Қалдар БЕК. Тестілеуде естілеу дүние қалмады
90-жылдардың ортасында білім саласына енгізілген реформаның бірі - Ұлттық бірыңғай тестілеу болды. ҰБТ енгізілген он жылдан астам уақыт ішінде, әйтеуір жылда бір кемшілік орын алып келеді. Алғашқы жылдары ұйымдастыру шараларының кемшін тұстары көрінсе, кейінгі жылдары бақылау шараларындағы олқылықтар орын алды. Енді ғана ұйымдастыру, бақылау шараларының мәселесін шештік пе дегенде, тағы бір мәселенің құлағы қылтиып шыға келді.
Мәселенің мәні
Редакцияға телефон арқылы хабарласқан биыл мектеп бітірген, ҰБТ-да жоғары оқу орнына түсуге мүмкіндік беретін шекті деңгейден артық балл (шекті деңгей - 45 балл) жинай отырып, екі жас түлек оқуға түсе алмаған. Ал енді «45 балдан артық жинаған болса, неге жоғары оқу орнына қабылданбайды» деген сұрақтың тууы заңды. Бұл сұрақтың жауабын түлектердің өз сөзімен жеткізейік.
Бірінші түлек, Сәкен:
90-жылдардың ортасында білім саласына енгізілген реформаның бірі - Ұлттық бірыңғай тестілеу болды. ҰБТ енгізілген он жылдан астам уақыт ішінде, әйтеуір жылда бір кемшілік орын алып келеді. Алғашқы жылдары ұйымдастыру шараларының кемшін тұстары көрінсе, кейінгі жылдары бақылау шараларындағы олқылықтар орын алды. Енді ғана ұйымдастыру, бақылау шараларының мәселесін шештік пе дегенде, тағы бір мәселенің құлағы қылтиып шыға келді.
Мәселенің мәні
Редакцияға телефон арқылы хабарласқан биыл мектеп бітірген, ҰБТ-да жоғары оқу орнына түсуге мүмкіндік беретін шекті деңгейден артық балл (шекті деңгей - 45 балл) жинай отырып, екі жас түлек оқуға түсе алмаған. Ал енді «45 балдан артық жинаған болса, неге жоғары оқу орнына қабылданбайды» деген сұрақтың тууы заңды. Бұл сұрақтың жауабын түлектердің өз сөзімен жеткізейік.
Бірінші түлек, Сәкен:
- Биылғы Ұлттық бірыңғай тестілеуде бес пәннен барлығы 61 балл жинадым. Атап айтқанда, қазақ тілінен - 14, Қазақстан тарихынан - 18, қазақ әдебиетінен - 22, орыс тілінен - 6, математикадан 1 балл. Математикадан бір балл алғандықтан, маған ҰБТ-ның сертификатын бермеді. Ал сертификат болмаса, жоғары оқу орындары қабылдамайды. Мен гуманитарлық мамандықты таңдаған болатынмын. Алайда қандай да бір кездейсоқтық болмаса, менің ЖОО-ға түсуім екіталай сияқты. Өйткені қай мамандықты таңдасаң да, математика пәні бар. Ал менің нақты пәндерге келгенде, қабілетім төмен.
Екінші түлек, Мирас:
- Мен орыс мектебін бітірдім. Жасымнан техникаға қызығамын. Сондықтан техникалық мамандықты таңдадым. ҰБТ-да барлығы 59 балл жинадым. Бірақ Қазақстан тарихы пәнінен 2 балл алып, ҰБТ сертификатын ала алмай қалдым. Сертификатсыз ЖОО-ларға қабылдамайды. Техникалық мамандыққа тарих пәнінің қаншалықты қажет екенін білмеймін. Ең бастысы, математикадан - 22, физикадан 20 балл жинаған едім. Ал кейбір құрбы-құрдастарым математика, физика пәндерінен 14-15 балл алып та, мен таңдаған мамандыққа оқуға түсіп отыр.
Мамандардың көзқарасы
Осы мәселе жөнінде мамандармен хабарласып, пікірлерін білген едік.
Қансейіт ӘБДЕЗҰЛЫ, Қазақ мемлекеттік университеті филология факультетінің деканы, филология ғылымының докторы, профессор:
- ҰБТ - өзінің тиімділігін дәлелдеген жүйе. Қазіргі кезең - прогрестік, жаңарған технология кезеңі. Ал жаңарған технологияны математикасыз игеру мүмкін емес. Сондықтан гуманитарлық мамандықтардан математиканы алып тастауға болмас. Дегенмен ҰБТ-да таңдаған мамандығына байланысты, гуманитарлық пәндерден үздік баға алып, математикадан қанағаттанарлықсыз баға алған жағдайда, талапкерге қосымша мүмкіндік беріп, ауызба-ауыз әңгіме өткізіп, бала өзінің білімділігін дәлелдеп жатса, ондай дарынды балаларды ЖОО-ларға қабылдаудың жаңа тетігін ойластыру керек сияқты. Өйткені жүзбе-жүз сөйлесіп, баланың алғырлығын анықтауға болады. Алайда бұл - мамандармен бас қоса отырып шешетін мәселе.
Сабыр ОСПАНОВ, Жәутіков атындағы республикалық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернаты директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары:
- Орта білім саласындағы тәртіп жалпыға бірдей. Сондықтан гуманитарлық мамандықтарға математикадан емтихан тапсыруды алып тастау дұрыс болмас. Алайда басқа да балама жолдарын қарастыруға болады. Мысалы, гуманитарлық мамандықтарға математика пәнінен жеңілдетілген сұрақтар таңдалып алынса дұрыс болар ма еді?! Екінші бір айтайын дегенім, ҰБТ-да математика пәнінің бір сұрағына бір балл емес, күрделілігіне қарай, үш балға дейін беру керек. Сонда математикадан мықты бала өзінің білімділігін дәлелдеп, көп балл жинау мүмкіндігіне ие болады. Қазіргі уақытта бізде ҰБТ-ның жабық тәсілі қолданыста. Мұның бір кемшін тұсы - талапкер «тисе терекке, тимесе бұтаққа» дей отырып, кездейсоқ дұрыс жауапты белгілеуі мүмкін. Сондықтан біз ашық тәсілді қолданысқа енгізуіміз керек шығар. Бұл тәсілде дұрыс жауаптың бірін таңдау деген жоқ. Мұнда есепті шығарып, жауабын табуыңыз керек. Осы жолғы ҰБТ-ның форматына өзгеріс енгізілгенде осы жайлар ескерілетін болар.
Министрліктің мәлімдемесі
Білім және ғылым министрлігінде Ұлттық бірыңғай тестілеудің форматын өзгерту мәселесі қаралуда. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің ресми өкілі Серік Ырсалиев арнайы мәлімдеме де жасады. Оның айтуынша, ҰБТ оқушының орта білімі жөніндегі аттестация және жоғары оқу орнына түсер алдындағы тәуелсіз тестілеу бөліктерінен тұруы тиіс. «ҰБТ балалардың білім деңгейін анықтау, мұғалімдердің, мектеп директорларының, жергілікті басшылардың жұмысына баға беру, жоғары оқу орнына түсуіне мүмкіндік алу сияқты бірнеше әлеуметтік қызметтердің барлығын қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан түрлі кемшіліктер табылып жатыр. Министрлік соған орай ҰБТ-ның қызметін екіге бөлу мәселесін қарастыруда», - деді С.Ырсалиев. Министрлікте арнайы құралған комиссия осы бағытта тиісті шаралар жасайтын болса, оқушылардың білім сапасын арттыруға қол жеткізіледі деп күтілуде. Себебі кейінгі жылдары ҰБТ бес пәннен ғана өткізілетіндіктен, оқушылардың басқа пәндер бойынша білімі төмендегені байқалып отырған көрінеді. «Балалардың білім деңгейін анықтау және жоғары оқу орнына түсуіне мүмкіндік беру қызметтерін ажыратып, оқушыны орта білімі жөніндегі аттестациядан және ЖОО-ға түсер алдындағы тәуелсіз тестілеуден өткізсек, бұл проблема шешіледі», - дейді министрлік маманы.
Түйін
Шынында да, нақты пәндерден үздік оқитын оқушылардың гуманитарлық пәндерге келгенде ақсап, кейде керісінше, шығармашылыққа бейім балалардың нақты пәндерден үлгерімі төмен болып жататыны рас. Осы орайда, талапкердің таңдаған мамандығына тікелей қатысты пәннен үздік баға алып, өзге пәндерден төмен балл жинап, ЖОО-ға түсе алмауы немесе түскен күнде мемлекеттік грантты иелене алмауы - ойландыратын мәселе. ҰБТ-ның форматына өзгеріс енгізгенде, министрлік мамандары осы жайды да ескерсе екен. Өйткені есеп шығартпай математикаға бейім екеніне немесе шығарма жаздырмай филологияға бейім екеніне көз жеткізу мүмкін емес. Тағы бір айта кетерлік мәселе, мемлекеттік тілден емтихан тапсыру - міндет, ал қазақ мектептерін бітірген оқушыларға орыс тілінен тест тапсыруды міндеттеу қаншалықты қажет екендігі...
"Алаш айнасы" газеті, 07.08.2009