Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2583 0 пікір 12 Ақпан, 2013 сағат 10:51

Шәріпхан Қайсар. Әділетсіз министрлік

Бұлай атап отырғанымыз - Әділет министрлігі. Себеп осы министрліктің тікелей міндетінің орындалуына қатысты. Соның екеуіне ғана тоқталсақ.

Президенттің құжаттандыру (ХҚКО - деген тіл сынатын атау ауызымызға келмейді) орталықтарын аштырғанына  біршама жыл болды. Бірақ солардың тиімділігі әлі төмен. Жуырда ғана хабарласқан бір кісі баласына жәрдемақы алуға қатысты ұлының өзгерген тегіне бола бір айлық жәрдемақыдан құр қалатынын айтты. Бірақ бұл мерзім 2 айға да созылуы мүмкін. Өйткені, құжаттандыру орталығының жіберген сәлемхаты АХАТ бөліміне жетіп, олар керілмей-созылмай құжатты мұрағаттан қарап, бір жапырақ анықтаманы поштамен жібергенше өтетін мерзімді ешкім де нақты айта алмайды.

Біздің басымыздың жетпейтіні, мемлекеттің бір мекемесінен екіншісіне әлі күнге адамдардың қағаз тасып жүргендігі. «Қағаз тасып сіз емес, электрон үкімет жүгірсін!» деген ұран қайда қалды? Қарапайым ғана мекен-жайлық анықтаманы Орталыққа барып, оған тапсырғанша керек орын неге тікелей әлгі орталықтан ала қоймайды? Болмаса, тегіндегі орыстекті жұрнағынан құтылған қазақтар үшін анықтаманы алу үшін сонау ауылдағы АХАТ бөлімшесіне дұғайлатпай-ақ, Әділет министрлігінің базасында сақталған мәліметті мемлекеттік ұйымдар алатындай мүмкіндік неге жоқ? Азаматтар неге сол үшін сабылып, бірнеше ай жоғалтуы керек? Не үшін электронды үкімет программасына қыруар қаржы бөлінді?

Байқағанымыз, ширатылған кезектің аздығы болмаса қызмет ету үдерісі бұрынғы күйінде қалып отырғаны көрініп тұр. Оның үстіне күнара әлгі Орталықтардың сервері қақалып, бірнеше сағатқа қызмет тоқтап қалады. Не болды десең - «сервер» дейді. Сонда ол неден болғаны: қыруар қаржы жинап отырған байланыс саласының былығы ма, әлде біліксіз мамандар отырғызған Әділет министрлігінің кінәсі ме?

Әділет министрлігінің нағыз әділетсіздігін көрсетіп отырған жайт - қазақтардың аты-жөнін қалай болса, солай хатқа түсіріп, былықтырып қойғандығы. Рас, бодан кезде аюдай ақырғандар ойларына келгенін істеді, енді соны түзетуге болмас па? Бір ғана Сыдықов деген тектің өзі кемінде он екі түрлі нұсқамен жазылып, мазаққа ұшыраған есімдер бар: Сдыков, Сыдков, Сидиков (қазақшаласаңыз, таза масқара шығады) ... Сонда қазақтың аты-жөнін Ресей мемлекет тілінде теріс толтырған масқара өмір бойы қазақтардың маңдайына басқан таңба болып қала бере ме? Оның қай жері әділет?

ABAI.KZ

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5383