Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3796 0 пікір 1 Қыркүйек, 2009 сағат 04:42

Ақберен ЕЛГЕЗЕК. G8 жиырмаға айналуы мүмкін

Үстіміздегі жылдың 8-10 шілде аралығында Италияның Л’Аквила қаласында алпауыт сегіз мемлекеттің саммиті өтті. Кезекті саммитті сөз етпестен бұрын біз Үлкен сегіздіктің тарихына қысқаша тоқталып өткенді жөн көріп отырмыз.
G8 тобы Францияның ұсынысымен 1975 жылы құрылған болатын. Сол жылы Франция президенті Валери Жискар д,Эстен Рамбуйе шаһарында Солтүстік жартышарының дамыған мемлекеттері – Ұлыбритания, Италия, АҚШ, ГФР және Жапонияның басшыларын жинаған еді. Кездесудің қортындысында экономикасы мығым мемлекеттер жыл сайын осындай саммиттер өткізіп тұруға уағдаласқан-ды.
1976 жылы әлгі бейресми қауымдастыққа Канада, ал, 1997 жылы Ресей қабылданып, халықаралық ұйым Үлкен Сегіздік деп атала бастады.

Үстіміздегі жылдың 8-10 шілде аралығында Италияның Л’Аквила қаласында алпауыт сегіз мемлекеттің саммиті өтті. Кезекті саммитті сөз етпестен бұрын біз Үлкен сегіздіктің тарихына қысқаша тоқталып өткенді жөн көріп отырмыз.
G8 тобы Францияның ұсынысымен 1975 жылы құрылған болатын. Сол жылы Франция президенті Валери Жискар д,Эстен Рамбуйе шаһарында Солтүстік жартышарының дамыған мемлекеттері – Ұлыбритания, Италия, АҚШ, ГФР және Жапонияның басшыларын жинаған еді. Кездесудің қортындысында экономикасы мығым мемлекеттер жыл сайын осындай саммиттер өткізіп тұруға уағдаласқан-ды.
1976 жылы әлгі бейресми қауымдастыққа Канада, ал, 1997 жылы Ресей қабылданып, халықаралық ұйым Үлкен Сегіздік деп атала бастады.
Ең қызығы, әлемнің ең ірі алпауыт мемлекеттері кіретін бұл саммиттің ресми құрылымы да, халықаралық штаб-пәтері, тіпті қарапайым хат-хабар баратын мекен-жайы, арнайы поштасы да жоқ. Осыған қарамастан, әлемнің жаңа тарихын түзу барысында бұл саммиттің атқарып отырған рөлі зор. Бейресми жағдайда жұмыс істеп келе жатқан бұл ірі мемлекеттердің форумы, кезінде масондық ұйымдар аңсаған дүниежүзілік үкіметтке де ұқсап кететін жерлері де баршылық. Себебі, осы саммиттің шешімдері көп жағдайда әлемнің алдағы даму динамикасын анықтап отырады. Бір қарағанда саммитте қабылданған құжаттар адамзат баласына игі өзгерістер алып келетін сияқты көрінеді. Дегенмен бұл «үлкен үйлер» жиыны өткен сайын халықаралық саясатта бірқатар дүмпулер орын алып жататыны тағы бар. Өйткені бұқаралық ақпарат құралдары білуге тиесілі деректерді беріп тастаған соң, «дүниежүзілік үкімет министрлері» жер үсті үрдістеріне байланысты жасырын пікір таластарға көшетін болу керек. Сол құпия кездесулерде Африкадағы кедейшілікпен күрес немесе лаңкестікке төтеп беру сияқты мәселелерден гөрі, осы ұйымға мүше мемлекеттердің жеке мүдделері мен сол мүдделерге қызмет қылатын әлемдегі болашақ өзгерістер әңгімеге арқау болатын секілді.
Бір қызығы масондық символикада G әріпі киелі болып есептелінеді. G әріпінен ағылшынша GOD яғни Жаратушы, Құдай деген сөз басталатынын білеміз. Немесе, геометрия деген сөздің басы. Масондар Құдайды әлемді Геометрия арқылы жаратқан «Абсолюттік архитектор» деп атайды. Сондықтан, әлемдік деңгейде адамзат тағдырына қатысты жобалар көбінесе осы екі ұғым аясында жүзеге асып жатады. Оның үстіне грек тілінен аударғанда «geometria» сөзі – «жер өлшеу» деген мағына береді.
Ресми түрде G8 деген сөзге «Great-8» яғни, «Үлкен сегіздік» немесе «сегіздік тобы» деген анықтама беріледі. Алайда, біздің ойымызша бұл Ұлы архитектордың жердегі өкілі - сегіз елдің саяси клубы болуы да мүмкін. Бұл заманда Үлкен сегіздікке кіретін мемлекеттер әлемнің дамуына зор ықпал жасап отыр деуімізге толық негіз бар.  
Мына бір маңызды жәйтке қараңыз. Мәселен, осы сегіз мемлекетті «киіндіріп», әр түрлі технологиялармен қамтамассыз етіп тұратын, түптеп келгенде дағдарыстан көзі ашылмаған Ресейге қарағанда әлдеқайда қуатты экономикасы бар Қытай бұл саммитке мүше емес.
Бұл нені аңғартады? Бұл европоцентристік ұстанымдарға қайшы идеологиясы бар мемлекеттерді әлемдік саясатты қалыптастыру ісіне жолатпау деген сөз. Бұл ғасырлар бойы Батыс пен еуропалық нәсілдің жадында сақталып қалған Шығыс жақтан үнемі соғып тұратын азиаттық желдің қаупінен туындаған қорғаныс. Бұл әлі де болса, әлемді еуропалық нәсілдің билей тұруын қалаған пиғыл. Әйтпесе, тағы сол Ресейден экономикасы әлдеқайда күшті Үндістан аталған ұйымға  неге мүше емес?
Әйткенменде, Азия құрлығында «Күн Шығыс елі» аталатын Жапония неге сегіздікке кіреді деген заңды сұрақ туындау мүмкін. Оның себебі мынада. Жапония мен Қытайда екі мемлекет арасында Тынықмұхиттық блок құру идеясын жақтайтын саяси күштер бар. Оған екі елдің басшылары да аса үлкен қарсылық көрсетпейді. Себебі, тарихта үнемі соғысып келе жатқан екі ел, уақыт өткен сайын аймақтағы тыныштықты қалайтыны заңдылық. Сондықтан, Қытай жағына шығып кетпеу үшін, Қытайдың социалистік идеясы жұғып кетпеу үшін, Жапонияны Үлкен Сегіздік құрылмай тұрып-ақ Батыс Еуропа өз бауырына тартып отырған. Мысалға Жапония мен Германияның екіншідүниежүзілік соғыс кезіндегі серіктестігін еске түсірейікші. Осының өзі көп нәрсені аңғартпай ма?  
Биылғы саммитке Қытай бір талап қойды. Ол: әлемдік қор валютасын енгізу идеясы. Және оны құру жөніндегі бапты Үлкен сегіздіктің қорытынды хаттамасына кіргізуді талап етті. Бұл талабымен Қытай әлемде шарлап жүрген АҚШ доллары мен еуроның ықпалын әлсіретуді көздеп отырған секілді. Қай заманда да ақша - қарудан бұрын бірінші кезекте тұратын саясаттың тәтті құралы болып келген. Жоғарыда айтқанымыздай, Қытай соңғы жиырма жыл ішінде әлемнің дамыған және дамушы елдерін киім, көлік, ұялы қалтафон, құрылыс материалдары және әртүрлі ақпараттық технологиялармен тұрақты  қамтамассыз етуде. Көптен бері Үлкен сегіздікке қабылданбай келе жатқан Қытай бүгінгі қолы жеткен экономикалық табыстарының  үстіне дүниежүзілік валютаны енгізу арқылы әлем экономикасына ықпал етуге ден қойғанын байқатты.
Ақиқатына жүгінелік, бұл идеяны алғаш Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған болатын. Елбасының ұсынысын ШЫҰ саммитінде Ресей Президенті Дмитрий Медведев те қолдаған еді. Алайда, қор валютасын әлемдегі алпауыт мемлекеттердің талқысына салуды талап еткен Қытай ғана. Үлкен сегіздікке кіретін Ресей бұл ұсыныс жөнінде жұмған ауызын ашқан жоқ. Дегенмен, Қытайдың өкінішіне қарай, Үлкен сегіздікке мүше елдер әлемдік қаржы жүйесін бұзуға құлықсыз екендігін аңғартты. Биылғы саммитте өз ұсынысын аяғына жеткізуге Қытайдың шамасы жетпеді. Саммит басталмай жатып Қытай делегациясы Үрімжідегі ахуалға байланысты отанына ұшып кетті.
Шілде айында өткен биылғы G8 тобының саммитінде неміс басшысы мен француз президенті «бүйректен сирақ шығарып» G8 тобы әлсіреп, әлемдегі саяси-экономикалық мәселелерді шешуге жылдан-жылға дәрменсіздігін көрсетіп келеді деген мәлімедеме жасады. Екі мемлекет басышыларының ұсынысы бойынша Үлкен сегіздікті болашақта G20-ға айналдыру керек екен. Ол топқа Ангела Меркель міндетті түрде Қытай, Үндістан, Оңтүстік Африка Республикасы және Бразилияны кіргізу керектігін баса айтты.
Бұл жоба арқылы Үлкен сегіздік әлемді басқаруға енді өзге дін мен философиядағы, бөтен кеңістікте қалыптасқан дүниетанымдарды да тарту арқылы өз ықпалын одан ары күшейтуге бет бұрып жатыр деп ойлауымыз қажет шығар.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5340