Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4313 0 пікір 12 Наурыз, 2013 сағат 04:49

Бейсен Ахметұлы. Қазақстанның әлеуметтік мәселелерін шиеленістіру кімге керек?

Бұл қазір көптің көкейінде жүрсе де жауабын кесіп айтуға қиын сұрақ. Не үшін жұмыссыздық барған сайын артып келе жатыр? Коммуналдық қызмет ақылары мен жанармай неге қымбаттап бара жатыр? Осыншама көп сауалдың төңірегінде тірлік жасап жатқан қазақ халқы бұл мәселелер туралы ойланбайды дейсіз бе? Әрине ойланады. «Шындықты айтуда қиын, естуде қиын» деген сөз бар. Біздегі әлеуметтік жағдайлардың қиындауын қарапайым халық та түсіне бастады.

«Қағазбастылық пен жұмыссыздық егіз,

Үкіметтің ақшасы теңіз, ебін тауып жеңіз» саясаты бізді қайда апарады? Мұның көрністері:

1. Ауылда жұмыс жоқ. себебі ауылда негізгі  тірілік -  мал бағу не егістікпен шұғылдану. Ал оған жер жоқ. «Итарқасы қиандағы» жерлер болмаса, ауыл маңы мен тіршілікке ыңғайлы жерлердің бәрі сатылып кеткен. Қысқасы ауылда жер жоқ. Жер алу үшін таныс пен қағаз жинау керек.

2. Қағазбастылық немесе қағаз жастанған қазақтар. Міне, бұл қазақстанның қазіргі сиқы. Бұрын «Қызға қырық кісі сөйлеседі, бұйырғаны алады» деген мақал болған. Қазір «қырық тесікке кіресің, бұйырған күні қабылдайды» деген мақал шықты. Министрліктер - айналымдағы қағаздар мен хаттар орталығына айналған. Сол қағазбастылықтан қыздары тұрмысқа шығуға уақыты жоқ, ала шапқын боп жүр.

Бұл қазір көптің көкейінде жүрсе де жауабын кесіп айтуға қиын сұрақ. Не үшін жұмыссыздық барған сайын артып келе жатыр? Коммуналдық қызмет ақылары мен жанармай неге қымбаттап бара жатыр? Осыншама көп сауалдың төңірегінде тірлік жасап жатқан қазақ халқы бұл мәселелер туралы ойланбайды дейсіз бе? Әрине ойланады. «Шындықты айтуда қиын, естуде қиын» деген сөз бар. Біздегі әлеуметтік жағдайлардың қиындауын қарапайым халық та түсіне бастады.

«Қағазбастылық пен жұмыссыздық егіз,

Үкіметтің ақшасы теңіз, ебін тауып жеңіз» саясаты бізді қайда апарады? Мұның көрністері:

1. Ауылда жұмыс жоқ. себебі ауылда негізгі  тірілік -  мал бағу не егістікпен шұғылдану. Ал оған жер жоқ. «Итарқасы қиандағы» жерлер болмаса, ауыл маңы мен тіршілікке ыңғайлы жерлердің бәрі сатылып кеткен. Қысқасы ауылда жер жоқ. Жер алу үшін таныс пен қағаз жинау керек.

2. Қағазбастылық немесе қағаз жастанған қазақтар. Міне, бұл қазақстанның қазіргі сиқы. Бұрын «Қызға қырық кісі сөйлеседі, бұйырғаны алады» деген мақал болған. Қазір «қырық тесікке кіресің, бұйырған күні қабылдайды» деген мақал шықты. Министрліктер - айналымдағы қағаздар мен хаттар орталығына айналған. Сол қағазбастылықтан қыздары тұрмысқа шығуға уақыты жоқ, ала шапқын боп жүр.

3. Қазақстанда инвестиция адамға салынбайды. Тек жекелеген шетелдік компаниялар құрылыс пен кен өндірісі саласына инвестиция салды деген атпен сатып алған немесе талан-таржыға салған.

4. Қалада жұмыс жоқ. Ауылдан жұмыс таппай ағылған жұртшылыққа қаладан тіске басар табуға кім жұмыс берсін, пәтер ақыға жетерлік жалақымен өмір сүру Астаналақтардың күнделікті тұрмыс тәсіліне айналғалы қашан. Жұмыс жасауға мүміндік - қағаз жүзінде жасалған.

5. Қазақстанның несие саясаты - өсімқорлықпен айналысу. Европада өз халқы үшін жылдық өсімі 3% -тен артпайтын тиімділікпен несие таратады әрі кәсіпкерлік үшін 3-5 жылға салықтан босатады. Ал, Қытайда  - 2-7%, Жапонияда  - 0,2% көлемінде несиеленеді. Ал бізде  түрлі қитұрқы тәсілдерді қолданған түрлі деңгейдегі банктер жылдық өсімі 20-25% -дан кем болмайтын өсімқорлықпен айналысуда. Тіпті аты шулы мемлекеттік бағдарламадағы, атап айтқанда «Сыбаға» сынды 4% жеңілдікпен берілетін несиені бір ауданда 3 адамға дейін ғана алып жүр. Оның үстіне оны алу үшін қойылатын кепіл мүлікке шамасы келетіндер жәй аудандар мен ауылдардан шыға бермейтіні тағы бар. Оған жинайтын қағаздың бетін санауға желкесі жар бермейтін адамдар тағы бар.

6. Қалада үйді қойып жер алу - пейішке өшіретсіз кіргенмен бірдей ғанибет. Пейішке өшіретпен кіре ме деп ойлап қалмаңыз, Қазақстанның азғантай халқы әр бет қағазға өшіретке тұруды әдетке айналдырған. Орталықтанған базадан көріп тұрып, сол қағазды өшіретпен алып келуге міндетті.

7. «Қолжетімді баспана -2020» - миф болуы мүмкін. Астана қаласының үй-құрылыс саласын мәлім санды 5-6 компания монополиялап алған, олар қора салсада үй ретінде алуға халық дайын. Бұл елдегі мемелекеттік жоғары шенділер мен компания басшыларының көзаялары тар, қызғаншақ әрі ұзақ болашақты емес қатын сияқты қазіргісін ойлайтындар.  Өйтпегенде 30-40 құрылыс компанияларының жекелеген қаржысымен 2-3 жылда-ақ көп жұртты үйлі етуге мүмкіндік жетіп артылады. Әттең, ана көп қағазы оған тағы байлау.

8. Қағазбастылық - парақорлықтың анасы. Жүйкеңіз шыдамаса әр бет қағазды сатып алуғада болады. Ал сататындар жетіп артылады.

Қазақстанның бюджеті құрып бара ма?

1. Қатындардың декіреттік демалысы мен пенсиясына қол салған мемекеттік бюджет нені білдіреді?

1.1. Қазақстан қаржылық жақтан қиындыққа дөп келген болуы мүмкін.

1.2. Масондардың халықты қинау және халық санын азайту саясатының бір бөлігі болу ықтимал.

1.3. Халықты барынша кедейлестіру арқылы құлдандыруға бағытталған саясаттың бір бөлігі болуы да ғажап емес.

1.4. Онсызда ушыға бастаған әлеуметтік мәселені шиеленістіру мақсаты жатуы да бек мүмкін.

 

2. Кеден одағынан кірген «мол пайда» бұл мәселені шеше алмаса мемлекет жанармай мен ішіп-жемді, коммуналық қызмет ақыларын Орыстармен теңестіруді дәріптеп жатыр. Ол үшін әлеуметті жәрдем ақылар мен жалақыны да сол орыстармен теңестіру керек ғой. Сонда жәрдем ақылар мен жалақыны Ресеймен теңестірмей қалғанын, теңестіру Қазақстан халқын «Құрбандыққа шалу».

3. Мұнай мен газ, уран мен көмір, астық пен алман-салықтың ақшасы қайда кетіп жатыр? Бұл қаржылар сол әлеуметтік шығындардың да орнын жаппауы мүмкін емес екенін күллі жұрт біледі.

4. «Экспо-2017»   құрылысына кететін шығынды осы әділетсіз өсімқорлық пен қатындардың қалтасынан алған қаражаттармен толықтау шын мәнінде ұтымды ма?

Міне, осыншама әлеуметтік мәселелердің ушығуы кімге керек?

Менің көзқарасымда төмендегідей 3 жағдай болуы мүмкін:

1. Қазақстан Үкіметіне керек пе? Халықтың әл-ауқатын көтеруді дәріптеген президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлының осыншама әлеуметтік мәселелерді көрмеуі мүмкін емес. Абай атамыздың: «қоғамға әсер ету үшін не байлығың не билігің болу керек» дегені дұрыс болса, онда  бұл мақсатты түрде кедейлестіру болғаны.

2. Масондардың саясаты болу мүмкін. Егер үкіметті Масондар ұстап отырғаны туралы дақпырттар шын болса, онда бұл Масондардың құлдандыру және аздыру, азайту саясаты болғаны. «Бұл жерде елбасымыз Нұрсұлтан біреулердің пайдаланып отырған қуыршағы ма?»  деген сұрақ туады. Онда әрине, қуыршақ билік болғаны.

3. Тағы бір себеп ретінде «Тәрбиесіз білім алған, коммунистердің шекпенінен шыққан» үкіметтегі адамдардың сауатсыз саясаты болуы да мүмкін.

 

Әлеуметтік мәселелерді шешудің жолдары:

1. Қағазбастылықты жою. Біртұтас орталықтанған мәліметтер қамбасы арқылы жұмыс жасап, уақытты, қағазды үнемдеу. Мұндай жағдайда жүйкесі тозып, өшіретке тұрғандар жоғалар еді. Жұмыс ашу тездеп, адамдардың ерік-жігері артар еді. Басқада істермен шұғылдануға мүмкіндік болар еді.

2. «Қолжетімді жер -2020» бағдарламасын жасап, ауылдардан бастап халықты жермен қамдауға болады. Бұл жағдайда ауыл тұрғындары жұмыспен автоматты түрде қамтылады да қалаға ағылуының алдын алып, қаладағы үйсіздердің санын азайтуға болар еді. Міне, бұл Әлихан Бөкейханұлы бастаған Алаштықтардың «жер, жер және жер» саясатымен парапар болмақ.

3. «Тәрбиесіз алған білім - халықтың жауы» - деп Әл-Фәраби атамыз айтқан. «Тәрбие, білім, қабілет» ұштасқан білім жүйесін қалыптастыру. Осы арқылы адамдардың санасын емдеп, рухын өсіріп, зияткерлік деңгейін көтеруге болады.

4. Банктер мен зейнетақы қорларының жұмысын заң жүзінде реттеп, өсімқорлықты шектеу керек.

Міне, бұл шешу жолдары  президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлының «халыққа жолдауында да» айтылған. Енді тек осы 4 шараны жүйелі түрде іске асыру керек. Бұл төртеуі түгел болса, халқымыздың бағы жанып, салтанаты асар еді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5381