Болат Мүрсәлім. Алашорда. Алаш автономиясы (жалғасы)
Николай патша тақтан түсіп, алмағайып бұлғақ басталар алдындағы алғашқы күндерде Алаш баласына жол сілтеп, телеграмм салған Минскідегі қазақ зиялылары болатын...
Минск. 15 наурыз. 1917 жыл. «Черняевтағы Тынышбаевқа, Петропавлдағы Көсемесовқа, Ті-леулинге, Омбыдағы Тұрлыбаевқа, Павлодардағы Сəтбаевқа, Семейдегі Мəрсековке, Тұрағұлға; Қарқаралыдағы Жақыпқа, Смаханға, Хасенге, Зайсандағы Боштаевқа, Қараөткелдегі Райымбековке, Сұлтан Абылаевқа, Атбасардағы Сейілбек Жанайдаровқа, Сыздық Мишенбаевқа, Совенкеде-гі Шаһангерей Бөкеевке, Бақытгерей Құлмановқа, Жəнібектегі Ораш Шамбаловқа, Красный Ярдағы Ораш Шолтыровқа, Красный куттағы адвокат Ниязовқа, Ойылдағы Халелге, Уральскідегі Ғабидоллаға, Перовскідегі Бекқожаға, Хожа Ахмедке, Юсуфбекке, Ырғыздағы Шонановқа, Түркістандағы Өтегеновке, Қоқандағы Ақаевқа, Скобелевтегі Ғабдырахман Оразаевқа, Ташкенттегі врач Көтібаровқа, Əндіжандағы Қожықовқа, Қапалдағы Тұрысбековтарға, Ақтөбедегі Қасым Арғынғазиевқа, Торғайдағы Алмасовқа, Қаралдинге, Тоқтабаевқа. Учредительный собрание сайлауларына қазақ болып қамдану керек. Жарамды, жақсы адамда-рын ауызға ала беру керек. Біз қалайтын патшалық түрі - демократический республика».
Əлихан, Міржақып, Мұса, Шаһмардан, Мырзағазы, Хасен, Шафһат, Сұлтанбек, Иса, Мұхаметғазы, Хайрал-дин, Райымбек, Нəзір, Тамамдар, Тел.

Құдай сəт берген, ұлттық мемлекеттің туын тігу жолындағы күрес дəл осылай басталып кетіп-ті. М.Шоқай айтпақшы, 1917 жыл - қазақтың саяси туған жылы. Сол жылы болыстық, уездік, облыстық съездерден тартып, Орынбордағы жалпықазақтық І һəм ІІ съездерге дейін бүкіл ел ішінде 68 съезд өтіпті. Бұл съездерде мемлекеттіліктің негізі - қазақ комитеттері дүниеге келді. Құрылтай мəжілісі қарсаңында «Алаш» партиясы құрылып, Алашорда үкіметі мен Алаш автономиясы жарияланды. 68 съездің ішінде, қазақ тарихында ұмытпасқа сақталатын съезд 1917 жылдың 5-13 желтоқсан аралығында Орынбордағы бұрынғы генерал-губернатор, кейіннен Уақытша үкіметтің Торғай ко-миссариаты орналасқан үйде өткен съезд.
Съезд:
- Бөкей елі, Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Жетісу, Сырдария облыстары, Ферғана, Самарқанд облыстарындағы һəм Əмудария бөлімдеріндегі қазақ уездері, Закаспий облысындағы һəм Алтай губерниясындағы іргелес облыстардың жері бірыңғай, іргелі халқы қазақ - қаны, тұрмысы, тілі бір болғандықтан, өз алдына ұлттық-территориялы автономия құрады;
- Қазақ автономиясы «Алаш» деп аталсын.
- Ұлт Кеңесі құрылсын, мұның аты «Алашор-да» болсын.
- Алашорданың тұратын орны - Семей қаласы болсын деген қаулымен тарады.
Алашорда үкіметінің құрамына: 1) Бөкейліктен - Уəлитхан Танашев; 2) Оралдан - Халел Досмұхамедов; 3) Ақмоладан - Айдархан Тұрлыбаев; 4) Торғайдан - Ахмет Бірімжанов; 5) Семейден - Халел Ғаббасов; 6) Жетісудан - Садық Аманжолов; 7) Сырдариядан - Мұстафа Шоқай; Облыстардан тысқары: 8) Əлихан Бөкейхан; 9) Жаһанша Досмұхаметұлы; 10) Əлімхан Ерме-ков; 11) Мұхаметжан Тынышбаев; 12) Бақтыгерей Құлманов; 13) Базарбай Мəметов; 15) Отыншы Əлжанов енді.
Алашорда үкіметінің төрағасы болып Əлихан Бөкейхан сайланды.
«Декабрьдің 12-күні, түс ауа, сағат 3-те дүниеге «Алаш» автономиясы келіп, азан шақырылып ат
қойылды. Алаш автономиясына құран оқылып, ат қойылған жалпы қазақ съезінде, ел ішінен келген қария ақсақалдардың еңіреп жылағаны болып еді», - деп, Əлімқан Ермеков «Сарыарқа» газетіне мақала жазды.
Азамат соғысы жағдайында Алаш автономиясын бірден жариялау мүмкін болмады. Дегенмен, 1917 жыл мен 1920 жыл аралығында Алашор-да үкіметі де-юре-де-факто Алаш автономиясын құру жолында қызмет етті.
«Бек тығыз. Екінші съездің қаулысы бойынша Алашорда Алаш қаласында іске кірісті. Алашорда Алаш автономиясының территориясын облыстық жəне уездік кеңестер арқылы басқарады. Алаш автономиясы территориясында Совет билігі шығарған барлық декреттердің күші жойылсын» деп Ə.Бөкейхан қол қойған қаулылар Алашорданың саяси билігі бүкіл Қазақ даласын қамтығанын көрсетеді. Қазақ интеллигенциясының қазақ елін заманына лайық саяси-экономикалық, əлеуметтік жаңару жолына түсіретіндей білім һəм мəдениет қуаты қалыптасып үлгерген екен.
Алашорда үкіметі құрылған күннен бастап, сол шақтағы барлық саяси күштермен алысты, атыс-ты, келіссөздер жүргізді, мəмілеге келді. Мəскеуге Ленин мен Сталинге жолығуға Жаһанша мен Халел Досмұхамедовтер аттанды. «Кеңес өкіметін мойындасаңыздар, біз де Алаш автономиясын мойындаймыз» деп Досмұхамедовтерге де, Семейге де уəде берген Сталин сөзінен тайқып шықты.
Алаштың Советке қарсы Колчакпен одақтасу да ойында болды. Шетелге қашқан эмигранттармен
де байланыс үзілген жоқ. 1917 жылдың 12 желтоқсанында жарияланған Алаш автономиясы Қазақ Революциялық коми-тетінің 1920 жылғы наурыздың 5-і күнгі Ала-шорда үкіметін түбегейлі тарату туралы қаулысы шыққанға дейін 2 жыл 3 ай өмір сүрді. Бүгінгі есепке аз көрінгенімен, Алаш автономиясы - Кеңес өкіметі кезінде ең ұзақ өмір сүрген ұлттық автономия.
Əдебиеттер:
1. Алаш қозғалысы. Құжаттар мен материалдар жинағы. - Алматы: «Алаш», 2004. - Т.1-2.
2. Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. Бірінші том. Өңделіп, толықтырылған екінші басылымы.
- Алматы: «Мектеп» баспасы, 2008. - 480 бет, суретті.
90. Темір, Ойыл, Ырғыз, Жымпиты, Қостанай жəне Жетісу қазақтарының Петроградтағы шеруі.
Транспорант ұстаған жас жігіт - Міржақып Дулатов. Алдыңғы беттегі кеудесіне крест белгі қойылған адам
- Іслəмғали Құрманов.
Транспаранттағы жазу: «Миллатлерге мухтариат».
Петроград. Наурыз, 1917 жыл.
91. Əлихан Бөкейхан.
Алаш автономиясының үкіметі - Алашорданың төрағасы. Петербург. 1906 жыл.
92. Жаһанша Досмұхамедов.
Алашорда үкіметінің облыстардан тысқары сайланған мүшесі.
Алаш автономиясының Батыс бөлігін басқару жөніндегі бөлімінің төрағасы. Жымпиты. 1920 жыл.
93. Мұхаметжан Тынышбаев.
Алашорда үкіметінің облыстардан тысқары сайланған мүшесі.
Түркістан автономиясы үкіметінің бірінші төрағасы. Қоқан. 1918 жыл.
94. Мұстафа Шоқай.
Алашорда үкіметінің Сырдария облысынан сайланған мүшесі.
Түркістан автономиясы үкіметінің төрағасы. Париж. 26 қаңтар, 1937 жыл.
95. Əлімхан Ермеков.
Алашорда үкіметінің облыстардан тысқары сайланған мүшесі.
Г.Потанин үкіметі аталған Сібір облыстық Атқарушы комитетінің хатшысы.
96. Бақыткерей Құлманов.
Алашорда үкіметінің облыстардан тысқары сайланған мүшесі.
Алашорда үкіметінің төрағалығына сайлануға түскен заңгер.
97. Базарбай Мəметов.
Алашорда үкіметінің облыстардан тысқары сайланған мүшесі.
98. Жақып Ақбаев.
Алашорда үкіметінің облыстардан тысқары сайланған мүшесі.
99. Айдархан Тұрлыбаев.
Алашорда үкіметінің Ақмола облысынан сайланған мүшесі.
Алашорда үкіметінің төрағалығына сайлануға түскен қайраткер.
100. Халел Досмұхамедов.
Алашорда үкіметінің Орал облысынан сайланған мүшесі. Алматы. 1929 жыл
(жалғасы бар)
Abai.kz