Сенбі, 23 Қараша 2024
Ақмылтық 3984 46 пікір 19 Желтоқсан, 2022 сағат 12:24

БҰҰ қарарлары: Қазақстан билігі Украинаны ешқашан қолдаған жоқ!

БҰҰ Ресейдің Украинадағы басқыншылық соғысын айыптап, бірнеше мәрте резолюция мен басқа да қарарлар қабылдады. Кешегі күнге дейін Ресейдің агрессиясына бейтарап ұстанымда болған Қазақстан 15 желтоқсанда өзінің Ресей жағында екенін көрсетті. БҰҰ-ның осыған дейін қабылдаған қарарларының хронологиясын ұсынамыз.

2 наурыз. БҰҰ Бас Ассамблеясының төтенше арнайы сессиясында Ресейдің Украинаға жасап отырған басқыншылық әрекетін айыптайтын қарар қабылданды. Қарарда: «Ресей соғыс қимылдарын тоқтатсын, Украинаның халықаралық мойындалған шекарасынан, оның ішінде 2014 жылы аннекцияланған Қырымнан әскерін алып кетсін», деген талап қойылды. 141 мемлекетінің көпшілігі қолдап дауыс берді. 35 мемлекет дауыс беруден қалыс қалды, оның ішінде Қазақстан бар. Бес ел: Ресей Федерациясы, Беларусь, Солтүстік Корея, Сирия және Эритрея қарсы дауыс берді.

24 наурыз. БҰҰ Бас Ассамблеясы Украинаның бейбіт халқы мен инфрақұрылымын қорғауды, сондай-ақ, елдегі соғысты дереу тоқтатуды талап ететін қарар қабылдады. Бұл шешімнің заңды күші жоқ тек ұсыныс ретінде жүреді. 140 ел дауыс берді. Қазақстан бұл жолы да қалыс қалған 38 елдің ішіне кірді. Бес ел: Беларусь, Солтүстік Корея, Сирия және Эритрея, Ресей қарсы болды.

Құжатта бейбіт азаматтарды, медициналық қызметкерлерді, гуманитарлық ұйымдардың қызметкерлерін, сондай-ақ, журналистерді қорғау қажеттілігі туралы айтылды. Ресейдің келтірген залалы сыналды.

7 сәуір. БҰҰ Бас Ассамблеясы Ресейдің Украинаға басып кіргенінен бастап, адам құқықтарын өрескел бұзғаны үшін агрессорды адам құқықтары жөніндегі кеңестің мүшелігінен шеттетуге шақыратын қарар қабылдады. 93 ел қолдап дауыс берді, 58 ел қалыс қалды, 24 ел қарсы дауыс берді. Ресейдің адам құқықтары жөніндегі кеңес мүшелігінен шығуына Қазақстанды қосқанда Орталық Азияның 3 елі: Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан қарсы болды. Түркіменстан дауыс беруге қатыспады.

12 қазан. БҰҰ Бас Ассамблеясы төтенше арнайы сессиясында Ресейдің Донецк, Луганск, Запорожье және Херсон облыстарын аннексиялау әрекетін айыптайтын қарарды көпшіліктің қолдауымен мақұлдады. Қарарды қабылдауға БҰҰ-ға мүше 193 мемлекеттің 143-і қатысты. Ресей, Беларуссия, Солтүстік Корея, Сирия және Никарагуа қарсы дауыс берді. Қытай, Оңтүстік Африка, Армения, Қазақстан және ТМД-ның бірқатар елдері, барлығы 35 ел, қалыс қалды.

14 қараша. БҰҰ Бас Ассамблеясы Ресей Украинаға соғыс ашып, келтірген залалы үшін өтемақы төлеуге міндетті деп есептейтін қарар қабылдады. Бұл шешімді 94 мемлекет қолдады. Беларусь, Куба, Иран, Зимбабве тағы басқа да 14 ел қарсы болды. Ассамблеяның 73 мүшесі, соның ішінде Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Армения Сербия, Бразилия және Үндістан қалыс қалды. Посткеңестік елдерден Түрікменстан мен Әзірбайжан дауыс беруге қатысқан жоқ.

15 желтоқсан. БҰҰ Бас Ассамблеясы Ресейден агрессияны тоқтату және Украинаның бүкіл аумағынан әскерін алып шығуды талап еткен резолюцияны қабылдады. «Уақытша оккупацияланған Қырым автономды республикасы мен Севастопольдегі адам құқықтары туралы» құжатты 82 мемлекет қолдап, 80-і қалыс қалды. Ресейді қолдап, құжатқа қарсы дауыс бергендер қатарында Қазақстан да бар. Барлығы 14 мемлекет қарсы дауыс берді: Ресей, Беларусь, Қазақстан, Қытай, Иран, Солтүстік Корей, Сирия.

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Abai.kz

46 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475