Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 8220 0 пікір 1 Қыркүйек, 2009 сағат 04:21

Қазақ драматургиясы қоғам талабын орындай алып отыр ма?

Қазақ драматургиясының қазіргі жай-күйі - өте бір өзекті мәселе. Көрермен театрға сахнадан өмірді көруге барады. Алайда қазіргі қазақ театрларының сахнасынан бүгінгі қоғамның көкейкесті мәселелерін қозғайтын өткір спектакльдерді көру мүмкін болмай тұр. Бұған себеп біреулер мықты режиссерлік мектептердің жоқтығы десе, екінші біреулер драматургтер бүгінгі заман тақырыптарын арқау еткен шығармалар тудыра алмай жатыр деген уәж айтады. Сонда қазіргі қазақ драматургиясы бүгінгі қоғамның талаптарын орындай алмай отырғаны ма?Егер солай болса, онда қазақтың аты дардай драматургтері жазып жүрген шығармалардың салмағы болмағаны ғой. Әлде, мықты драматургтер бар, тек олардың еңбегін барынша бағалап, халыққа жеткізу жағы кемшін түсіп жатыр ма? Міне, осы мәселе бүгінгі ой-көкпардың таразысында таразыланбақ.

 

Сұлтанәлі Балғабаев, прозашы, драматург:

Қазақ драматургиясының қазіргі жай-күйі - өте бір өзекті мәселе. Көрермен театрға сахнадан өмірді көруге барады. Алайда қазіргі қазақ театрларының сахнасынан бүгінгі қоғамның көкейкесті мәселелерін қозғайтын өткір спектакльдерді көру мүмкін болмай тұр. Бұған себеп біреулер мықты режиссерлік мектептердің жоқтығы десе, екінші біреулер драматургтер бүгінгі заман тақырыптарын арқау еткен шығармалар тудыра алмай жатыр деген уәж айтады. Сонда қазіргі қазақ драматургиясы бүгінгі қоғамның талаптарын орындай алмай отырғаны ма?Егер солай болса, онда қазақтың аты дардай драматургтері жазып жүрген шығармалардың салмағы болмағаны ғой. Әлде, мықты драматургтер бар, тек олардың еңбегін барынша бағалап, халыққа жеткізу жағы кемшін түсіп жатыр ма? Міне, осы мәселе бүгінгі ой-көкпардың таразысында таразыланбақ.

 

Сұлтанәлі Балғабаев, прозашы, драматург:

Иә
- Қазақ драматургиясы жоқ деген - бұл түбегейлі қате. Жақында ғана Жазушылар одағында ІІІ пленум өтті. Сонда сөйлегендердің бәрі, соның ішінде мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммедтің өзі қазақ драматургиясының озық деңгейде екенін, жалпы, қазақ әдебиетінің дүниежүзіндегі дамыған елдерден еш кем түспейтінін айтты. Сондықтан қазақ драматургиясын жоққа шығара беруді тоқтату керек. Драматургия аспаннан түспейді. Қазақ сөз өнеріне жақын әрі өте талантты халық қой. Драматургияның бір ерекшелігі, бұл - тәуелді жанр. Ол ең алдымен режиссерға, одан кейін актерға, ең аяғы сахнаны салатын суретшіге де тәуелді. Сондықтан драматургия тек осы төрт саланың мамандары бірлесе жұмыс істегенде ғана алға басады. Соңғы екі жылда Мәдениет және ақпарат министрлігі екі үлкен байқау жариялады.

Сонда жиырмадан астам шығарма бәйге алды.  Оның ішінде Қазақстанның Әкім Тарази бастаған драматургтері: Дулат Исабеков, Тынымбай Нұрмағамбетов, тағы басқалар жеңімпаз болды. Бүгінгі таңда осы драматургтердің екі-ақ шығармасы сахнада қойылды. Ал қалған біздің мықты драматургтеріміздің шығармаларын оқып, керек қылып жатқан адам жоқ. Мәселе осында. Ал қазақ драматургиясы қашанда заманның талабына сай қызмет еткен, етіп  те келеді. Бірақ осы туындыларымызды театрларымыздың керек етуі өте төмен болып тұр. Екінші әңгіме, журналистерге байланысты. Театрды жазатын қаламгерлер әр қойылымды кең түрде зерттеп, көріп, халыққа дұрыс насихаттаса жөн болар еді. Өйткені пьесаның алғашқы жазылған әдеби нұсқасы мен сахналанған нұсқасының арасында жер мен көктей айырмашылық болады. Кейбір жақсы драматургиялық шығармалар режиссерлердің кемшілігінен, кейде актерлердің әлсіздігінен, басқа да себептермен жұтаң тартып қалады. Ал керісінше, кейбір ортаңқолды спектакальдер жақсы режиссердің қолына түсіп, бағы жанып кетуі мүмкін. Сондықтан газет-журналдар сахнадағы қойылымдарды жазғанда өте әділ болуы керек, ең алдымен жазатын адам пьесаны оқып алса дұрыс болар еді. Содан кейін сахнадағы нұсқасымен салыстыра отырып жазса, көп нәрсе шешілер еді. Драматургияның тағдыры оны дұрыс насихаттауға тікелей байланысты. Кейде театр басшылары премьераға  журналистерді шақырып, шай беріп, мақтатқысы келеді. Драматургиядағы ең бір келелі мәселе, пьеса жазатын жастардың аздығы. Негізі талантты жастар мүлде жоқ емес, тек оларды осы салаға тарту жағы кемшін түсіп жатыр. Егер менің қолымда билік болса, ең болмағанда бір маусымда бір жас драматургтің шығармасын сахналар едім. Ал біздің театрлардың басшылары жастардың  шығармаларын оқымайды да, оларды жолатпайды да. Райымбек Сейтметовтің кезінде қаншама талантты режиссерлер, драматургтер  шықты. Қазіргі театрлар жекеменшік сияқты ешкіммен санаспайды, сыннан қашады, спектакльді сараптаудан өткізгілері келмейді. Ал театрдағы көркемдік кеңес басшыларға тәуелді болғандықтан артық ештеңе айта алмайды. Сондықтан драмалық шығармалар редакцияланбаған мақала секілді сахнаға шыға береді. Актерлер спектакльдің мәтінін жаттамай сахнаға шығады.  Шығарма екі қатаң талқыдан өтуі тиіс. Бірінші, драмалық шығарма сахнаға қоюға келе ме, келмей ме? Екінші, сахнаға спектакльдің премьерасы шығарда оны халыққа көрсетуге бола ма, болмай ма? Міне, осындай талаптардан кейін ғана спектакль халыққа ұсынылуы тиіс. Кез келген драматургиялық шығарма ешқашан жүз пайыз дайын болмайды. Тіпті Шекспир, М.Әуезов секілді драматургтердің өзі драматургия тудыру үшін шексіз жұмыс істеген. Біз драматургия жанрынан Орта Азия елдерінің арасында алдамыз. Ендігі уақытта  біз драматургиялық шығарманы жазып қана қоймай, оның сахнаға дұрыс шығуына жұмыс істеуіміз керек.

 

Бағыбек Құндақбаев, профессор, театр сыншысы:

Жоқ
- Бұл өте бір күрделі сауал. Бұған жауап беру үшін пьесалардың біразын оқып шығу керек. Алайда бізде барлық пьесалар ешқайда жарияланбайды. Тек сахнаға шыққандарынан ғана хабардармыз. Театр басшыларының тартпаларында, Мәдениет және ақпарат министрлігінде қандай пьесалар жарыққа шықпай жатқаны бізге белгісіз. Ал сахналанып жүрген пьесалардың дені бүгінгі қоғамның биік талаптарына жауап береді деп айту қиын. Бірлі-жарым драматургтеріміздің шығармалары шетелдерде жоғары бағаланып жатқанын естиміз. Айталық, Дулат Исабековтің пьесалары Ресей театрларының сахнасында, жақында Оңтүстік Кореяда қойылды дегенді құлағымыз шалды. Бұл, әрине, қазақ үшін үлкен мақтаныш. Бірақ бұл драматургияның бүгінгі бағыт-бағдарын айқындай алмайды.

Драматургияда қазіргі қоғамның өткір мәселелері көтерілгенімен, соны шебер шешу жағы жетіспей тұр. Бүгінгі тірліктің диалектикалық үрдісін, қоғамдағы әлеуметтік күрделі мәселелерді ашып беретін пьсалар көрінбей жүр. Қазіргі драматургиялық шығармалар тек мәселенің шет-жағасын ғана көтеріп, жеңіл-желпі, өткінші көрініс береді. Драматургия - өзі қиын жанр ғой. Жаңадан шыққан пьесаларды сараптамадан өткізіп, сыншылар талқыға салғаннан кейін драматург өз шығармасын қайта қарап шықса, біраз кемшіліктер түзелер еді. Алайда осы жұмысты атқаруы тиіс Жазушылар одағының драма секциясы да, театр қайраткерлерінің одағы да жөнді жұмыс істемейді. Біз қазір кімнің не жазып жатқанын білмейміз, шығармаларды ортаға салып, пікір алысу деген жоқ. Бұл - біздің ең үлкен кемшілігіміз. Қазіргі драматургиялық шығармалардың пьеса деген аты бар, идеясы бар, бірақ көкейтесті мәселелерді бүгінгі қоғамның талабына сай психологиялық, философиялық  топшылауға келгенде әлсіз. Қазіргі таңда Жазушылар одағының драматургияға жанашырлығын көре алмай отырмыз. Бір кездері Мәдениет министрлігінде репертуарлық коллегия болған, қазір де бар дейді. Бірақ олардың драматургтермен, сыншылармен, я театрлармен тікелей байланысы жоқ. Ал жекелеген драматургтер театрларға келіп шығармаларын беріп жатады. Олардың шығармаларымен біздер таныспағандықтан, олардың  деңгейін айту қиын. Сондықтан меніңше, біздегі драматургияны ұйымдастыру жағы  жетіспейді. Театр сахналарында қойылып жүрген спектакльдер ә дегенде әжептәуір мәселелерді көтергісі келгендей болады. Шындап келгенде өткінші ғана дүние болып шығады. Өйткені жақсы туындыны сахналауға не драматургтің,  не режиссердің әлі келмей жатады. Себебі олардың арасында шынайы шығармашылық байланыс жоқ. Жақсы шығарманы сахнаға алып шығатын драматургтердің, режиссерлердің басын қосып, олардың шығармаларын талқылап, сыннан өткізіп отыратын бір ұйым қажет. Бүгінде жас драматургтер аз, жастар театрға келіңкіремейді. Ал оларды осы салаға кім тартуы қажет, театр ма, Мәдениет және ақпарат  министрлігі  ме, жоқ әлде Жазушылар одағы ма? Жақында мәдениет және ақпарат министрі үздік драмалық шығармаларға байқау жариялады. Байқау деген жақсы, бірақ жұрттың бәрі байқауға қатыса алмайды, ары кетсе, 20-30 драматург қатысар, олардың үш-төртеуі шығар. Ал қалғандары драматургияға қайта жолағысы келмей қалады. Сондықтан жастар үшін байқаудан гөрі театрлармен, Жазушылар одағымен тікелей байланыс жасаған әлдеқайда тиімді. Жастар өлең, әңгіме жазса, әйтеуір бір жерге жарияланады. Ал жазылған пьесалары сахнаға шықпаса, оны жазудың қажеті шамалы болып қалмай ма? Жазған күннің өзінде тиісті дәрежеде қаламақы төленбейді. Сондықтан жастарда драмалық шығарма жазуға ынта да болмайды.  Қазіргі кезде театр сахналарынан қоғамның талабына жауап беретін пьесаларды көре алмауымыздың басты себебі - драматургияға дұрыс көңіл бөлінбеуінде.

Бейтарап пікір
Әкім Тарази, жазушы, драматург:
- Қазіргі қазақ драматургиясы дегенде ол бір күндік пайдаға аса ма, аспай ма, заманның әжетіне, қажетіне жарай ма, жарамай ма деген сұрақ болмауы керек. Егер драматургиялық шығарма  нағыз туынды болса, бұл мәңгілікке жұмыс істейді. Кезінде кеңес заманында да драматургтерді тұқыртып, «Драматургтер, сендер неге бүгінгі заманды көрсетпейсіңдер, анау сауыншы қыздар бар, қойшы жігіттер бар, соларды неге жазбайсыңдар» деп желкелеп келген болатын. Сол еліктеуге татымайтын жаман әдет әлі күнге бар. «Жаңадан ел болдық, бүгінгі қоғам туралы неге жазбайсыңдар» дегенді жиі естиміз. Үлкен әдебиет, үлкен драматургия, үлкен проза ешқашан асықпайды. Соңғы бір 15 жылда театрға барып, қазақ спектаклін көріп, риза болып қайтқан емеспін. «Қазақ драматургтері театрға келмейді» деп біздерді айыптап жатады. Егер жақсы пьеса болса, драматургтер барар еді. Егер театрдың деңгейі белгілі болса, онда қойылып жүрген шығармалар шала-шатпақ болса және тек театр басшыларының шығармалары қойылып жататын болса, оған Әкім Тарази, Дулат Исабеков, Қалиқан Ысқақ неге баруы керек?  Бармай-ақ бәрі түсінікті емес пе? Қазіргі театр сахнасындағы қойылымдар көңілімнен шықпайды. Астанаға көшіп келгелі бес жылда Роза Мұқанова екеуміз бірнеше рет қойылымдарға барып, ұялып, барғанымызға өкініп, еңсемізді көтере алмай, көзімізбен жер шұқып қайттық.  Біздің театр сахналарында Еуропа театрларының қалдықтары қойылып, қазақ театрында  жаңалық ашқандай
болып жүр.

«Алаш айнасы» газеті, 29.08.2009

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5340