Сенбі, 23 Қараша 2024
Міне, көрдің бе? 2753 7 пікір 21 Наурыз, 2023 сағат 22:53

Ши төраға Путинді жықты. Енді Зеленский не дейді?

Кеше Қытай төрағасы Ши Жипиң Мәскеуге сапарлап барды. Ресей басшысы екеуі есікті ашып қойып та, жауып қойып та сөйлесіп, келіссөздер өткізіп жатыр, деп жазады Mezgil.kz.

Осыған дейін Қытай Украина мен Ресейге бейбіт келісім жобасын ұсынған еді. Қытай екіараға арағайындық жасауға ниет танытты.

Бүгін Ресей президенті Путин: «Қытай ұсынған бейбіт келісім жобасын басшылыққа алып, Украина дағдарысын шешуге дайынбыз», - деді.

Осының өзі аймақтағы Ресей ықпалының қаншалықты әлсірегенін көрсетсе керек.

Батыстық сарапшылар: «ОА-да Ресейдің бұрынғы әлеуеті әлсіреді. Орнын Қытай басып жатыр», - дейді.

Мәскеуде жүрген Ши төрағаның әр басқан ізін аңдып отырған жұрт көп. Қытай төрағасы осыған дейін президент Зеленскиймен де жолықпақ ниетте екенін айтқан. Ал бүгін Путинге: «Жыл соңына дейін Бейжіңге келіңіз», - деді.

Өз кезегінде Владимир Путин: «Біз Азия, Африка және Латын Америка елдерімен сауданы юаньмен жасауды қолдаймыз», - деді. Осыны айтқанынан-ақ, Ресей президентінің тығырыққа тірелгенін һәм Ресейге қарсы экономикалық санкциялардың әсер ете бастағанын бағамдай беріңіз. «Санкция дегеніңіз түк те әсер етпейді», - деп бетбақтырмаған Кремльдің жағдайы белгілі болды.

 

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394