Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Әне, көрдің бе? 2165 5 пікір 13 Шілде, 2023 сағат 13:52

Алматы орыс князі Александр Невскийді ұлықтап жүр!

Бүгін Алматыда орыс князі Александр Невскийге арналған тастұғыр орнатылды. Ескерткіштің ашылуына Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев пен Ресей президентінің көмекшісі, Қазақстан жайлы даулы пікір айтып, қазақ қоғамының наразылығын тудырған Владимир Мединский келіп қатысқан, деп жазады Mezgil.kz

Аталған ақпарат (Невский ескерткішінің ашылатыны туралы) апта бұрын жарияланды. Қазақстандағы православтардың ресми сайты саналатын «mitropolia.kz» сайты сүйінші сұрап жазды. Онда аталған ескерткіш күллі Ресей православтарының патриархы Кириллдің батасымен, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың рұқсатымен салынғалы жатқаны айтылған.

Бүгінші ашылу салтанатында әкім Досаев президент Тоқаевтың, көмекші Мединский президент Путиннің арнайы құттықтауларын оқып берген.

Ескерткіш Алматыдағы Александр Невский соборының маңында орналасқан. Қазақстандағы православ шіркеуінің 20 жылдығына арналған.

Орыс патшасының ескерткішін Алматыда орнатуға мұрындық болған – Ресей президентінің көмекшісі Владимир Мединский деген адам.

2021 жылдың наурызы. Ресей президентінің көмекшісі, Ресейдің бұрынғы Мәдениет министрі Мединский: «Ұлы Ресейдің кейбір территориялары Украина, Беларусь пен Қазақстанға өтіп кетті», - деп сөйлеген еді. Ресейдің білдей бір лауазымды шендісі, онда да Ресей президентінің көмекшісі дейтін адамның бұлай сөйлеуі жүрдім-бардым қарайтын мәселе емес! Осындай адамның Алматыға келіп, орыс патшасы Александр Невскийге арналған ескерткішті ашуы - қауіпті сигнал!

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2048