Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Бұ не мазақ? 3672 4 пікір 8 Тамыз, 2023 сағат 13:19

Депутат: Қазақ жеріне кімдер иелік етіп отыр?

Кейде  әлеуметтік желілер қоғамдағы түйткілді проблемаларды көтеріп, саяси ұйықдағы қазақ қоғамын түрткілеп оятатыны бар.

Осы жолы қазақ тілді әлемжеліні Ришат Асқарбекұлының 1948 жылы Тәжік КСР Гиссар қаласында әскери отбасында өмірге келіп, қазақ жерінде екі бірдей ЖОО дипломын қалтасына басқан (Политех пен Қазақ Денетәрбиесі инситуттары), әрі біздегі И.С. Конев атындағы Алматы жоғары жалпыәскерлік командалық училищені тамамдап, тағдырын Алаш жұртымен байланыстырған «генерал Павел Новиковтың Алмарасан жақта 1 мың гектарға жуық жері бар дегені рас. Жекешелендіріп алғаны да шын. Бір оқиға есіме түсті. Ол Достық даңғылы бойында Қорғаныс министрлігіне қарасты ЦСКА (Армия Орталық Спорт Клубын) басқарған жылдары срочник солдаттарды апарып, құл жасағанына куә болғанмын. Алмарасан шатқалында атқорада жылқы ұстап, оларды қатардағы жауынгерлерге бақтырып, астындағы қиын тазалатады екен», - деген уәжді пікірі ешкімді бейжай қалдырмайды.

Иә, болашақ генарал өз әскери мансабын 1972 жылы КСРО Қарулы Күштерінің 42-ші спот ротасында жаттықтырушы-нұсқаушы болып бастап, қызмет бабындағы тасы өрге домалап, 1987 жылы Орта Азия әскери округінің армиялық спорт клубын басқарды. Қазақстан төз тәуелсіздігін алған шақта Павел Новиков Қазақстан Қорғаныс Министерлігінің ЦСКА тізгінін қолға алды.

КСРО спорт шебері Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы генерал Павел Новиков 1993-2015 жылдар аралығында Ұлттық олимпияда комитетінің (ҚР ҰОК), вице-президенті болды. Бұл тізімді ол атқарған қызмет түрлерімен және Қазақ Билігі тарапынан алған түрлі марапаларымен соза беруге де болады. Бірақ ол бізге қажет емес.

Ришат Асқарбекұлы «ЮСА-Алматы» телеарнасының тілшісі ретінде ата-аналар шағымымен барып, репортаж жасап, қазақ қоғамын бір шулатқаны осы орайда есімізге түсті.

Автор өз ойын: «Белшеден боқ кешкен 10-15 қазақ баласы ай сайын ауысып мал бағатынын анықтадық. Ертесі каналдың бас директоры Исаак Дворкинге Новиковтың өзі хабарласып, бәріміздің әкемізді танытқан. Байзак Асылбеков куә. Ағамыз орыс редакциясында жұмыс істейтін.

Сол жылдары сол конюшнясынан келе жатқан бір топ солдат ГАЗ-66 автокөлігімен апатқа ұшырап, жауынгер қайтыс болды. Бұл 2003-2004 жылдары қателеспесем. Ол кезде ә/ж дамымаған. Қазір болса шулар еді. Сол күйі іс жабылып қалды. Бакытжан Базарбектің көтеріп отырған мәселесі орынды. Назарбаевпен теннис ойнап, әбден сеніміне кірген, кейін лауазымды қызметтерде болған бұл жемірден жерді қайтарып алу туралы бастаманы қолдаймыз!» деп аяқтайды.

Сонда Тәжікстаннан қаңғып келіп, қазақ жерінде қазақ сарбазын құлданған жанды одан әрі маңдайынан сыйпай береміз бе? деген сауал көкіректі тырнайды!

Әбіл-Серік Әліакбар

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2052