Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 5716 0 пікір 19 Наурыз, 2013 сағат 08:41

«Ер Төстік және Айдаһар» - ТҰҢҒЫШ ҰЛТТЫҚ ТОЛЫҚМЕТРАЖДЫ АНИМАЦИЯЛЫҚ ФИЛЬМ

21 мамырда осы жылдың көптен күткен жобасы - Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ жарыққа шығарған, режиссерлер Жәкен Дәненов пен Рустам Тұралиев жасаған, қазақ мультипликациясы тарихындағы тұңғыш ұлттық толықметражды «Ер Төстік және Айдаһар» атты анимациялық фильмі еліміздің барлық кинотеатрларынан көрсетіле бастайды. Аталған анимациялық туындының тағы да бір ерекшелігі - отандық туынды кинотеатрларда  3D форматында көрсетіледі.

Қазақ анимациялық кино тарихындағы тұңғыш толықметражды анимациялық фильмге халық ертегісі - «Ер Төстік» арқау болған. «Ер Төстік» қазақ анимация тарихындағы тұңғыш толықметражды фильм ғана емес, ол, сонымен қатар, әлемдегі соңғы анимациялық 2D және 3D үлгідегі технологиялар қолданылған жоба болуымен де құнды.

Осыған дейін шетелдік анимациялық фильмдермен тәрбиеленіп келген жас ұрпақ аталмыш фильм арқылы қазақ ертегілерінің көне кейіпкерлерімен қауышып, халқымыздың рухани әлемінен нәр ала бастайтынына үміт зор.

21 мамырда осы жылдың көптен күткен жобасы - Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ жарыққа шығарған, режиссерлер Жәкен Дәненов пен Рустам Тұралиев жасаған, қазақ мультипликациясы тарихындағы тұңғыш ұлттық толықметражды «Ер Төстік және Айдаһар» атты анимациялық фильмі еліміздің барлық кинотеатрларынан көрсетіле бастайды. Аталған анимациялық туындының тағы да бір ерекшелігі - отандық туынды кинотеатрларда  3D форматында көрсетіледі.

Қазақ анимациялық кино тарихындағы тұңғыш толықметражды анимациялық фильмге халық ертегісі - «Ер Төстік» арқау болған. «Ер Төстік» қазақ анимация тарихындағы тұңғыш толықметражды фильм ғана емес, ол, сонымен қатар, әлемдегі соңғы анимациялық 2D және 3D үлгідегі технологиялар қолданылған жоба болуымен де құнды.

Осыған дейін шетелдік анимациялық фильмдермен тәрбиеленіп келген жас ұрпақ аталмыш фильм арқылы қазақ ертегілерінің көне кейіпкерлерімен қауышып, халқымыздың рухани әлемінен нәр ала бастайтынына үміт зор.

Өндірісі: Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ   
Ұзақтығы: 67 минут               
Режиссерлері: Жәкен Дәненов, Рустам Тұралиев     
Сценарий авторлары: Жәкен Дәненов, Рустам Тұралиев, Михаил  Алдашиннің қатысуымен
Қоюшы суретшілері: Тимур Даирбаев, Жандос Омаров, Жәкен Дәненов 
Композиторлары: Еділ Құсайынов, Виталий Михаэлис, Ақтоты Райымқұлова

Рөлдерді дыбыстаған:
(қазақ тілінде) Дулыға Ақмолда (Ер Төстік), Димаш Әкімов (Шойынқұлақ), Күнсұлу Шаяхметова (Бекторы), Мерей Әжібеков (Қосаяқ), Лидия Қаден (Мыстан), Нүкетай Мышбаева (Ажар), Қадырбек Демесінов (Ерназар), Ақкенже Әлімжан (Кенжекей), Қайрат Домбаев (Бапы), Бауыржан Қаптағай (Ақын), Елдар Отарбаев (Тасбақа), Бейбіт Мүслімов (Таусоғар), Азамат Қанапияев (Желаяқ), Ержан Түсіпов (Көлжұтар);                                       ..
(орыс тілінде) Илья Шилкин (Ер Төстік), Роман Прохоров (Шойынқұлақ), Лия Нэльская (Мыстан), Нина Жмеренецкая (Ажар), Игорь Личадеев (Ерназар), Анастасия Темкина (Кенжекей), Оксана Бойченко (Бекторы), Мерей Аджибеков (Қосаяқ), Анатолий Креженчуков (Бапы), Сергей Никоненко (Ақын), Евгений Жуманов (Тасбақа), Илья Садыков (Таусоғар), Филипп Волошин (Желаяқ), Сергей Никоненко (Көлжұтар), Динара Егеубаева (Кітап)

18 наурызда Алматы қаласында «Арман» кинотеатрында «Ер Төстік және Айдаһар» атты анимациялық фильмінің баспасөз өкілдеріне арналған көрсетілімі  және  баспасөз мәслихаты өтті.  
Қатысқандар:
Ермек Аманшаев -
Шәкен Айманов атындағы  «Қазақфильм» АҚ президенті

Жәкен Дәненов - режиссер, сценарий авторы

Рустам Туралиев - режиссер, сценарий авторы, атқарушы продюсер

Лидия Кәден - актриса

Қадырбек Демесінов - актер

Күнсұлу Шаяхметова - актриса

Ақкенже Әлімжан - актриса

 

- Бұл - біз үшін баға жетпес тәжірибие. Толықметражды анимациялық фильмдерді түсіру енді қолымыздан келетініне қуаныштымыз. Фильм отандық анимация тарихынан лайықты өз орнын алатынына күмәнім жоқ, - деді фильмнің режиссері Жәкен Дәненов.

Қазақ фольклор кейіпкерлерін 3D форматына салып, анимациялық туындыны дүниеге әкелген топ - еліміздің ең үздік компьютерлік графика мамандары мен аниматорлары. Фильмді түсіруде "motion capture" заманауи технологиясы (актерлердің қимыл-әрекетін анимацияға айналдыру) қолданылған. Фильмді жасауға үш жылдай уақыт кетті. Шетелдің ірі мультипликациялық фильмдер шығаратын студиялары есебімен салыстырғанда, бұл мерзім аз уақыт болып есептеледі екен. Сонымен қатар, кейіпкерлерді дыбыстау жұмысына қазақстандық актерлер де бар күшін салды. Олардың қатарында: Лидия Қаден, Димаш Әкімов, Қадырбек Демесінов, Күнсұлу Шаяхметова, Ақкенже Әлімжан, Илья Шилкин, Лия Нэльская, Нина Жмеренецкая, Евгений Жуманов, Филипп Волошин және тағы да басқалары.

- «Ер Төстік және Айдахар» анимациялық фильмін үлкен экрандардан көру керек, өйткені фильмдегі анимация  мен оның дыбысы арнайы кинотеатрлар үшін жасалған. Қазақстандықтарды осы ауқымды мультфильмді көруге шақырамын. Отандық мультипликацияны қолдаңыздар! Бар күшімізді салдық, көңілдеріңізден шығамыз деп ойлаймын», - деді фильмнің режиссері Рустам Тұралиев.

«Ер Төстік және Айдаһар» атты тұңғыш отандық анимациялық фильм 3D жанрында 21 нарурыздан бастап еліміздің барлық кинотеатрларынан көрсетіледі.

Анықтама: Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ - көркем, деректі, анимациялық кино өндірісі мен өндірістен кейінгі кезеңде тұрған өнімдермен (оның ішінде монтаждау, дыбыстау, т.б.) айналысатын Қазақстандағы негізгі кинокомпания. Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының тарихы 1934 жылдан бастау алады, дәл осы жылы Алматы кинохроника студиясы құрылды, ал 1941 жылы Алматы көркем фильмдер студиясы деп өзгертіліп, киностудияның өндірістік негізі барынша нығая түсті. 1941 жылы 15 қарашада Алматы киностудиясы Қазақстанға эвакуацияланған «Мосфильм» және «Ленфильм» киностудияларымен бірлесіп,  Бірлескен Орталық киностудия болып қайта құрылып, Алматыда 1944 жылғы дейін жұмыс істеді. Соғыс жылдары кезеңінде отандық көркем фильмдердің 80 пайызын аталмыш Орталық киностудия шығарды. 1960 жылы «Қазақфильм» атауына ие болды. 1984 жылы киностудияға ұлттық кинематогрфияның көрнекті қайраткері Шәкен Аймановтың есімі берілді.

Құрметпен,

Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ баспасөз қызметі

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5383