Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4509 0 пікір 9 Маусым, 2013 сағат 21:31

Әсет Бектұр. Құлақ құдіреті

2001 жылы ғалымдар ішкі құлақтан біз білмеген мониторлы нәруыз тауып, ол  бір секунд ішінде асқан жылдамдықпен миға хабар жеткізетін  желі екенін анықтаған. Зерттеушілер сол себептен оны престин(prestin) деп атаған.  Зерттеушілердің айтуынша, ол дыбысты 10 000 есеге дейін ұлғайтып, кез келген жуан дыбысты жіңішкертіп, ал, жіңішке дыбысты жуандата алады екен.

Алуан түрлі құстардың сайрағаны, сәбилердің шат күлкісі мен былдырлаған тілі... Әсем дыбыстарсыз өмірімізді қалай елестетер едік. Иә, біз адам баласы бойымызда қандай күрделі механизмдер жұмыс жасап тұрғаны жайлы көп ойлана бермейміз. Адам - Алланың шеберлігімен мұқият жобалаған таңғажайып жаратылысы,  шексіз құдіреті мен ең күрделі  ғажап өнері.

Құлақ 3 бөлімнен тұрады: сыртқы, ортаңғы, және ішкі құлақ. Сыртқы құлаққа құлақ қалқаны жатады. Құлақ қалқаны ауадағы дыбыс тербелістерін құлақтың ішіне бағыттайды. Бұл қалқанша дыбыс күшейткіш каналмен жалғасып жатады. Оның ұзындығы 2,5 см, ал диаметрі 0,7см. Демек, дыбыс күшейткіш каналдың көлемі біздің саусағымыздан да жіңішке. Мұндай оңтайлы пішін мен тепе-тендіктің сақталуынан Алла-тағаланың құдіретін анық көреміз.  Егер құлақ қуысы мұндай жіңішке болмаған жағдайда, біз құлағымызды бала кезден-ақ зақымдап алар  едік. Бұл Алланың адамға деген шексіз махаббатының айқын көрінісі. Адам баласы тым әлсіз.

Адамның есту жүйесінің күрделігі сондай, әртүрлі диапозондағы  толқындардың арасынан қажетті дыбысты естіп, миллиондаған импульспен ақпараттарды миға жедел жеткізеді. Нақтырақ айтқанда, ақпарат ми қыртысының самай бөлігіндегі есту орталығына жеткізіліп, әп сәтте жүйке талшықтары қандай әрекет жасау керек екеніне  шешім шығарады.

Тағы бір таңғажайып жүйе - құлақ балауызы. Ол шамамен 4 000-ға тарта   түрлі  қалдықтарды сыртқа шығарып отырады. Сонымен бірге, оның құлақты түрлі бактериялар мен кішкентай жәндіктерден қорғап тұратын механизмі бар. Осындай жіңішке  канал өздігінен қалай тазаланып тұрады?  Жаратушы иеміз  біздің қауіпсіздігіміз үшін балауыз арқылы құлақты тазалайтын өте нәзік әрі күрделі жүйе орналастырып қойған.

Адам  жаратылысы ерекше болғаны соншалықты, ғалымдар әлі күнге дейін толық зерттеп бітпеген. Адам денесіндегі сондай күрделі жүйенің бірі -  құлақ иірімі. Ол – сан түрлі дыбыстарды асқан шапшаңдықпен дереу ажырата алады. Салыстырмалы түрде айтқанда, үлкен фортепианоның 240 ішегі мен 88 клавишы болса, ішкі құлақтың ішінде   24 000 ішегі мен 20 000 клавиші бар. Сондықтан,  бір секундтың ішінде  20 000 дыбысты  танып, түсіне алады екенбіз. Аудиотехниктердің айтуынша,  біздің құлағымыз ең жоғарғы технологиямен жасалған компрессор-лимиттің нағыз өзі.

Соңғы жылдары зерттеушілер адам ағзасын қалпына келтіреудің жаңа әдісін қолға ала бастады. Зерттеушілердің айтуынша, бұл жаңалық адам мүшесін қалпына келтіру медицинасында үлкен жетістікке айналмақ. Бостон ғалымдары адам құлағын жасау үшін ең алдымен егеуқұйрықты тәжірибеден өткізген. Енді мамандар сол тәжірибеге сүйене отырып, емделушінің құлағын компьютермен сканерлеп, үлгісін алып, одан әрі зертханада дәл сондай құлақты ақуыздан өсіруді жоспарлай бастады. Алайда, бұл құлақтың сыртқы формасы төңірегіндегі жетістіктер ғана. Ал, оның  ішкі функциясы мен жүйке талшықтары арасындағы өте нәзік байланысты іске асыру әсте мүмкін емес дейді сарапшылар.

Рас, бұл айқын белгі, шексіз құдірет, аса мұқияттылықты керек ететін үйлесімді іс екені анық. Хикмет иесінен басқа ешкімнің қолынан келмес күрделі жаратылысты озық технологиямен жабдықталған қандай өнеркәсіп, жасай алады? Ешқандай. Бұл жайында қасиетті құран: «Алланың сендерге берген нығметін және: “Естідік, бой ұсындық” деп байлаған серттеріңді еске алыңдар!»(Мәида сүресі,7),- дейді.

Егер біз өзіміздің әрбір демімізбен тыныс алуымызды, жүрек соғысымызды үнемі еститін болсақ, құлақтың фокустаушы жүйесі жойылып кетер еді. Мәселен, айналамызда болып жатқан сансыз дыбыстарды бір сәтте еститін болсақ, денсаулығымызға зор зиян болар еді. Сондықтан, миымыз кейбір дыбыстарды автоматты түрде естіртпейді, немесе блогтап қояды. Ол дыбыстарды біз өзіміз ниеттенген кезде  ғана  естиміз. Мидың есту  қызметі өздігінен  қандай дыбыстарды естіп, қандай дыбыстарды естімеу керек екенін автоматты түрде шешеді. «Сендерге есту, көру және ойлау қабілетін берді. Әрине, шүкіршілік етерсіңдер» («Нахл» сүресі, 78).

Міне, құлақ  дос-жаран мен ағайынның арасындағы өсек-аяңды естіп, өзгелерге жаю  үшін емес, жақсылықты естіп, жақсылыққа жақындау үшін берілген. Егер адам баласы бойындағы күллі ғажайып қабілеттердің (сезім мүшелері) нығмет екенін сезінбей дүниелік бәз өмірге күрмеліп, өткінші, қызыққа жұмсаса, өмірде берілген құнды сезім мүшелері  ақыреттегі үлкен сотта үстімізден шағым жасайтын куәгерлерге айналады. Ал, егер берілген нығметке ризашылық білдіріп: «Маған осыншама нығмет беріп, хикметті түрде жаратқан кім екен?»,- деп ғибрәтләніп Алла-тағаланың рұқсат берген нәрселеріне жұмсасақ, ақыретте жақсы амалдарымызды жақтайтын куәгерлерге айналары сөзсіз.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3243
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5395