Сенбі, 12 Қазан 2024
Қызықты сандар: 2143 4 пікір 22 Тамыз, 2023 сағат 13:05

Әлем жұртының 7%-ы ғана жоғары білімді

Бос уақытында қызықты болуы мүмкін деп төмендегі материалды аудардым.

Жер бетінде 8 миллиард адам тұрады. Егер әлемдегі 8 миллиард адамды 100% есептесек, ОЛАРДЫҢ:

- 11%-ы Еуропада

- 5%-ы Солтүстік Америкада

- 9%-ы Оңтүстік Америкада

- 15%-ы Африкада

- 60%-ы Азияда

- 49%-ы ауылдарда

- 51%-ы қалаларда тұрады екен.

СОНЫМЕН ҚАТАР:

- Қытай тілінде 12%-ы

- Испан тілінде 5%-дан артық

- 5%-ы ағылшын тілінде (мұнда ағылшын тілін білетіндер мен қолданатындарды қоспаған секілді)

- Араб тілінде 3%-ы

- Хинди тілінде 3%-ы

- Бенгал тілінде 3%-ы

- Португал тілінде 3%-ы

- 2%-ы орыс тілінде

- Жапон тілінде 2%-ы

- 62%-ыөздерінің ана тілінде сөйлейді (мысалы, қазақ тілінде).

- 77%-ының жеке тұрғын үйі бар

- 23%- да баспанасы  жоқ.

- 21%-ы  артық тамақтанады

- 63%-ы қалағанынша жейді

- 15%-ы толық тамақтана алмайды

- 48%-нің бір күндік тіршілігінің кірісі 2 доллардан төмен.

ХАЛЫҚТЫҢ:

- 87%-де таза ауызсуы бар

- 13%-і таза ауыз су көздері жоқ,немесе ластанған су қолданады.

- 75%-ы мобильді құрылғылары бар

- 25%-ының ұялы телефоны жоқ

- 30%-ының интернеті бар

- 70%-да интернетке кіретін мүмкіндігі жоқ.

ЖАЛПЫ АДАМДАРДЫҢ:

- 7%-ы жоғары білімі бар

- 93%-ы колледжге немесе университетте оқымаған

- 83%-ы оқи алады

- 17%-ы сауатсыз.

- 33%-ы христиан дінінде

- 22%-ы мұсылмандар

- 14%-ы хинду дінінде

- 7%-ы буддизмді ұстанады

- 12%-ы басқа діндерді ұстанады

- 12%-ы ешқандай дінді ұстанбайды.

- 26%-ы 14 жастан төмен

- 66%-ы 15 пен 64 жас аралығында өледі

- 8%-ы 65-тен жоғары жастағылар.

Егер жеке пәтерің болса, жеткілікті тамақтанып, таза су ішсең, ұялы телефонды пайдаланып, интернетте саяхаттап және колледжді немесе университетті бітірген болсаң, СЕН жақсы жағдайда тұратын шағын топқа (халықтың 7%-дан азы) жататыныңды түсінесің.

Әлемдегі адамдардың жалпы санының (100%) тек 8% -ы 65 жасқа дейін өмір сүре алатын мүмкіндігі бар.

Егер сен 65 жастан асқан болсаң, көңілің тоқ, өміріңе риза болуың керек. Өмірді бағала, әр сәттіңді бағала. Барлық адамдардың 92%-ы сияқты, осы дүниеден ерте кетіп қалмай 65 жасқа толған болсаң, өмірдің әрбір сәтін бағала!

Осы сандарға қарап, біздің өмір сүретін деңгейіміз туралы ойлануымыз қажет. Біз білім деңгейі және интернетті пайдалану тұрғысынан әлемде біршама ілгері қатарда екенімізді көре аламыз. Оның үстіне, ол үлкен табиғи ресурстарға ие және географиялық тұрғыдан Азия-Еуропаны және екі державаны Ресей-Қытайды байланыстырамыз. Сондай-ақ, «Жаңа Қазақстан» саясатын бағдар тұтып отырмыз. Талаптансақ, елімізді қысқа мерзімде әлі де ілгері дамыту мүмкіндіктеріне ие бола аламыз деп болжауға болады.

Амантай Тойшыбайұлы

Abai.kz

4 пікір