Сенбі, 27 Шілде 2024
Бүгінгі сатира 1938 2 пікір 17 Қазан, 2023 сағат 14:21

Мұхтар Шерім. Хиджабы құрысын!

Әшейінде ашық-шашық жүретін, сәл бірдеңе айтсам, ыржалақтап күлетін әйелім күндердің күнінде тас бүркеніп алды... Басында қара орамал, ұзын қара көйлек, аяғында мәсі-кебіс. Қысқасы, қарамен тұмшаланып алды. Қолында қара қолғап, көзінде қара әшкі... Осылай киініп, үйге кіріп келе жатқанда, танымай қалып, «Қарындас, атыңыз кім?» – деппін ғой, өзімше қырындап.

– Қыздарда басың қалсын! – деп ұрсықан әйелімнің даусын естіп, есімнен танып қала жаздадым. –Ойбай, саған не болды? Күн ыстықта пысынап? – деймін ғой. – Хиджаб... – деді әйелім. – Хиджаб арабтардың ұлттық киімі дейді. Сен қазақ әйелісің... – деп келе жатыр едім, төбеме кәртөшке қуыратын «скәбөредкамен» бір ұрды. – Хиджап кигендер осылай күйеуін ұрып тұрады ма не? Бұл да қазақ «дәстүрі ме не? – деп сұрадым.

Содан, әйелім бір шешінсе ғой... Шешінбейді ғой. Сол киімімен төсекке құлайды. Сол киімімен көшеге шығады. Бір құрбысына барды да, осылай өзгеріп шыға келді. Қолынан ұстасам: – Ойбай, ұстама! Ұят болады – деп қояды. – Оу, сен менің заңды әйелім емессің бе?

– Ия. Бірақ хиджаб киген соң, әр нәрсенің орны болады.

Мен әйелімді құшақтағым келген. – Құшақтама! Ұят болады – деді. – Оңаша отырмыз ғой. – Хиджаб киген әйелді құшақтауға болмайды. – Кім айтты саған? – Құрбым айтты. – Құрбың құрып кетсінші! Сен хиджаб кигелі түріңді де ұмытып қалдық қой! Теледидар көруге болмайды, домбыра тартуға болмайды, туыстарға қыдыруға болмайды!

Әйелім хиджабын тастамады. Тойға барса да, ойға барса да, жатса да, таң атса да... Бір күні ұйықтап жатқанда, хиджаб киімдерін қайшымен қиқалап тастадым. Қиқалағаны несі, ұзын көйлегінің алдын тігінен тіліп тастадым.  Таңертең тұра бергені сол, көйлегі сусып түсіп қалды! Менен қатты ұялғаны соншалық: – Қарама! Қарама деймін! Ұят болады! – деп жылап жіберді. Шифонерден бұрынғы көйлегін жылап жүріп, киіп алды да, шәй ішіп отырғанымызда  қол шатыр ұстап отырды.–Сәулежан, жынды адам ғана үйінде қол шатыр ұстап отырады. Бұның не?–деп сұраймын ғой.–Хиджап орнына ұстап отырмын.... Қарама...–деп қояды. Мен де еркекпін ғой, өкпелеп үйден шығып кеттім. Зуылдап, құрбысының үйіне барсам, бір шолақ шалбарлы, сақалды вахабисттке тұрмысқа шығып кетіпті! Қазір Сирияда жүр дейді мее? Төөу, хиджабы да, дінін сатып кеткен қатыным да құрысыншы!

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Абай мұрасы

Абай іліміндегі өмір мақсаты не?

Досым Омаров 1453
Ой түрткі

Әлмерек абыздың оралуы - Елге діннің оралуы

Бақтыбай Айнабеков 2340
Көршінің көлеңкесі

Ресей тілдік һәм саяси экспансияны қалай жүргізді?

Бейсенғазы Ұлықбек 2334