Кедендiк одақ – елдегi кедейлердiң санын көбейтуде
2010 жылғы шiлде айына дейiн де қазақстандықтар қымбатшылықтың қылбұрауынан босай алмаған-ды. Елiмiз Кедендiк одаққа мүше болып кiрген соң, тұтыну тауарларының бағасы әрмен қарай шарықтай жөнелдi. Үш мемлекеттiң экономикасын бiрiктiрген Кедендiк одақ бiздегi қымбатшылыққа "дем бере" түстi.
Бiрыңғай Кедендiк кеңiстiк 170 миллион халқы бар, IЖӨ-нiң жиынтық көлемi 2 триллион долларға сай келетiн, өндiрiстiк өнiмдердiң жалпы көлемi 600 миллиард долларды құрайтын үш ел арасында құрылды. Бiрақ соның 90 пайызы (халқының санынан бастап, өндiретiн өнiм және IЖӨ-нiң көлемi) Ресейге тәуелдi екенiн айтып отырған ешкiм жоқ. Десек те, бiрқатар қолда бар деректерге сүйенiп, 2010-11 жылдар арасындағы елiмiздегi iшкi баға нарқының көрсеткiшiн саралап көрсек.
2010 жылғы шiлде айына дейiн де қазақстандықтар қымбатшылықтың қылбұрауынан босай алмаған-ды. Елiмiз Кедендiк одаққа мүше болып кiрген соң, тұтыну тауарларының бағасы әрмен қарай шарықтай жөнелдi. Үш мемлекеттiң экономикасын бiрiктiрген Кедендiк одақ бiздегi қымбатшылыққа "дем бере" түстi.
Бiрыңғай Кедендiк кеңiстiк 170 миллион халқы бар, IЖӨ-нiң жиынтық көлемi 2 триллион долларға сай келетiн, өндiрiстiк өнiмдердiң жалпы көлемi 600 миллиард долларды құрайтын үш ел арасында құрылды. Бiрақ соның 90 пайызы (халқының санынан бастап, өндiретiн өнiм және IЖӨ-нiң көлемi) Ресейге тәуелдi екенiн айтып отырған ешкiм жоқ. Десек те, бiрқатар қолда бар деректерге сүйенiп, 2010-11 жылдар арасындағы елiмiздегi iшкi баға нарқының көрсеткiшiн саралап көрсек.
Кедендiк одақ аясында ә дегеннен көршiлерiмiзбен арадағы 39 кедендiк бекет жабылды. Ортадағы түсiмдердiң 90 пайыздайы Ресей елiне бұйырып, қалған 10 пайызын қазақ пен Беларусь елi мiсе тұтты. Кеңес өкiметi кезiндегi 94 пайыз тауар өнiмiн Мәскеуге берiп отырған кейiпiмiзге қайта түстiк. Кәсiбiнен айырылып, жұмыссыз қалғандардың қатары артты. Кедендiк одаққа мүше болып кiргелi бiр жылдың iшiнде азық-түлiктiң, адамға қажеттi өнiмдердiң, әсiресе ет пен жемiс-жидектiң бағасы шарықтап кетпесе де, бiртiндеп қалтаға салмақ сала бастады. Одақтың құрылғанына бiр жыл өтер-өтпес аралықта сиыр етiнiң бағасы 30,4 пайызға көтерiлiптi. Бұдан басқа қой етi - 27,9, жылқы етi - 20,5, жарма - 20,8 пайызға "секiрген". Сонымен бiрге, Кеден одағы құрылмай тұрған кезде, кедендiк тарифтiң орташа көлемi 6,2 пайызды құраса, ал 2010 жылы 10,6 пайызға, яғни екi есеге көтерiлген. Елiмiздiң бюджетiн құрайтын қаржының 36 пайызы кедендiк баж салығынан келедi екен. Сондықтан Кеден одағына кiргеннен кейiн бiздiң бюджетiмiз 70 миллиард теңге түсiмнен айырылған. Қытайдан келетiн бұйым мен азық-түлiк бағасы 15-20 пайызға, кейбiрi 100 пайызға дейiн қымбаттады. Ресей мен Беларусь арасындағы шекара ашылғанымен, өзге елдер үшiн баж салығы көбейтiлген. Сондай-ақ, Ресейде шетелдiк көлiктерге салынатын баж салығы тым жоғары, бiздiкiнен үш есе қымбат болғандықтан, бiзге Еуропа, Жапониядан әкелiнетiн көлiктердiң бағасы үш есеге қымбаттады. Осыдан кейiн Ресей одақты алға тартып, шетелдiк көлiктiң орнына өздерiнiң отандық көлiктерiн тықпалауын бастады.
Басқасын айтпағанда, ас тұзының қымбаттауы - одақтың орға жығатынын анық көрсеттi. Қазақстан жылына шамамен 426 мың тонна тұз, оның iшiнде 60-65 мың тонна ас тұзын өндiредi. Өкiнiшке қарай, йодталған сапалы тұз бiзге Ресей мен Беларусьтен келедi. Тұз өндiрумен айналысатын елiмiздегi 40-тан астам кәсiпорын Кеден одағына енгенiнен бастап тығырыққа тiрелдi. Егер тұз үш мың шақырым жерден артық жерге жеткiзiлетiн болса, оның тасымалдау бағасы 50 пайызға азаяды. Осы жеңiлдiктердiң болуына байланысты Ресей тұзы отандық тұздан 30 пайызға арзанға түскен. Ал бiзде керiсiнше, электр қуатын 20 пайызға, ал темiр жол тасымалын 18 пайызға қымбаттатып, жағдайы мүшкiл кәсiпкерлердi онан әрмен пұшайман күйге түсiрген Кедендiк одақтың саяси қадамы алшаңдай түстi.
Қазақстанда жанар-жағармайдың бағасы әр маусымда құбылып, қымбаттаумен келедi. Егер, жанармай 10 пайызға қымбаттаса, кез келген тауар тиiсiнше 20 пайызға көтерiлiп, "екеуара жарыс" күнi бүгiнге дейiн жалғасуда. Кедендiк салықтың 92 пайызы Ресейдiң тарифтерiне негiзделдi. Қалған 8 пайызы ғана Қазақстан мен Беларусьтiң үлесiне қалды.
Кеден одағы күшiне енген 1 шiлдеде астықты Арқада күн ысып, қазақтың бағалы қатты сортты бидайы пiсiп, жетiле бастады. Сол жылғы көктемгi егiсiн экономикалық тұрғыда дербес ел болып өткiзген Қазақстан егiн орағын Кеден одағының мүшесi есебiнде рекордтық көрсеткiшпен аяқтады. Десек те, сол жылы да, одан кейiн де Қазақстандағы нан және ұн өнiмдерi бiр теңгеге де арзандаған емес. Керiсiнше, әлi күнге нан бағасының қымбат екендiгi белгiлi. Әйтсе де, қымбатшылықтың құрсауы ең алдымен қазақ елiн қысып, қинай түсуде. Қазақстандағы кейбiр азық-түлiк тауарларының құны Ресейден де қымбат. Мәселен, 2010 жылдың маусым айынан 2011 жылдың маусымына дейiн Қазақстандағы инфляция деңгейi 8,1 пайыз болыпты. Азық-түлiк тауарларының бағасы осы аралықта 11,6 пайызға, азық-түлiктiк емес тауарлар нарқы 5 пайызға, төлемақылар 6,1 пайызға өскен. Ал Ресейдегi дәл осы кезеңдегi инфляция өлшемi 9,3 пайыз деп есептелген. Аталмыш тауарлар мен қызмет түрлерiнiң пайыздық өсiмi тиiсiнше 12,6 және 8,3 пайыз болған. 2011 жылдың маусым айына дейiнгi азық-түлiктiң бiр келiге немесе бiр литрге шаққандағы құнын доллар бағамымен салыстырып көрелiк. Атап айтқанда, дәл осы кезең iшiнде Қазақстандағы қой етi - 8,15, ал Ресейде - 8, сиыр етi тиiсiнше - 8,2 және 7,7, балық тиiсiнше - 6,6 және 2,95, қазақтың басты тағамдарының бiрi шай тиiсiнше - 22 және 13,18 долларға бағаланған. Яғни, күнделiктi ас үй мәзiрiне енетiн азық-түлiктiң төрт түрiнен басқасының құны Қазақстанда Ресейдегiден әлдеқайда жоғары. Сонымен қатар, Ресейдiң мемлекеттiк статистика қызметi берген деректерiне қарағанда, 2010 жылы Ресейде 18,5 миллион адам тұрмысы төмен деп есептелiптi. Бұл жалпы халықтың 13,1 пайызы. Көршi елдегi бiр адамға шаққандағы ақшалай кiрiс 18552,6 рубль, яғни 685 долларға тең. Орташа зейнетақы көлемi - 7476 рубль, яғни 246 доллар. 2011 жылдың бiрiншi тоқсанына қарай тiршiлiк минимумы 673 рубль, яғни 227 доллар болыпты. Ал сол кезде Қазақстан халқының 6,5 пайызы, яғни 1,05 миллион адам тiршiлiк минимумынан төмен деңгейде өмiр сүрген. 2010 жылы тұрғындардың бiр айлық номиналды ақша кiрiсi 40 473 теңгемен бағамдалды. Жыл аяғында зейнетақы мөлшерi 21,238 теңге, яғни долларға шақсақ, 275 және 144 доллардан келген. Ал 2011 жылдың бiрiншi тоқсанындағы тiршiлiк минимумы 15 609, яғни 105 долларды құрапты. 2010 жылы ресейлiктер табысының 55 пайызын тауар сатып алуға, 15 пайызын түрлi қызметтiк төлемдерге, 10 пайызын мiндеттi төлемдерге жұмсайды екен. Сондай-ақ, орыстар табыстарының 14,7 пайызын сақтап, 3,7 пайызын валюта сатып алуға жұмсайды. Қолдарында қалатын ақша номиналы - 1,8 пайыз. Ал Қазақстан тұрғындарының қаржылық ахуалы қандай едi? Осы кезеңде қазақстандықтар табысының 69 пайызын тауар сатып алуға, 25 пайызын қызметтiк төлемдер жасауға, 0,1 пайызын түрлi салықтар төлеуге, 5,9 пайызын басқа төлемдерге жұмсапты.
Қорыта айтқанда, Ресейдiң мүддесiне құрылған Кедендiк одақ қазақты жарылқамақ тұрмақ, барынан айыруға бағытталғаны анық. 16 миллион халқы бар Қазақстанда қазiргi кедейшiлiк деңгейi 60 пайыздан асты. Егер осылай кете берсек, алдағы 2-3 жылда халқымыз аштықтан, жоқ-жiтiктен қырыла бастамасына кiм кепiл?
Меруерт ХУСАИНОВА
«Жас Алаш» газеті