Марат Ахметжанов: "Қазақстанда адам саудасымен күресті реттейтін арнайы заң жоқ"

Астанада өтіп жатқан Қазақстандағы адам саудасына күрес туралы құқықтық форумда ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Қазақстанға адам саудасымен күресті реттейтін арнайы заңның керектігін айтты.
Қазақстанда 4 айда ішінде адам саудасы бойынша 30-ға жуық дерек тіркелген. Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың айтуынша 3 қылмыстық топ анықталған және елімізде жыл сайын 100-ден астам осындай қылмыс тіркеледі екен.
«Біріккен ұлттар ұйымының мәліметіне сәйкес, әлемдегі адам саудасы құрбандарының 70 пайызы – әйелдер мен жас қыздар. Ал әрбір үшіншісі –балалар. Өкінішке қарай, бұл проблеманың Қазақстанға да қатысы бар... Қазір ІІМ бұл бағыттағы жұмысын қайта құрып, бағдарлы тәсілді енгізуде.. Қоғамдық институттармен әріптестік қарым-қатынас орнату, мемлекеттік органдармен жауапкершілікті бөлісу мәселелері қайта қаралуда. Бұл қағидат адам саудасына қарсы тұру тәсілдерін әзірлеу кезінде қолданылуы керек», - деді министр.
Abai.kz