрынғы азаматтығыңдағы жеріңнен анықтама әкелуден басталған бұл жәйт, кейіндеп тұрақты тіркелу үшін елшіліктен рұқсат қағаз әкелуге, тіпті туған жеріңдегі қоғам қауіпсіздік мекемесінен сотталмағаны туралы анықтама (негізі қытай заңы бойынша істі болған адамға шетелге шығу паспортын жасамайды) әкелу деген орынсыз талап қосылды. Ал, ол анықтамаларды қысық көздерден алу қиынның қиыны, келер қазақтың бас қайғысына айналған.

Ең өкінштісі сол, басқалар Қазақ елінің өркендеуін де, ел болып кетуімізді де қаламайды әрине, кім май шелпегінен айрылғысы келсін. Бұл тұрғыда Қытай бәрінен бұрын тосқауыл қамалын салды, яғни, Қазақ еліне келіп тұрақты тіркелуге анықтама қағаз керек болса, алдымен Қытаймен ат құйрығын кесісу керек, яғни, Қытай азаматтығынан біржола шығып кету керек. Сонда Қытай азаматтығынан шыққанға кемінде сегіз-он ай уақыт жұмсап, оның өзінде Қытайға қалтаңды қағып тастап кетуің ләзім. Ал, ата жұртқа ол қағаздарды тапсырып, тұрақты тіркеуге тұрып, көк паспортты алып көгеріп, көктегенше жыл айналары сөзсіз. Сонда екі жыл босқын ретінде күн кешу керек. Заман қалай, заң қалай? Мұндай күйге есі дұрыс адам түспек емес. Сонымен, Президенттің қолымен тұсауы кесіліп, тәй-тәй басқан қазақ көшінің тағдыры Ертісбаевтің ерсі сұхбатымен қиылып, Мәсімовтың мәнсіз тірлігімен жерленді. Бұның соңы не болмақ?

Захан Мыңбай ақынның сөзімен айтсақ:

Ей, отыншы, отыншы,

Қыршын талды қимашы,

Жұп торғайды үркітпеші, қумашы,

Жасты қисаң қуарып жер құшады,

Жұпты қусаң екі айырлып ұшады...

Дәл осы сөзді ел ағаларының есіне салғым келеді, көш тоқтаса... Елестудің өзі қиын әрине.

Көш тоқтаса, шекараның екі шетінде әке мен бала қалады қос тілдегі қос елдің азаматтығын құшақтап... Тірі жетім тағдырлар қалыптасады. Көш тоқтаса, ер мен әйел екі жаққа босып, әр баласы тағдырдың босқыны боп кетер. Көш тоқтаса, қазақстанға келіп отау тіккен қаншама шаңырақтың шайқалмасына кім кепіл? Көш тоқтаса, ағадан іні, әпкесінен сіңілісі айырлаған, елім-айлап еңіреген ескі күндер қайта келер. «Басы ауырмағанның құдаймен ісі бар ма?» - демекші, өз басына түспеген соң кім толғансын.

Мен осы барыста сан оралман тағдыры ретінде өз басымдағы көш тоқтаса болар ауыр жайды мысалға келтірейін, мен 2005 жылы ат басын Атажұртқа бұрған Қытайда байырғы қазақ топырағында туылған азаматпын. Алғаш ел есігін ашқанда 19-дағы бозбала болсам, қазір Астана қаласының белді мектебінде, белді ұстаздар қатарында еңбек етіп, жас маманнан  дарынды маман санатына қосылып келе жатқан буынның өкілімін. Қазір отбасым бар (баспанам жоқ болсада), екіден асқан қызым, екінші сәбиін күтіп отырған келіншегім бар. Әйелім - атажұрттың қазағы. Ал, енді күйім нешік, ағайынды алтаудың тең жартысы ар жақта. әкем жүр, қашан туысқандарды елге көшіріп боламыз деп. Арман-ай!

Ағаларымнан айдың-күннің аманында алыстап барамын, олардың балалары жүр:

- Көке, мен қашан барам Астанаға, қашан шығам бәйтерекке, - дейді. Бір-ақ бір күнде жеткізерге шама келмей, жыл сайын жылыстап бір-бірден келе бастаған туысқандар көші тоқтады, енді не қылмақ керек?

Ол аз болғандай жақында шектен шыққан бұйрық пайда болды, егер ықтиярхаты бар қазақ 6 ай ішінде Қазақстанға бір ретте келмесе онда ықтиярхаты қайтарылып алынып, тұрақты тіркеуінің күші жойлады, бір жыл ішінде шекарадан өтуге тыйым салынып, келген еліне кері шегінеді. Бұл не масқара? Сонда екі елдегі екі баласының арасында жүрген әке-шеше қыс аяғы созылып 6 ай келе алмай қалса, қайта айналып Қазақстанды бір жылға ұмытады. Бұны есі дұрыс пенде қазаққа қолдан жасалған қиянат екенін түсінер.

Мен сияқты күй кешкен оралман қалпақты қандастар қаншама? Олардың күйі не болмақ?

Соңын ойлау әрине, қорқынышты!

Туған елдегі ел тізгінін ұстап отырған ағаларға айтар соңғы сөзім: арманымнан айырмашы ағалар, туысқанымнан айырмашы туған ел!!!

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1457
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3225
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5279