Есенғали Раушанов. Менің драмам
Болмаңыз, тегі, шүбәлі |
Болмаңыз, тегі, шүбәлі |
Болмаңыз, тегі, шүбәлі Келесі жалын ғасырда Ескерткіш тақтам тұрады Осы үйдің қабырғасында. Шулайды көктем бақта ана, Төңірек әнге тұнып бар. Қарайды кёліп тақтаға Болашақ алматылықтар. Ақындар, айхай, жыр оқып, Ару қыз келіп гүл қадап, Нәп-нөзік қолын, дір етіп, Алады тартып жылдам-ақ. Өтеді тобыр топтаса, Кетеді ару алаңдай, Енді бір сотке тоқтаса, Тас ақын ұстап калардай. Тақтаны халқым аз көріп, Тірісің әлі сен дейді. Мен тұрам шетте мәз болып, Мені ешкім бірақ көрмейді. Мен жазған ескі өлеңді Жаңа ұрпақ мынау жаттаған. Тіріде естімегенді Өлген соң естіп, шаттанам. Сытылып қалып тобырдан, Келемін сосын бөліне. - Сақтай гөр, - деймін, - соғылған, Ұлысың дей ме-ей сені де! Тез тарап кетерін білем Бұл сөздің енді жалпыға. Ұлы емес екенімді мен Айтамын қалай халқыма? Ұлы емес едім мен деймін, Өзімізді өзім ақтай кеп.
Ең көп оқылған
0 пікір
Үздік материалдар |