Сенбі, 23 Қараша 2024
Бұ не мазақ? 4937 39 пікір 9 Желтоқсан, 2022 сағат 13:19

Масқара: Қазақстан оқушыларына Ресейді дәріптеп жатыр!

7 қараша күні Алматыдағы «Цезарь» кинотеатрында Ресейдің басқыншылық әрекетін ақтайтын «Россия. Нам 30 лет» атты фильм көрсетілді. Фильмді ТМД елдерінің «Еуразия.doc» деректі фильмдер фестивалінің тұсаукесеріне орай көрсеткен көрінеді.

Ресейлік «туындыны» көрсетуге №132 мектептің мұғалімі 8-ші орыс тілді сыныптың оқушыларын алып келген. Мұғалімнің айтуынша, оларды мектеп директоры осында жіберген.

Ал Алматы қаласының білім басқармасы «Азаттыққа» берген жауабында: «№ 132 гимназия оқушыларына аталған фильмді көрсетуге басқарма рұқсат берген жоқ», - деп ақталған.

«Жоғарыда айтылған жайттарға байланысты № 132 гимназия директоры К.А. Әбдіманаповаға өз міндетін дұрыс атқармағаны үшін тәртіптік айыппұл салынады, яғни сөгіс беріледі...», - деді Алматы қаласының білім басқармасы өкілдері. Білім басқармасындағы шенеуніктердің айтуынша, Алматыда № 132 гимназияның 8б және 8в сынып оқушыларына Ресей туралы фильм көрсетілген.

Олардың сөзінше, Ресейдің Алматыдағы бас консулдығы және «Россотрудничество» агенттігінің Қазақстандағы өкілдігі оларға тағы екі фильмнің көрсетіліміне қатысуды ұсынған. Бірінші фильм – «Россия. Нам 30 лет», екіншісі – «Земля больших кошек» деп аталады. Екіншісі Ресей мен Қытай аумағында барыстар популяциясын қалпына келтіру жөнінде баяндайды.

«Россотрудничество» Ресей президенті Путинге тікелей қарайтынын ұмытпайық. Бұл ұйым 2008 жылы Дмитрий Медведевтың бастамасымен құрылған болатын.

«Еуразия.doc» деректі фильмдер фестивалінің директоры Валерий Шеховцов «Украина-Ресей соғысы жүріп жатқан кезде, Ресейдің «батырларын» дәріптейтін фильмді қазақстандықтардың наразылығына қарамастан Қазақстанда көрсеткен дұрыс па?» деген arbat.media журналисінің сұрағына: «Әркімнің өз пікірі бар, оны білдіруге де құқығы бар. Бірақ менің пікірім: Ресей бұрыннан бар, қазір де өмір сүріп жатыр, болашақта да жасай береді. Ресейдің әр кезеңде, әр дәуірде, тіпті ең қиын кездері де өз батырлары болды», - деп жауап берген. Оның айтуынша, фильм «Ресейдің мәңгі болуы» туралы мағынаны береді екен.

Фильмде жарылыстардың, лаңкестік әрекеттің кадрлары бар, сондай-ақ кейіпкерлер Қырымның Ресейге қосылғанына қуанышын жасырмай, тіпті Оңтүстік Осетияның Ресей құрамында болғанын мақтан тұтатады.

Фестиваль директоры Қырымның іс жүзінде Ресей Федерациясының бөлігі екенін және бұл туралы Конституцияда белгіленгенін атап өтті.

«Қырымда референдум болды, халық Ресейге қосылуды таңдады», - дейді ол.

Айта кетейік, президент Тоқаев Қазақстан Оңтүстік Осетияны да, ЛХР, ДХР-да мойындамайды деп айтқан болатын.

«Еуразия.doc» деректі фильмдер фестивалін өткізуге «Тұран» университеті мен «Цезарь» кинотеатры қолдау білдірген.

Ресейдің Украинаға басқыншылық соғыс жасап отырған уақытында, Ресейдің имперлік амбициясын насихаттайтын фильмді Қазақстанда мектеп оқушыларына көрсетуге Шеховцов сияқтылар қалай рұқсат алып отыр? Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетовтен жауап күтеміз.

Айжан Темірхан

Abai.kz

39 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5406