Назерке Инақынқызы. Аялы алақан: Жансаяның тағдыры
Қас қарая үйге оралысымен күндегі әдетімше теледидарды қосып, арналарды ауыстыра бастадым. Арналарды ауыстырып отырып Малаховтың «Пусть говорятына» тоқталдым. Әртүрлі оқиғаларды қозғайтын токшоудың бұл жолғы тақырыбы «Турецкий Гамбит» екен. Бағдарламаның басты кейіпкері - Түркияның Гүлсум есімді азаматшасы болып шықты. 2008 жылы жол апатына ұшырап, ауыр халде ауруханаға түскен белгісіз азаматты дәрігерлердің «адам болмайды» дегеніне қарамастан төрт жыл бойы баласындай бағып, өмір сүруге жетелеген бұл әйелі бүгінде күллі Ресейге танымал жан. Ұлтынан, тілі мен дінінен, аты-жөнінен, бұрынғы өмірінен бейхабар бола тұра бар аналық махаббатын осы белгісіз жанға арнаған әйелді қалайша құрметтемеске?! Бағдарлама барысында түсірілген сюжеттерді көре отырып көрермендердің көзіне жас үйірілгені анық (1-бейнематериалды көріңіз).