Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 4422 0 пікір 27 Ақпан, 2013 сағат 10:35

Бейбіт САПАРАЛЫ, дінтанушы: ТАҒЫ ДА БАС МҮФТИЛІК МӘСЕЛЕСІ ТУРАЛЫ

ХАЛЫҚ ТА, ҒАЛЫМДАР ДА ҚОЛДАП ТҰРСА...
- Сізге Бас мүфтидің ауысуына байланысты бірер сұрақ қойсам деп едім. Бұл салаға реформа керек деп айқайлату артықтау да болар. Бірақ жаңа басшылықтың алдында ескеретін қандай мәселелер бар деп ойлайсыз?
- Діни басқарманың басшылығына келген жас азаматтар «Діни басқарманың жұмысын қайтсем жақсартам, қайтсем жолға қоямын» деп әрекет етуі керек екені белгілі. Мүмкін әрекетке көшіп те жатқан шығар... Менің ойымша, Қазақстан Мұсылмандар Діни басқармасы құрылтайының деңгейін көтеру керек. Құрылтай - ең түпкілікті шешім шығаратын жоғарғы құзіретті орган. Мүфтидің өзін құрылтай сайлайды. Осы уақытқа  дейін 7 құрылтай өткен болса, жетеуінің де қалай өткені бізді ойлантпай қоймайды. Оның саны да, құрамы да, оған қатысқан делегаттары да... Сондықтан келесі өтетін құрылтайды өте жоғары дәрежеде өткізуге дайындалу керек. Оған Қазақстанның түпкір-түпкірінен лайықты ғұламалар, ғалымдар, дінге жанашырлар, намазхандар, айтар пікірі бар адамдар жиналуы қажет. Ал сол құрылтайды жақсылап белгілеп, кезектен тыс өткізетін болса, сол құрылтайдың құзіретіндегі оншақты мәселе бар.  

ХАЛЫҚ ТА, ҒАЛЫМДАР ДА ҚОЛДАП ТҰРСА...
- Сізге Бас мүфтидің ауысуына байланысты бірер сұрақ қойсам деп едім. Бұл салаға реформа керек деп айқайлату артықтау да болар. Бірақ жаңа басшылықтың алдында ескеретін қандай мәселелер бар деп ойлайсыз?
- Діни басқарманың басшылығына келген жас азаматтар «Діни басқарманың жұмысын қайтсем жақсартам, қайтсем жолға қоямын» деп әрекет етуі керек екені белгілі. Мүмкін әрекетке көшіп те жатқан шығар... Менің ойымша, Қазақстан Мұсылмандар Діни басқармасы құрылтайының деңгейін көтеру керек. Құрылтай - ең түпкілікті шешім шығаратын жоғарғы құзіретті орган. Мүфтидің өзін құрылтай сайлайды. Осы уақытқа  дейін 7 құрылтай өткен болса, жетеуінің де қалай өткені бізді ойлантпай қоймайды. Оның саны да, құрамы да, оған қатысқан делегаттары да... Сондықтан келесі өтетін құрылтайды өте жоғары дәрежеде өткізуге дайындалу керек. Оған Қазақстанның түпкір-түпкірінен лайықты ғұламалар, ғалымдар, дінге жанашырлар, намазхандар, айтар пікірі бар адамдар жиналуы қажет. Ал сол құрылтайды жақсылап белгілеп, кезектен тыс өткізетін болса, сол құрылтайдың құзіретіндегі оншақты мәселе бар.  
Біріншіден, ҚМДБ өзінің құжаттарын дұрыстап алуы керек. Оған құрылтайда қабылданатын жарғы, тағы да басқа құжаттар жатады. Сонымен қатар еліміздегі дін саласында қандай келелі мәселелерді атқару керек, соның жобасын дайындап, құрылтайдың деңгейінде шешкен абзал.
Екінші мәселе, Қазақстанда діни насихат жолға қойылмаған. Ғұламалар кеңесін құрса, Қазақстанда ғұламалар аз емес, меніңше. Оған бұрынғы Бас мүфти Рәтбек қажы да, Шымкенттегі Абдолла қажы да шақырылса деймін. Басқа өлкелерде де сондай Құранды жатқа білетін қарилар бар. Сырттан келген қандастарымыздың ішінде де Құранның тәпсірін жақсы білетіндер жетерлік. Сондай қадау-қадау адамдар Ғұламалар алқасына жиналуы керек. Ал қазіргіге дейінгі Ғұламалар алқасының құрамы дұрыс емес. Мысал үшін, сенатор Ғарифолла Есім, академик Өмірзақ Айтбай, Сұлтан Сартаевтарға өкпеміз жоқ. Бірақ олар Исламның ғұламалары емес. Исламның түпкі, шариғат мәселелерін шешіп, соған кеңес айта алатын адамдар емес. Ғұламалар алқасы - құрылтайдан кейінгі дәрежеде тұрған орган. Құрылтайды үш жылда бір рет шақыра ма, әлде кезектен тыс шақыра ма, оған қарамай, Ғұламалар алқасы үш айда бір рет жиналып, қордаланған мәселелерді шешіп отыруы керек. Сол кезде мүфтидің өзінің жүгі де жеңілдейді, қоғамға да пайдасы тиеді, сонымен қатар діни мәселелер біртіндеп-біртіндеп шешіле бастайды. Өзінің айналасындағы кадр мәселесі де өте үлкен жұмыс. Мұны да Ғұламалар кеңесі арқылы ақылдасып шешу қажет. Уахабизм, сәләфизм сияқты сырттан келген, діннің ішінде бүлдіргі болып кірген Хизб ут-Тахрир сияқты ағымдар Қазақстанның қай аймақтарында кең етек жайып кеткен, олардың қалай алдын алу керек, бүлдіргі ағымдармен қалай күресу керек, осылардың үлкен бағдарламасы жасалса. Дін исламның Қазақстандағы орны, оның қаржы-қаражат жүйесі қандай болмақ? Мешіттерді салдыртқан, салғызған Президент, сосын әкімдер, кәсіпкерлер болатын. Бұрынғы Бас мүфтидің, имамдардың бұл іске онша қатысы болған жоқ. Олар тек ашылуында, салтанатты жағдайға қатысады. Оны ары қарай ұстап тұру, тоздырмау, жақсы жағдайда қызмет атқарту, жамағаттың көп болуы, мешіттің күнделікті қаржы-қаражатына байланысты. Бұл қаражат тек қана жәшікке садақа салумен немесе ұрлап-бөрлеумен емес, қазіргі заманға лайық банкомат жүйесі бар дегендей, қолма-қол ақшалай емес, есеп-қисап жүйесі арқылы электронды түрде көрсетіліп тұруы қажет. Сосын оның Қазақстан бойынша таралуын да қадағалаған абзал. Мысалы, Батыс Қазақстан облысындағы имамның алатын айлығы мен Шымкенттің Сайрам ауданындағы имамның айлығын салыстыруға болмайды. Бір жердің жамағаты көп, бір жердің жамағаты аз. Бірақ имамдар айлықты бір деңгейде алып, орталықтан бөліп тұрса, ол өте жақсы болар еді. Сосын мешіттер түскен түсімнің 30 пайызын Діни басқармаға аударып тұрады. Ол ақша қайда кетті, зекет, садақа мәселесі қалай шешіліп жатыр? Жаңадан келген жастардың алдында көп жұмыс тұр, қысқасы. 20 жыл бойы ҚМДБ-да қандай мәселелер қордаланып, жинақталып қалды, солар біртіндеп-біртіндеп шешімін тапса, Түркияда, басқа мемлекеттерде қалай шешіліп жатыр, соны ескерсе дейміз.
- Қазіргі жаңадан келген Бас мүфти «дін саласында танымал болған кісі емес» деген әңгіме айтылып жүр. «Қайта жас, жігерлі адамның келгені жақсы болды» деушілер де бар. Сіз қай жағындасыз?
- Бұл сұрақ қазір қоғамда өте өзекті болып тұр. Мұрат Телібеков сияқты ашынғандар кеше бір пікір айтыпты: «Ешкім танымаған, ешкім білмейтін адамды жалғыз өзін баламасыз қалай сайлайды? Ондай тәртіп болатын болса, Бас мүфтилікке Ұлттық банктің төрағасы Григорий Марченконы да сақалы бар екен деп сайлай салмаймыз ба?», - депті. Енді осыған дейін жеттік, көрдіңіз бе? Ол енді Мысырда оқып келген. Діни басқармада істеген. Бірақ Бас мүфти болатын адам халыққа танымал болу керек. Оның белгілі бір мәселелер бойынша пікірі, көзқарасы да белгілі болу керек. Мысал үшін, ертең оған уахабизм туралы пәтуә білдіру керек болады. Сонда оның пәтуәсы біздегі шариғи мәселелерге қайшы келіп жататын болса, қоғам қайтпек сонда? Сондай-сондай мәселелердің басын шешіп алып қана, Бас мүфтилікке сайлауымыз керек еді. Кезінде Әбсаттар Дербісәлі де аяқастынан келді. Енді мына жас азамат та солай келіп отыр. Негізі жас әрі оқыған азаматтың болғанына қарсы емеспіз. Дегенмен белгілі бір принциптер бойынша, ең бастысы шариғат бойынша мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан ұғым сол, басшы болатын адам, дін басшысы болсын, ел басшысы болсын, оның әке-шешесі некелі жағдайда туды ма, осыны арнайы бейтарап комиссия тексеруі керек. Егер некесіз жағдайда туса шайтан араласты деген сөз. Яғни шайтани адам болады. Ол адамды басшылыққа қоюға болмайды, оның артынан ерген адамдар шайтани болып кетеді. Бұл тек қана Әбсаттар мен Ержанға ғана қатысты емес, болашақта кім болса, ол болсын, оларды қою шарттарының бірі. Ал бізде мүфтилікке сайлау жүйесі қалыптаспаған. Құрылтай дұрыс қалыптаспағаннан кейін, балама, алуан түрлі пікірлер болмағаннан кейін, бұл қолжаулық сияқты болып кетеді. Жалпы талқыға түсіп, соның ішінен сұрыпталып барып, сайланатын болса, халық та, ғалымдар да қолдап, жақсы жұмыс істеп кетеді.
- «Abai.kz» ақпараттық порталының ұжымы жақында Діни басқармаға хат жолдапты. Соны көре алдыңыз ба?
- Оқымадым, бірақ сырттай естіп жатырмын...

Қазақстанда ислами-шариғи білім жүйесі жолға қойылған жоқ
- Діни басқарманың алдына «абайлықтар» он мәселе қойыпты. Соның біреуінде «Қазақстанда діни білім беретін оқу орындарының жүйесі біркелкі емес» депті. Жалпы Қазақстанға стандартты діни білім беретін оқу орындары  қажет пе?
- Міндетті түрде, бізде ислами білім беру жүйесі қалыптасуы керек. Бұған жиырма жылымызды жоғалттық. Кезінде Рәтбек қажы да бұған күш саламын деді, бірақ нәтижесіз болды. Ол кісі «Ислам университеті» деп құрып, оған 21 жастағы жас азаматты ректор ғып қойғанын білеміз. Ол Ислам университетін 1990 жылдың басынан 2000 жылға дейін қазіргі имамдардың көбі бітірді. Бірақ Ислам университеті Қазақстандағы дін, білім туралы заңға байланысты жұмыс істемегеннен кейін, Білім министрлігінде Ислам университеті деп тіркелмегеннен кейін, арнайы диплом беруге құзіретті болмады. Ал 2000 жылы Бас мүфти болып келген Әбсаттар Дербісәлі «Мен Қазақ Ұлттық университетінде проректор болып істегем, білім саласында ғылым докторымын, профессормын. Сондықтан бұл мәселені тез шешіп тастаймын» деп белсене кірісіп, артық-артық сөздер айтқанын білеміз. Он үш жыл бойы ол мәселені Әбсаттар қажы да шешкен жоқ.  «Нұр Мүбәрәк» университеті Рәтбек қажының кезінде негізі қаланып, келіссөздер жүргізіліп жатқан болатын. Мысыр жақтан Мысырдың Дін министрлігі құрылтайшы болса, Қазақстан тарапынан Қазақстан Мұсылмандар Діни басқармасы құрылтайшы болуы керек болатын. 2000 жылдың басында Қазақстанның Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі өзіміз жақтан құрылтайшы болып бекіді. Ол кезде, білесің, дін туралы заң 1992 жылғы еді. «Мемлекет діннің ісіне араласпауы керек» деген тармақ бар. Сондықтан Мәдениет министрлігі дін кадрларын дайындайтын университеттің құрылтайшысы болуы заңға да қайшы еді. Қазіргі білім туралы заңның негізінде түп-тұқиянын тексеріп қарасаңыз, бұл университеттің жұмыс істеп тұрғаны заңсыз болып шығады. Сондықтан біздің қоғамда жоғары білім беретін Ислам университетінің заңдық негізі әлі жасалған жоқ.
Екінші мәселе, оларға кім ұстаздық етеді? Бізде дін саласында үлкен ғалымдардың, филологтардың біреуі Мысырдан, біреуі Түркиядан, біреуі Сауд Арабиядан оқып келіп жатыр. Ал біз Әбу Ханифа мазхабындамыз. Бұрынғы 300 жылғы орыс отаршылдығы, кешегі 70 жылдық кеңестік атеистік тәртіп, сол кезде қалыптасқан теріс ұғымдарды біртіндеп аршып, қазіргі қазаққа ислами жолымызды көрсететіндей ғалымдар бізде жоқтың қасы. Осыны дұрыс қалыптастырмасақ, өзімізге қызмет ететін дұрыс имамдар да шықпайды. Қазір Мысырда оқып келген азаматтарды хабашилер деп кінәлап жатыр. Өйткені, Мысырда «ағайынды мұсылмандар» деген төңкеріс жасап жатыр. Ол - Батыстың жобасы. Батыс оларға ақша берген. Сол әл-Азһар университеті Сұлтан Бейбарыс құрған университет. Мың жыл бойы Ислам әлеміне үлкен ғылыми орда болып қызмет етіп тұрды. Алайда соңғы жүз жылдың ішінде бұл университеттің өзегіне құрт түсті. Оның ішінен өте қиын адамдар шыға бастады. Мысалы, құранит деген теріс ағым бар. Ол Америкадағы орталыққа бағынады. 1974 жылы әл-Азһар университетін бітірген Әбілмансұр деген ағамыз құраниттердің теріс ағымының теориясын жасап, бізге жіберді. Исламның өзінің ішінен ірітетін түрлі теріс ағымдардың теориялық, практикалық негіздерін жасап жатқандар осы әл-Азһар университетін бітіргендер. Оның сыртында 2006 жылы бізде мынандай жағдай болды. Өзім шетелге бір сапармен бара жатқан кезде, маған көп азаматтар хабарласып көмек сұрады. Мысырда оқып жатқан жиырма үштей қазақ жастарын, беттеріне перде жапқан мемлекеттік құпия әскер келіп, бір түннің ішінде түрмеге тоғытады. «Теріс ағым оқып жатыр» деген желеумен. Дереу Президент әкімшілігі бар, оның жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссия бар, сосын Сыртқы істер министрлігі бар, соларға аттарын атап, хат жазуға кеңес бердім. Ол жерде өзім танитын азаматтарға да өтініш жасадым. Олар сол іске араласып, Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі нота беріп, екі-үш күннің ішінде қарап, ол жақтағы елшіміз араласып, жастардың бәрін шығарып алуға себепші болды. Мұны айтып отырған себебім, ол жерде оқыған жастардың кімнен, қай бағытта  дәріс алғанын біз білмейміз. Бұл - көңілдегі күмәнді ұлғайтып тұрған мәселе. Сондықтан Қазақстанның жоғары діни білім беретін ордасы сондай-ақ мықты ұстаздары, ғұламалары болуына жағдай жасалуы керек. Сонда ғана біз өзіміздің мүддемізді көздейтін діни кадрларды дайындап шығара аламыз.
Ал Әбсаттар қажыға қайтып оралатын болсақ, Рәтбек қажының кезінде болған Ислам университетін өзгертіп, Қазақ университеті деген сияқты жаңа оқу орнын ашамын деді, бірақ одан ештеңе шықпады, заң жағынан да, қаржы жағынан да. Одан кейін Қазақ Ислам университеті деп ашуға әректе жасады. Мысыр жағынан 500 мың ба, әлде миллион доллар ма, ақша алды, бірақ оны да ашқан жоқ. Абдолла қажыны ректор болады деп шақырған, құжаттарын бекіткен. Бірақ үлкен ғұламаны ренжітіп, қайтадан Шымкентке қайтаруға тура келді. Содан ол алған ақшасын да, басқасын да игеру үшін имамдардың білімін жетілдіру курсын ашты. Курс деген не? Жұмыс істеп жатқан имамдарды шақырады да, 2-3 ай дәріс берген болады. Олар одан үлкен білім алмайды, себебі, оларға дәріс беретін кадрлар жоқтың қасы. Қазақстанда ислами-шариғи білім жүйесі жолға қойылған жоқ, сөйтіп.

БАС МҮФТИДЕ САҚАЛ БОЛҒАНЫ ДҰРЫС
- Соңғы сұрақ, сақалға қатысты арагідік дау туып тұратыны бар бізде. «Жаңа сайланған Бас мүфтидің сақалы жоқ екен» деген әңгіме айтылып қалды. Пікіріңіз қандай?
- Сақал - Пайғамбарымыздың сүннеті. Өз басым 1992 жылы сақал қойдым. Ол кезде мемлекеттік қызметте жүрдім, вице-министр деңгейінде де болдым, Президенттің алдында да жүрдік. Бірақ осы күнге дейін маған біреу «сен сақал қойыпсың» деп теріс сөз айтқан емес. 1992 жылдары Рәтбек қажының сақалы болған жоқ. Кейін Президент бар, тағы басқалар айтып жүріп, ол кісі сақал-мұрт қойды. Әбсаттар қажыға: «Сақалыңызды қойыңыз, өсіріңіз, көсе емессіз» деп Президент бірнеше рет айтты. Содан кейін ол кісі сақал өсірді. Ал жаңадан келген мүфти мен оның екі наибына қарасаңыз, жылмағай, жоғары курстың студенттері сияқты. Ондай болмайды. Бұлар дін қызметкерлері, біраз жыл имам болып істеген. Олардың түрі де, бет-келбеті де, жүріс-тұрысы да, киген киімі де сол қызметіне сәйкес болуы керек. Сондықтан халықтың айтып отырған тілегі, олардың жеке басына жамандық ойлау емес, керісінше, орынды талап деп ойлаймын. Оны талап етуге халықтың хақысы бар. Ол жеке әкімнен немесе министрден талап етіп жатқан жоқ қой. Бас мүфтиден талап етіп жатыр. 
Дайындаған - Балжан МҰРАТҚЫЗЫ

"Халық сөзі" газеті

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5299