Жұма, 22 Қараша 2024
Ғылым-білім 3011 5 пікір 29 Желтоқсан, 2022 сағат 13:16

Ғылымда Африка елдерінен артта келеміз...

Осыдан екі үш апта бұрын әлеуметтік желіде «Место науки в мире» деген ақпарат жарияланды. Оған сәйкес, талданған 180 елдің арасында техникалық даму дәрежесі бойынша Қазақстан 36 орында, ғылыми ізденістер мен конструкторлық жұмыстарға жұмсалатын шығындар жөнінен 125, петенттік белсенділігі бойынша 145 орында, ХИРШ индексінің талабына сай жарияланған мақалар жөнінен 103 орында, университеттер арасында Әл Фараби атындағы ҰУ 757 орында, Назарбаев университеті 983 орында екен.

Демек еліміздің техникалық дамуы Батыс Еуропа, АҚШ, Жапония, Қытай, Оңтүстік Азия және т.б. дамыған елдердің техникалары, құрал-саймандары мен технологиялары арқылы іске асырылып отырғаны жайлы қорытынды жасауға болады. Медициналық дәрі-дәрмектер мен егін шаруашылығында кеңінен қолданылатын пестицидтер туралы да жағдай шамамен осылай.

2021 жылы Қазақстанда білім саласын қаржыландыруға 3,7 трилллион теңге, демек, жалпы ішкі өнімге (ЖІӨ) шаққанда 5 пайызға жуық қаржы жұмсалса, Намибияда бұл көрсеткіш 9,41, ОАР 6,84%-ды құрайды екен. Өткен жылмен салыстырғанда, 2023 жылы білім саласын қаржыландыру 1,2 триллионға артпақ. Қаржының біразы жаңа мектептер салуға жұмсалатын болу керек. Ірі мегаполистерде, әсіресе, Астанада оқушылар саны жыл сайын артуына байланысты үш аусымда оқытуға мәжбүр болып отыр. Біраз елді мекендерде, әсіресе, оңтүстік өңірде, тозығы жетіп, соңғы отыз жылда дұрыс жөндеу көрмеген мектептер де жиі кездесетін көрінеді.

Ұлттық статистика мекемесінің мәліметіне сәйкес, 2022 жылы  ғылымды қаржыландыруға 84 млрд   жұмсалып, (ЖІӨ өнімге шаққанда  0,13 %), ғалымдар мен зерттеуші қызметкерлердің жалпы саны 21600  болыпты. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 5 пайызға кем. Үстіміздегі жылы 6 ірі ұлттық жобаларға орындауға қатысқан 1136 ғалым қызметтен кеткен, олардың ішінде 717 ғылым кандидаттары мен докторлары бар. Бұның басты себебі елімізде ғылымға жете көңіл бөлінбеуі, ғылыми қызметкерлердің жалақысының төмен болуы, материалдық техникалық жағдай жасалынбауы. Өткен жылы ЖОО-да істейтін ғалымдардың орташа жалақысы 253 мың теңгені құрапты.  Салыстырып көріңіз, Астана мен Алматы және тағы басқа ірі қалаларда мектепте сабақ беретін жоғарғы санаттағы ұстаздардың жалақысы 400-500 мың теңгеге жетеді, дәрігерлер де шамамен осындай табыс табады. Одан ұстаздардың біліктілігі артып, білімнің сапасы көтеріле қойса дұрыс болар еді. Философ Иосиф Бродский: «Егер бір адам кітап оқымаса, ол оның өз қасіреті, ал миллиондаған адам кітап оқымаса тұтас бір ұлттың қасіреті», - деген екен.

Өкінішке орай, егемен елімізде таза еңбекпен емес, неше түрлі көлеңкелі жолмен, мұқтаж халықты алдап-арбаумен табыс табушылар, жемқорлар мен парақорлар көбеймесе, азаяр емес. Банк жүйелерінен несие алып, мезгілінде қарызын қайтара алмай отырғандар саны бір жарым екі миллионға жететін көрінеді. Жазбамды данышпан Әл Фарабидің: «Тәрбиесіз берілген білім ұлтқа елге апат әкеледі». Ұлы Абайдың ұлтымыз жайлы: «Терең ой, терең ғылым іздемейді. Өтірік пен өсекті жүндей түтіп: «Өсек өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ - бес дұшпаның білсеңіз. Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рахым ойлап қой. Бес асыл іс көнсеңіз» деген өлең жолдарымен аяқтағанда жөн көрдім.

Мұрат Қойшыбаев

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1435
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3202
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5158