Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 2529 12 пікір 20 Желтоқсан, 2023 сағат 11:54

Елбасизм акулаларымен күрес: Сатыбалды қайтарған сома

Сурет әлеуметтік желіден алынды

ANTIKOR Елбасизм акулаларымен нағыз күресті қызу бастап кетті. Осыған дейін Abai.kz ақпараттық портында Қайрат Сатыбалдыға және басқа да адамдарға қатысты жүргізіліп жатқан тергеп-тексеру шеңберінде, елден заңсыз шығарылған активтерді, оның ішінде қылмыстық жолмен алынған ақша қаражатын және өзге де мүлікті қайтару жөнінде шаралардың қалай жүзеге асып жатқанын жазған болатыбыз.

Сонымен Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі биылғы жылдың желтоқсан айында Қайрат Сатыбалдының жалпы сомасы 120 млн АҚШ долларын, яғни 55,4 млрд теңгеден асатын ақшалай қаражатын қайтаруды қамтамасыз еткен.

Қ. Сатыбалдыдан қайтарылған 120 млн АҚШ доллары оның мемлекетке келтірілген залалын өтеу үшін республикалық бюджетке жіберілгені ресми түрде айтылды.

Бір сөзбен айтқанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет соңғы 2 жылда бюджетке және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне 912 млрд теңгеден астам сомаға мүліктік активтер мен ақшалай қаражатты қайтаруды қамтамасыз еткен.

Елбасизм серкелерінен қайтырлыған мүкәмалдарға әкімшілік ғимараттар, эксклюзивті зергерлік бұйымдар, сәнді үйлер, пәтерлер мен автомобильдер, акциялар мен компаниялардағы үлестер, теміржол жолдары мен ақша қаражаттары, соның ішінде шетелден алынған қаражаттар кіретіндігін оқырмандарымыздың есіне салғымыз келеді.

Осылайша зор қарқынмен заңсыз шығарылған активтерді қайтару бойынша тындырымды жұмыс жалғасуда.

Естеріңізге сала кетейік, күні кеше ғана Шығыс Қазақстан облысының соты Қайрат Сатыбалдының мерзімінен бұрын бостандыққа шығуға берген өтінішін қанағаттандырмады.

Соттың мәліметінше, Сатыбалды ережелерді бұзып, тұрақсыз мінез-құлқымен көзге түскен. Сот сол себепті оны ерте босатудың реті жоқ деп шешкен.

Естеріңізге сала кетейік, экс-президенттің інісі Қайрат Сатыбалды былтыр сот үкімімен 6 жылға бас бостандығынан айырылған еді.

Сөз соңында айтпағымыз: Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, @antikorkz_bot Telegram-боты немесе 1424 нөмірі арқылы шұғыл хабарлаңыз.

Abai.kz

12 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435