Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2758 0 пікір 1 Қыркүйек, 2009 сағат 05:51

Алғашқы жартыжылдықта Казкоммерцбанктің таза табысы 71,1% азайды

Астана. 28 тамыз. ҚазТАГ – Биылғы жылдың қаңтар-маусым айларындағы Казкоммерцбанктің таза табысы өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 71,1% - 9,9 млрд теңгеге азайды.

Акциямен есептегенде ол 47,9 теңгеден 13,7 теңгеге азайды.

«Табыстың төмендеуі провизияны есептеумен байланысты болды»,- делінген жұма күні таратылған Казоммерцбанктің хабарламасында. Банк алғашқы жартыжылдықтың қорытындысы байланысты, МСФО бойынша біріккен қаржылық есепке негізделген өз қызметінің нәтижелерін жариялады.

«Топ займдар бойынша күтілген шығындарды жабу үшін провизияны есептегенде консервативті саясатты ұстанады. Займдардың құнсыздануына байланысты провизиялар 2008 жылдың соңында 289,3 млрд теңге болса, 2009 жылдың 30 маусымында 437,4 млрд теңгеге дейін өсті. Сайып келгенде, 2009 жылдың бірінші жартыжылдығының соңындағы резервтеу ставкасы займ-бруттоға қарағанда 15,3%  болды. Салыстыра қарасақ, 2008 жылдың соңында бұл көрсеткіш 11,9%  болған»,- деп атап көрсетілген баспасөз-парақшасында.

«Осыған байланысты, нарықтағы сенім әлі қалпына келтірілген жоқ, біз өте күрделі экономикалық ортада жұмыс істеуді жалғастырдық. Қазақстанның банк секторындағы жағдайға несие портфельдері сапасының недәуір нашарлауы мен теңгенің девальвациясы да ықпал етті. Бұл жерде біздің банк жалғыз емес. Дәл осындай қиын кезеңдерде Казкоммерцбанктің өз қызметінде оң нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік алғандығына біз қуаныштымыз»,- деп банк басқармасының төрайымы Нина Жүсіпованың Казком банк жұмысының нәтижелеріне берген осы түсініктемесін банктің баспасөз-қызметі келтіреді.

Ол банктің топ-менеджменті «операциялық рентабельділікті сақтай отырып активтердің сапасы мен ликвидтілікті басқаруға» назар аударғанын атап өтті. «Мұндай стратегия банктің қаржы дағдарысынан өтуінде өте маңызды рөл атқарды және ол жылдың соңына дейін өзгермейді»,- деп атап өтті Н.Жүсіпова.

Баспасөз-прақшасында келтірілген деректер бойынша, Казкомның активтері есепті кезең аралығында, жыл басымен салыстырғанда,  теңгемен есептегенде 7,2%  артып, доллармен есептегенде 13,9% төмендеген. Активтердің құнсыздануына резервтерді қалыптастыруға дейінгі таза пайыздық табыс өткен жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 7,2%  - 106,2 млрд теңгеге артты. 

Клиенттердің шоттарындағы қалдықтар теңгемен есептегенде 18,9%  артып, доллармен есептегенде 4,5% төмендеді. Бірінші деңгейдегі капитал адекваттылығының коэффициенті 13,9% болып, жеке капиталдың адекваттылық коэффициенті 18,1% дейін өсті.

Казкомның қаңтар-маусым айларындағы операциялық шығындары 2008 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 18,3% - 14,3 млрд теңгеге дейін, персонал шығыны 21,1% - 7,1 млрд теңгеге дейін азайды.

Банк бөлімшелер санын 2008 жылдың соңындағы 186-дан 161-ге дейін қысқартып, филиалдық желісін ықшамдады.

Жұмыс істемейтін займдардың үлесі (төлем мерзімі 30 күннен ұзарған корпоративті клиенттер, төлем мерзімі 60 күннен ары асқан бөлшек клиенттер бойынша) 2008 жылдың соңында 8,1% болса, биылғы бірінші жартыжылдықтың соңында 15%  жетті.

Есеп беру деректері бойынша, 30 маусымдағы «провизияның жұмыс істемейтін займдарға» қатысты коэффициенті 102,4% болып, 90 және одан да көп күндерге төленбеген займдарды провизиямен жабу 145,7% асты.

Казкоммерцбанк постсоветтік кеңістіктегі ірі банк болып табылады. Биылғы жылдың 30 маусымында банк активі 2 трлн 802,5 млрд теңге болды.

Казком тобының құрылымында зейнетақы және қаржы активтерін басқаратын, сақтандыру және брокерлік қызмет саласында жұмыс істейтін компаниялар бар. Банктің  Ресейде, Қырғызстан мен Тәжікстанда еншілес банктері бар.

KASE-нің 1 шілдедегі деректері бойынша, «Орталық-Азиялық инвестициялық компания» АҚ  Казкомның 23,72% жай акциясын иеленген, банк директорлар кеңесінің бастығы Нұржан Сұбханбердин - 9,32%, «Самрұқ-Қазына» мемхолдингі - 21,26%, ЕБРР - 9,77% акцияны иеленген.

Казком жұма күні таратылған хабарламасында негізгі акционерлердің қатарында Alnair Capital Holding-ті атайды. Алайда, биржа деректері бойынша ол банк акционері деп көрсетілмеген.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5347