Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4670 0 пікір 11 Маусым, 2013 сағат 04:00

Жол қателікті кешірмейді

Жол қателікті кешірмейді. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының есептеуінше, 15 пен 29 жас аралығындағы жастардың өліміне ең бірінші кезекте жол-көлік апаттары себеп екен. Тас жолда жан тапсырушылар саны жағынан біздің еліміз де көштің бас жағында тұр. Соңғы жылдары қос дөңгелекті көліктерден келер қауіп көп. Ешбір рұқсат құжатын қажет етпейтін, ешбір мекемеде тіркелмейтін скутерлер мен мопедтерді мінген талай жас қыршынынан қиылуда. Осы орайда кәмелетке толмаған балаларына «қауіпті ойыншықты» сатып әпергіш ата-аналардың да кінәсі барын айтқанымыз жөн. Көбі балаларына сыйлық жасауды білгенімен, жол ережесін үйретуді ұмытып кететін сияқты.

Бүгінде жол апаты жайлы ақпаратпен ешкімді таңғалдыра алмайтын күнге жеттік. Бұқаралық ақпарат құралдары күн құрғатпай хабар беріп жатады. Дегенмен соңғы кездердегі мәліметтерге көз жүгірт­сек, жолда жаңа бір қауіптің пайда болға­нын көреміз. Ол – күн жылына құмырсқаша қаптап шыға келетін қос дөңгелекті көліктер. Және жыл өткен сайын түрлері де, саны да артып келе жатыр. Алайда ол ешбір органда тіркеуге алынбайтындықтан, ресми түрде жоқ болып есептеледі, яғни санатта бар, санда жоқ.

Дегенмен жол полицейлерінің апаттар жайлы ақпараттарында жиі кездесетін болды. Ішкі істер министрлігінің Жол поли­циясы комитетінің мәліметінше, өткен 2012 жылы қос дөңгелекті көліктердің қа­ты­суымен 175 жол-көлік апаты орын алған екен. 18 адам көз жұмып, 164-і әр­түр­лі дене жарақаттарын алған. Бұл тек рес­ми түрде тіркеуге алынған мәліметтер, елен­бей қалған ұсақ-түйек апаттар қан­шама?

Жыл басынан бері Қызылжарда дәл осы скутерлердің қатысуымен бес бірдей апат тіркелген. Қаланың жұмысшылар кентінде кешкі уақытта скутер мінген 14 жасар бозбала солға бұрыларда қарсы бағытта келе жатқан жеңіл көлікке жол беру қажеттігін ескермеген. Апат кесірінен қос дөңгелекті көліктің артқы орындығында отырған сегіз жасар бала жарақат алып, ауруханаға жеткізілген, ал рульде болған жасөспірім көлігін тастап, қашып кеткен екен. Дегенмен полицейлер оның кім еке­нін анықтап, апат жайлы ата-анасына хабарлады. Бүгінде авто-техникалық сот сараптамасы жүріп жатыр.

Бұл оқиға аңғартқандай, апатқа кінәлі көлік иесі көбіне-көп жазадан құтылып кетеді. Себебі скутер мен мопедтің иесі кім екенін анықтау оңай емес, олар еш жерде тіркелмеген, ешқандай құжаты жоқ. Не­гізінен, қозғалтқышының көлемі 50 тек­ше сантиметрден асатын көліктер тір­кеуге алынуы қажет, алайда шығарушы зауыттар заңды айналып өту үшін бұл ақпаратты арнайы көрсете бермейді. Ал жолдың шетінде сағатына 40-50 шақырымдық жылдамдықпен жүруі тиіс скутерлердің кейбірі автокөліктерді де басып озады. Кейбірі сағатына 100 шақырым жылдам­дық шығара алады екен.

Мұндай көлікті кез келген қаланың базарынан табуға болады. Қызылжар ба­зар­ларында олардың бағалары жүйрікті­гіне байланысты 100 мың мен 200 мың теңгенің аралығында тұрады. Сатушыдан сұрасаңыз, дүкеніндегі скутерлер жайлы түгел айтып береді. Тіпті жол қозғалысы туралы заңды қалай айналып өтіп жатқандарына дейін тәптіштеп баяндайды.

Андрей БОГОМОЛОВ, сатушы:

 – Скутер, ең бірінші кезекте өзінің арзан бағасымен қызықтырады. Екіншіден, оны сатып алған соң тіркеудің қажеті жоқ. Салық төлемейсің, техникалық байқаудан өту міндетті емес. Сақтандыру полисін са­тып алып шығындалмайсың. Менің білуім­ше, елімізде скутер мен мопед жүргізуші­ле­ріне арнайы жүргізуші куәлігін алуды міндеттейтін заң қабылданады дегелі үш-төрт жыл болды. Айтады да қояды.

Шынымен де, Қазақстанда бұл саланы рет­тейтін жүйе жоқ. «Айта-айта Алтайды, Жамал апам қартайды» демекші, шағын лит­раж­ды мотокөлік иелеріне арнайы жүргізуші куәлігін алуды міндеттейді дегелі қай заман? Әлі бір нәтиже шыға қойған жоқ.

Жалпы, қос дөңгелекті көлікті тізгіндеу жасөспірім түгіл, ересек адам үшін де оңай емес. Жол полицейлерінің айтуынша, мо­то­көліктің қауіпсіздігі автокөлікке қараған­да бес есеге дейін төмен екен. Басты кем­шілігі – орнықсыздығы және жүргізушінің қорғалмағандығы. Дегенмен жол-көлік апатына көбіне көлік иелерінің мынадай кемшіліктері себеп болады екен: бірінші­ден, рульді бір қолмен ұстап жүру, мұндай қылық жастардың арасында өте көп, екіншіден, бір кісіге арналған мотокөлікке екі-үштен мінгесіп алу, артық салмақтан көлікті басқару қиындайды, үшінші­ден, скутерге немесе мопедке көлемі үлкен жүк арту, бұл қос дөңгелекті көліктің бір жа­ғына ауып кетуіне әсер етеді.

Көптеген апатқа жол ережесіндегі олқы­лықтар себеп болып отырғаны белгілі. Бірақ барлық кінәні заңға жауып қою да әбестік болар еді. Себебі қауіпті көлікті балаларына сатып әпермес бұрын ата-аналардың да ойланғаны дұрыс. Кәмелеттік жасқа жетпеген, әлі оңы мен солын тани қоймаған жеткіншекке темір тұлпар мінгізіп, жолға шығарып жіберу өлімге өз қолыңмен итеруден еш кем емес. Сондықтан да баланың туған күніне немесе тағы бір себептермен сыйлық жаса­мас бұрын жол ережесін мұқият оқыт­қан артықтық етпес еді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377