Сенбі, 23 Қараша 2024
Ақмылтық 2727 1 пікір 6 Қаңтар, 2023 сағат 14:37

Әлемді қайтадан пандемия жайлай ма?

Үш жылдан бері Қытай жұртын қатаң құрсауда ұстап келген коммунистік билік желтоқсанның жетісінде карантин шараларын алып тастайтынын мәлімдеді. Миллиардтар елін ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстап келген өктем биліктің аяқ астынан жұмсаруына ел іші-сыртындағы сарапшылардың жауабы әр алуан.

Біреулер «өршіген пандемияны ауыздықтауға әлдері келмеді» десе, енді біреуі «Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы биыл үш жыл адамзатты әлекке салған тәж тажалдың әлсірегенін, адамзаттың бұл сынақтан да аман өткенін жариялауы керек еді, Қытай билігі елден ерек оқшау қалмау үшін карантинды жедел алып тастауға мәжбүр болды», - дейді.

Қазан айындағы экономикалық көрсеткіштер әлемнің маңдай алды фабрикасы саналатын Қытайдың тауар экспорты қырық жылдан бергі ең төменгі деңгейді көрсеткен. Қатаң карантин шаралары сауда айналымына әсер еткендіктен жергілікті билік органдырының қаржылық әлеуетін қиындатқан.

Үрімжіде шыққан қайғылы өрттен кейін Қытайдың ірі қалалары мен жоғары оқу орындарында «Ақ парақ» ереуілінің кең ауқымда жүргені белгілі. Жоғардағы екі факторды алға тартқан саяси сарапшылар «Коммунитік билікті карантинді алуға итермелеген: карантин кесірінен тұралаған экономика мен ел ішіндегі билікке деген наразылықтың күшеюі», - деп пайымдайды.

Желтоқсанның 24-күні Қытай билігі коронавирусты қатардағы тұмау санатына жатқызып, науқастарды арнайы тіркеу отыруды ендігәры қажетсіз деп жариялады. Сондай-ақ, шетелге шығуға ниеті барларға паспорт жасау жұмысын қауырт қолға алатынын мәлімдеді. 26-күні Италияның Милан қаласына ұшып барған екі ұшақ Қытайлық туристердің тең жартысынан пандемия анықталғаны әлем ақпаратын шулатты. Италияның вирусологтары Еуропалық әріптестерімен бірлесіп, миллиард халықты баудай түсіріп жатқан вирусқа талдау жасайтынын мәлімдеді. Артынан сараптама қортындысын жариялап, ешқандай өзгерген түрі емес, кәдімгі Омикрон вирусы екенін жеткізді. Италияда болған жағдай Жапонияда да қайталанды. Оларға қосылып Корея, Тайуан, Инпания, Франция, АҚШ Қытайлық туристерден ПТР тестін талап ететін болды. Солтүстік Корея мен Маракко есігін тарс жапты.

Өткен сәрсенбі күні Қытай тарапын «төсек тартып ауырған науқастардың нақты санын, өлім көрсеткішінің нақты цифрын бермеді» деп айыптап келген Дүниежүзілік Денсаулық ұйымы Қытай да өршіп тұрған вирустың Омикрон вирусының ең жылдам тарайтын XBB түрі екенін жариялады. Бұл вирустың жұғуы өте жылдам болғанымен, зардабы алғашқы кездегідей ауыр емес екен. Десе де Қытайдағы жағдайдың қаншалық ауыр екенін, әлем елдерін қай уақта дейін абыр-сабыр ететінін ешкім білмейді.

Үш жылдан бері әлемдегі пандемия жағдайына сараптама жасап келе жатқан Англияның атақты сандық технлогияға сүйенген сараптама орталығы Airfinity: «Қаңтардың он үшінде Қытайдағы пандемия алғашқы шарықтау шегіне жетеді. Күніне 3 милион 700 мың адам вирус жұқтырады» дейді. Қытай тарабы бүгіннен бастап шетелдіктерге қаратқан барлық шектеуді алып тастайды.

Есбол Үсенұлы

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5347