Сенбі, 23 Қараша 2024
Қазақтың тілі 2614 33 пікір 30 Тамыз, 2023 сағат 13:28

Өзге тілмен күн көру – намыссыздық!

«Әрбір халық - өзінің ана тілінде ғана бақытты».

Халық мақалы.

Қазіргі күндері елімізде жүз отыз ұлт өкілдері (этнос) өмір сүруде. Қайталап айтам, бұлар, ұлт емес, ұлт өкілдері ғана.

Ал, біздегі қазақтар мемлекеттің негізін салған және оны құрушы халық болып табылады. Яғни, қазақтан басқасының қай-қайсысы болмасын, тіпті, орыстарға дейін этнос ретінде қаралады. Солай ғой! Мемлекеттің он жеті миллионға жуығы қазақ тілді тұрғындар. Сонда, мемлекеттік тілді, республика көлемінде неге  кеңінен қолданбаймыз?! Әлде, өздерің орыс тілінсіз нандарыңды тауып, жей алмайсыңдар ма?

Осы арада айырықша ескертерім, сонда біз, қазақтың ата-қонысында отырып, этнос болып есептелетін орыстың тілін мемлекеттік іс-шара жүргізетін деңгейге дейін көтердік. Осы дұрыс па?! Орыс тілі, көрші Ресей Федерациясының мемлекеттік тілі. Ол, Біріккен Ұлттар Ұйымының алты тілінің құрамына кірсе де, бізге оның керегі қанша?

Мысал ретінде айтайын, анау Еуропадағы кішкентай португал елінің тілін әлемде: Бразилия, Ангола, Кабо-Верде, Гвинеи-Бисау, Мозамбик, Сан-Томе, Принсипи және Шығыс Тимора елдері мемлекеттік тіл ретінде мойындайды және осы тілде іс жүргізеді. Осы жоғарыда аталған мемлекеттің тұрғындары, саны бойынша төрт жүз елу миллионға дейін жақындайды екен.

Ал, орыс тілін, бар-жоғы жүз қырық миллионнан аса тұрғындар іс жүзінде пайдаланады (біздің зерттеп, есептеуіміз бойынша, Ресейде жүз миллионға жетпейтіндей ғана халық тұрады). Айырмашылықты көрдіңіз бе?! Анау жылдары Біріккен Ұлттар Ұйымында осы португал тілі біраз уақыт сөз болды.

Тағыда айтарым, ұлтымызды өзге тілмен миғұла етпей, өз ана тіліміз болып есептелетін қазақ тілінің абыройын, қасиетті ата-мекенімізде қалайда жоғары көтеру және беделін арттыру, уақыт күттірмейтін  іс – шараның бірі, сонымен қатар, мемлекетіміздегі ең негізгі істің бірегейі деуге болады. Еліміздегі бұл этностың тілін әспеттеу, сондай-ақ, оны тәуелсіздігімізге отыз жылдан асса да, мемлекеттік дәрежеде күнделікті  жетектеп жүру, елдігімізге сын және айналамыздағы ел-жұрттың алдында абыройымызды түсіреді. Тіпті, сонау тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында еріксіз пайдалансақта, қазіргі  күндері оны пайдалану  кезеңі әлде қашан аяқталды. Шындығы осы! Сонымен  қатар, елдегі теледидарлардың қазақ тіліндег і рөлін  күшейтіп, оның уақытын көбейту керек.

Менің, қазіргі қадірменді биліктен сұрайтыным! Анау Үкімет құрамындағы министрліктердің іс жүргізу жұмысын, Ата Заңымызда (Конституция) мемлекеттік тіл деп көрсетілген қазақ тілінде жүргізуіне, соза бермей, нұсқау беруін құптар едім! Мұның кезі байағыда-ақ келген! Еліміздегі этностың тілімен өмір сүру, тұтас қазақ еліне ұят және ыңғайсыз нәрсе! Ресейден сескене берудің түкке қажеті жоқ. Тіпті, кешегі  тәжіктер  құрлы жоқпыз ба?! Анау қасымыздағы  қырғыздар да Мемлекеттік Тіл туралы  заңын қабылдап үлгерді.

Ресейдің қазір қолдары байлаулы. Қасындағы көршісімен жағаласып, қақпанға өздері түсіп қалып отыр. Осыны сәтті пайдалану керек-ақ. Біз, отыз жылдық биліктің, халқымызды осындай дәрежеге дейін құлдыратқанына және қазіргі осы пұшайман деңгейімізге, әсіресе, мемлекеттік тілдің құнсыздануына намыстанамыз да! Сонымен қатар, орыс тілі, елімізді ұлттық қасиетінен айырып, тоздырып барады! Өсіп келе жатқан жеткіншектерімізді бұл тілде оқыту, оларға  құлдық сананың қамытын кигізу деген сөз. Олардан ешқандай отаншылдық (патриотизм) шықпайды. Оны, өмірде көріп жүрміз ғой. Тіпті, олардың бойында  ұлтымыздың  дәстүрі де, мұсылмандық  қасиет те қалмай бара жатыр. Анау, өзбек, тәжік, әзірбайжан, тіпті, өз ішіміздегі ұйғыр жастарын қарасаңдаршы, ұлттық  дәстүрлеріне, тіліне, мұсылмандық сеніміне қандай мықты! Ал, сендер орыс тілі арқылы, ұлтымызды өз атамекенінде-ақ, барлық жақсы қасиеттен айырып, құртып бара жатырсыңдар.

Солтүстіктегі көршімізден үнемі қорқу және жалтақтау (они слабохарактерный народ, не надо их бояться) бізге жараспайды. Сондықтан, билікке айтарым! қалайда, алдағы уақытта осы айтылған пікірімізді мүмкіндігінше елеп-ескерерсіз деген пікірдеміз.

Бейсенғазы Ұлықбек,

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Abai.kz

33 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5343