Сенбі, 26 Қыркүйек 2026
3295 0 пікір 7 Шілде, 2023 сағат 12:44

Германияда терракт жасамақ болған ОА азаматтары ұсталды

Германияның ішкі істер министрлігі лаңкестік әрекетті дайындап жатқан қылмыстық топтың ұсталғаны туралы мәлімдеді. Орталық Азия елдерінің тумалары ұсталды.

Германия мен Нидерландыда Орталық Азия елдерінен келген тоғыз иммигрант терроризмге қатысы бар деген айыппен ұсталды. Тергеушілердің айтуынша, олар Германияда шабуылдар дайындап, «Ислам мемлекеті» лаңкестік тобының қызметіне ақша жинап жүрген. Бұл мәліметтерге сәйкес, күдіктілер Ауғанстанда және көршілес елдерде орналасқан исламшылармен байланыста болған.

Солтүстік Рейн-Вестфалияның ішкі істер министрі Герберт Роулдың айтуынша, 20 мен 46 жас аралығындағы Түрікменстан, Қырғызстан және Тәжікстан азаматтары ұсталды. Тергеушілердің мәліметіне қарағанда, олар қазірдің өзінде кураторлардан шабуыл жасау туралы нұсқау алып, дайындықты бастап кеткен, бірақ нақты мәліметтер әлі пысықталған жоқ. Прокуратура қолда бар деректер топ мүшелері деп болжанған адамдарды ұстауға жеткілікті деп санады.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1506
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3123
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1116
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1041