Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Анық 5281 15 пікір 13 Қазан, 2022 сағат 11:06

Ресей енді супердержава емес!

Ресейдің Украина аумағына толық масштабта соғыс ашып, қалаларына басып кіру әрекеті Ресей билігінің өз әскери мүмкіндіктерін дұрыс бағаламауы және ел басшылығының, соның ішінде әскери басшылықтың қате «стратегиялық жорамалдары» салдарынан үлкен сәтсіздікке ұшырауда.

Бұл Ұлыбритания Қорғаныс министрі Бен Уоллестің пікірі. 12 қазан күні Бен Уоллес британдық «Evening Standard» басылымына сұхбат беріп, Украина майданындағы Ресей әскерінің жай-күйі мен Кремльдің қате стратегиялары жайлы айтқан.

«Ресей бастаған Украина соғысы қалай аяқталады», деген сұраққа Бен Уолес: «Білмеймін», - деп жауап берген.

«Менің айтпағым мынау: Алпауыт деп әспеттеліп келген державалар бұрын соғыстарда жеңілгендер. Мысалы, Кеңес одағы Ауғаныстанда, АҚШ Вьетнамда... Ұлы державалар да жеңіледі. Жеңіліске шыдауға мәжбүр болады», - депті Бен Уоллес.

«Супердержава тағы да жеңіледі деп ойлайсыз ба», - деген сұраққа Ұлыбритания Қорғаныс министрі Ресейдің «супердержава» деген статусына күмән келтіретінін айтқан.

«Путин Ресейдің супердержава емес екенін енді ғана түсінді. Ол өз танктеріне, танктерді есеп-қисап жасайтын әскери шерулеріне сенді. Ресей танктері алдындағы жайпап өтетін, қол сұғылмайтын күш деп ойлады. Шын мәнінде олай емес еді», - дейді Уоллес.

Уоллес Путиннің күштері «әскери әлеуеті» мен басшылығының қате «стратегиялық жорамалдары» салдарынан Украинада жеңіліп жатыр деп санайды.

«Осыған дейін Халықаралық сарапшылар Украинаның күшін төмендетіп, Ресейді асыра бағалап келді. Бұл қате екеніне көз жеткіздік. Бірақ, Путиннің қоржынында әлі миллиондаған адамдар бар. Ол (Путин) сол адамдардың, оның ішінде бейбіт халықтың өмірін есепке алмай, еш ережесіз-ақ, мәжбүрлі түрде соғысқа жұмылдырып, ет тартқышқа тастай алады», - деді Бен Уоллес.

Керімсал Жұбатқанов

Abai.kz

15 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2048