Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Сайлау 2023: 2411 18 пікір 22 Наурыз, 2023 сағат 12:45

Сайлау: Жаңа Қазақстанның ескіше өткен сайлауы...

Менің пайымдауымша, кез келген қоғамның, мемлекеттің өркениеттік дамуының бірден-бір айқын әрі анық көрсеткіші – сайлаудың қалай өтуі. Ол плебисцитте халықтың (әрбір азаматтың!) қалауының символы – бюллетень қалай ескерілді? Плюралистік қоғамда орнын ойып алған саяси көзқарастар парламентте өзіне лайықты орын алды ма? Бүгінгі жағдайға салсақ, бір мандатты округте жеке кандидаттар арасындағы тартыс шынайы болды ма? Ең бастысы – сайлаушылардың даусы қалай саналды?

Міне, отыз жыл бойына «сайлау» деген бүкілхалықтық іс-шараның берекесін кетіріп, қоғамда сайлауға деген сенімсіздік пен селқостықты қалыптасырып келген осы сауалдарға жауап емес пе?

Өкінішке орай, Жаңа Қазақстанның құрылысшылары бұл сайлауды ескі әдіс-тәсілдермен өткізді!

Негізгі баға сол!

Иә, осы науқанның бір сөзсіз жаңалығы мажоритарлы жүйенің қалыпна келуі, яғни бір мандатты округтерден тәуелсіз үміткерлердің саяси додаға қатысуы болды. Ол жағын мойындау қажет. Бірақ осынау мүмкіндік баяғыдай биліктің толық бақылауымен өтті: билік қалаған, онымен тіл табысқан тәуелсіз-сымақ кандидаттар депутат болды.

Сонымен бірге, «сайлау бітті, қу кетті» деген әдеби-саяси баға бұл жерде мүлдем жарамайды.

Оның мынадай себептері бар.

Біріншіден, мұндай бұрмалаушылықтар мен көпе-көрінеу масқаралар дүйім жұрттың Жаңа Қазақстанға деген үмітін біржолата үзіп, сенім отын сөндірді. Биліктің ең басты қателігі сол: отыз жыл іштей бұғып жатқан антиназарбаевшыл күштерді өз қолдаушылары, яғни протоқаевшыл ете алмады! Осы қателік болашақтағы саяси тартыстың мән-жайын анықтап отырады. Сайлау нәтижелеріне разы емес күштер мен тұлғалар саяси күрестің дәмін татып қалды, олардың саяси эгосы мен амбициялары соы бір айдың ішінде бір жасап қалды емес пе? Енді олар қарап отырмайтыны белгілі.

Екіншіден, бұл лас әрі ұятсыз сайлау «бұл науқан ашық та әділетті өтуі тиіс!» деп мәлімдеген президент Тоқаевтың жеке атына кір келтірді. Бүгінде бас билікті, соның ішінде үкімет, облыс әкімдерін, Орталық сайлау комиссиясын өзі тағайындайтын президент, сөзсіз, осы сайлауға халық берген бағадан тыс тұра алмайды.

Иә, осы күндері кейбір Telegram-арналарда «мұндай сайлауға президенттің қатысы жоқ, бәрін бүлдіріп жүрген маңайындағылар» деген сыпсың сөз белсенді түрде таратылуда (көкірегі ояу, көзі ашық ағайын ол арналардың артында кім – биліктегі күштер, билікке қарсы ішкі және сыртқы тұлғалар) тұрғанын жазбай таниды. Меніңше, президент парламенттің құрамына қандай партия, қандай жеке тұлға енеді, оны өз бақылауынан шығармады. Олай болмаса, ол мемлекетті басқару тұтқаларынан айрылып қалады ғой.

Сонымен бірге, да «жеті жылға орнығып алған президентті осылайша масқара еткен нақ сол президентке қарсы күштер емес пе?» деген заңды сауал туындайтыны да рас: байлығы мен билігінен айрылып, Тоқаевты атарға тас таба алмай отырған ескі Қазақстан өкілдерінің қаннен-қаперсіз, қол қусырып отырмайтыны белгілі ғой?

Үшіншіден, естіген құлақта жазық жоқ, «депутаттық орындар пәленше долларға сатылды» деген сөзді естіп қалып жүрдік. Кім кімнің лоббисі болды, сайлаудан қандай нәпақа тапты? Ол жағын да президент май шаммен қарауы керек деп ойлаймын.

Төртінші тағлым сол: билік «19 наурыздан кейін саяси күрес бес жылға толастайды, билікке қарсы күштер осымен шулап-шулап қойып, тынышталады» деп ойласа, мықтап қателеседі.

Билік үшін күрес ешқашан да толастамайды!

Биліктің өкінішіне орай, дәл осы сайлау оның қарсыластарының қатарын шектен тыс көбейтіп жіберді деп санаймын.

Ең бастысы, ел аман болсын! Билікке таласып, елді қанға бөктіруден тайсалмайтын күштер мен тұлғалар құрдымға кетсін!

Билік келеді, кетеді, ол - кез келшен өркениетті мемлекеттік заңдылығы. Қазақ аман болсын!

Жаңа Жыл – Наурыз құтты болсын!

Әміржан Қосан

Abai.kz

18 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3530